1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет8/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

«Аллитерация (латын. Ad-litera – дыбыстас) – шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда, дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.
Қызыл іңір. Қызғылт қыр. Атты қойшы,
Қыжым аспан. Қызыл жел. Ашуы қатты қойшы.
Қызыл көйлек, қыз бала Түйелі қойшы
Қызылбауыр бұлттарға, Тұрған қойшы
Қыр басында қызығып, Төбесінен ұрған қойшы,-
Қолын бұлғап қарап тұр. (Ауыз әдебиетінен)
(Ұ.Есдәулетов)
дегендегі екі жол «А» дауыстыларынан басталған да, соңғы үш жолдағы дыбыстар «Т» дауыссыздарынан басталған, осы өлеңдегі ассонанстар мен аллитерациялар өлеңге көркемдік сыр-сипат берумен қатар, өлеңдердің музыкалылығын күшейткен. Балаларға жаттап алуына жеңілдік жасалған. Мұның өзі балаларға арналған халық өкілдерінің көбіне ән сазын, әуен сазын, музыкалық ырғақтарға бейімделіп құрылатынын дәлелдейді.
С. Негимов ассонанс туралы: «Ассонанс (латынша assonoүйлесім) - өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Мұның өзі суреткердің шеберлігіне тығыз байланысты. Орнымен үндескен сөздер әдеби тілдің өрнек-кестесіне әдемі ажар, айшық қосады.
Ассонанс сөздің интонациялық-музыкалық мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады. Мысалы:
Еңсесі биік ақ орда, Ернеуі жұқа сары аяқ,
Еңкейіп сәлем бер сана. Ер сарқытын бер сана.
(«Ер Едіге»)
Антитезашендестіру. 1)Кереғар ұғымдарды бетпе-бет қоятын айшықтаудың (фигураның) бір түрі.екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады. Шендестіру қазақ әдебиетінде фольклордан бастап қазіргі қазақ әдебиетіне дейін қолданылады. Мысалы, «Қара жерге қар жауар, Қарды көр де етім көр» («Ер Тарғын»), «Қар –аппақ, бүркіт –қара, түлкі –қызыл. Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» (Абай). 2) қазіргі әдебиеттанудағы қарама-қарсылықты (контрасты) айқындау, көбінесе ашық, антоним сөздер арқылы да беріледі. Мұнда автор ойы ол қолданған сөздерден тереңде жатуы да мүмкін. «Күлемін де жылаймын, Жылаймын да күлемін» (Қ.Аманжолов), «Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» (Ә.Тәжібаев). Антитезаның бір түрі – антиметабола деп аталады.»/2/
Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде ақын жеке өз басындағы қасірет пен көлдегі қызғыш құстың тағдырын салыстыра отырып мұң-шерін көрсетеді.Мұны әдебиетет егіздеу деп те атайды.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім, Сені көлден айырған
Мен де айрылдым елімнен . Лашын құстың тепкіні
Көл қорыған сен едің, Мені елден айырған
Сен де айрылдың көліңнен. Хан Жәңгірдің екпіні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет