1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»


Көшпенді киіз үй құрылысының ерекшеліктерін сипаттаңыз. Неге қазақтарда киіз үйдің конус тәрізді емес, жарты шар тәрізді түрі таралғанын түсіндіріңіз



бет8/37
Дата14.06.2023
өлшемі242,77 Kb.
#101225
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
36. Көшпенді киіз үй құрылысының ерекшеліктерін сипаттаңыз. Неге қазақтарда киіз үйдің конус тәрізді емес, жарты шар тәрізді түрі таралғанын түсіндіріңіз.
Киіз үй жай ғана өмір сүруді қамтамасыз ететін баспана ғана емес, сондай-ақ ол материалдық мәдениеттің көрінісі, көшпелілік дәуірдегі қазақтардың баспанасы бөлшектеніп тасымдалданатын киіз үй. Бұл көшпелілердің жыл бойы көшіп-қонуға жарамды тамаша өнертабысы. Іші- жазғы аптап ыстықта салқын, қысқы суық ызғырықта жылы.Ол жылдам жиналады, бөлшектенеді және оңай тасымалданады. Жарты шар тәрізді киіз үйдің таралу себебі, Қазақстан климатымен байланысты болды, дөңгелек төбесі- шаңырақ пен шаңырақты ұстап тұратын иілген күмбездік- уықтары ыңғайлы, әрі бері кыстау үшін жасалған. Шаңырақ арқылы жарық сәулесі толықтай киіз үйге түсіп, шам қызметін атқарады.
37. Қазақ халқының ұлт – азаттық күресінің бірінші кезеңін сипаттаңыз. (XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың бірінші жартысы).
Ұлт – азаттық қозғалыс отар елдерге тән құбылыс. Оның негізгі мақсаты – ұлтты езгіден азат ету, отаршылдық билікті жою арқылы дербестікке қол жеткізу. XVIII– XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. XVIII ғасырдың алғашқы ширегінде Жоңғар хандығымен, кейін Цинь империясымен, одан бөлек Орталық Азия хандықтарымен өз тәуелсіздігі үшін әрдайым күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе - бет келді.
Ал қазақ халқының ұлт – азаттық күресінің алғашқы кезеңі - XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында орын алды.
Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс 1783 – 1797 жылдар аралығында патшалық Ресейдің отарлық езгісіне қарсы бағытталды. Көтеріліс Кіші жүз аумағын қамтып, оның қозғаушы күші – қарапайым халық болды. Көтерілістің шығу себебіне келетін болсақ, 1782 жылдың аяғында шыққан патша үкіметінің қазақтарға Жайықтың оң жағалауына ерікті түрде өтуіне және оны жалға алуына тыйым салынған жарлығы мен қазақ билеушілерінің бір бөлігінің құқықтарымен санаспауы негізгі себеп болды. Бұл дегеніміз қазақтардың жерін қазақтардың өздерінің жалға алуына тыйым салынды деген сөз еді. 1784 жылы Игельстром Орынбор губерниясының бастығы болып сайланды. Ол өзінің реформалар жобасын ұсынды. Оның мәні хандық билікті жойып, Орынборда шекаралық сот билігін орнату еді. Оның идеясын II Екатерина қолдағанымен, Кіші Жүздегі сұлтандар мен старшындар оған наразы болды. 1791 жылы Кіші Жүзде Ералы хан болып сайланды. 1792 жылы Сырым Датұлы 1000 сарбазымен Елек қорғанысына шабуыл жасайды. Ералы қайтыс болғаннан кейін оның орнына 1795 жылы Есім хан болып сайланды. 1797 жылы Сырым Датұлы бастаған жасақ хан ордасына шабуыл жасап, Есімді өлтіреді. Бұған жауап ретінде патша үкіметі жазалаушы отряд жібереді, десе де олар көтерілісшілерді баса алмайды. 1797 жылы патша үкіметінің ұсынуымен Кіші Жүзде хандыққа Айшуақ келеді. Сол жылы Қаратай сұлтан Сырым Датұлын қудалап, ол Хиуа хандығына көшуге мәжбүр болады. Дегенмен, көтеріліс қандай да бір нәтижеге қол жеткізді, яғни, патша үкіметі қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өтуіне, малын жаюға рұқсат берді.

1822 – 1825 жылдары аралығында Елек өзені бойында Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс орын алды. Көтерілістің шығуының негізгі себебі – жаңа округтердің ұйымдастрылуы мен Жаңа Елек бойындағы әскери шептердің тұрғызылуы болды. Ресей империясы әкімшілігінің мұндай отарлау саясатына қарсылық білдіріп, Жоламан бастаған бір топ табын руының адамдары 1823 жылы 3 қыркүйекте Орынбор генерал-губернаторы Эссенге хат жолдайды.


Қазақтардың жер мәселесін қарайтын комиссия төрағасы Шерғазы хан олардың бұл талаптарын заңсыз деп танып, наразылық қимылдарына қарсы әскер күші қолданылатынын ескертеді. Мұндай өктем жауап Жоламан батыр бастаған әскердің қарулы көтеріліске шығуына түрткі болды. Алайда бұл көтеріліс айтарлықтай нәтижеге қол жеткізбейді.
Артынша 1825 – 1836 жылдар арасында Қарқаралы округі қазақтарының сұлтаны Саржан Қасымұлы отарлық езгіге қарсы көтерілісті бастайды. Көтерілістің шығуына Солт. Қазақстандағы суы мен жайылымы мол Есіл өз-нің бойындағы жерлердің орыс-казак шаруаларына берілуі және алым-салықтың өсуі де қатты әсер етті. Дегенмен, бұл көтеріліс жеңіліс тауып, 1836 жылы жазда Қоқан хандығының бұйрығымен Ташкент билеушілері Саржанды, оның бауырлары Ержан мен Есенгелдіні зұлымдықмен өлтіреді.
Кезекті ұлт – азаттық көтеріліс 1836 – 1838 жылдары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының бастауымен орын алады. Негізгі аумағы Бөкей Ордасы, қозғаушы күші – қазақ шаруалары. 1836 жылдың ақпан айында көтерілісшілердің Жәңгір ханға қарсы белсенді күресі басталады. 1836 ж. наурызда хан Қарауылқожаға қол жинап Исатай мен Махамбетті және оларды қолдаған көтерілісшілердің белсенді мүшелерін тұтқындауға бұйрық береді. Алайда, Қарауылқожа көтерілісшілерге қарсы тұра алмайды. 1837 жылдың қазан айында Исатай Тайманұлы 2 мың көтерілісшімен хан ордасын қоршауға алады. Алдымен ханға өз талаптарын айтып хат жазып, оның орындалуын күтеді. Жәңгір хан болса Исатаймен келіссөз жүргізу арқылы уақыт ұтады да, Орынбор генерал-губернаторлығына жасырын хат жазып, көмек сұрайды. Бұл жағдайды білген Исатай да Орынборға хат жолдап, жауап күтеді. Сол айда Орынбор генерал – губернаторы Перовский И.Тайманұлымен келіссөздер жүргізуге тырысады, бірақ одан еш нәтиже болмайды. 1837 жылы 15 қарашада жазалаушы отряд пен көтерілісшілер арасында Тастөбе түбінде шайқас болады. Өкініштісі, И.Тайманұлы бастаған көтерілісшілер тобы жеңіліп, өз руларына тарап кетеді. Жазалаушы отряд енді Исатай батырдың өзін ұстауға тырысады. Исатайды ұстап бергенге патша үкіметінің белгілеген сый мөлшері – 1000 сом болды. 1837 жылы 13 желтоқсанда көтерілісшілер Жайық өзенінен өтеді. Көтеріліс барысында Исатай Қайыпқали Есімұлымен күш біріктіреді. 1838 жылы шілдеде көтерілісшілер мен жазалаушы отряд арасында Ақбұлақ жағасында шешуші шайқас орын алады. Сол шайқаста Исатай Тайманұлы қаза тауып, Махамбет Өтемісұлы Хиуа хандығына өтіп кетеді. Кейіннен 1846 жылы Махамбет қайтыс болады. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс болып табылады.
Қазақтардың ХVІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық күрес үш жүздік сипат алды. Негізгі мақсаты – қазақ жерінің дербестігін сақтау, Ресейдің бекіністер салуын тоқтату, Қоқандықтар тепкісіндегі қазақтарды азат етіп, округтерді жою болды. 1837 жылы Кенесары бастаған көтерілісшілер Петропавлдан Ташкентке бет алған сауда керуеніне шабуыл жасайды. 1838 жылдың мамырында Ақмола бекінісі үшін кескілескен күрес болды. Оны аға сұлтан полковник Құдаймендүұлы мен старшина Карбышев басқаратын жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын. Кенесарының әскері бекіністі өртеп, жаудың біраз әскерлерін тұтқындап, қару-жарақтарын олжалады. Көтеріліске қатысқан батырлардың қатарында Ағыбай, Иман, Жоламан, Бұхарбай батырлар болса, ал көтерілісті қолдаған Ұлы Жүз батырлары қатарынан Сұраншы, Тойшыбек, Байсейіт батырлар табылды. 1841 жылдың қыркүйек айында қазақтың үш жүзінің атынан жиналған ықпалды билер мен сұлтандар Кенесары Қасымұлын ата салт бойынша ақ киізге салып көтеріп, хан етіп сайлады. Осылайша, Қазақ хандығы қайта құрылып, қазақ мемлекеттілігі қайтадан қалпына келтірілді. Ресей империясының билігі орныққан Ертіс, Есіл, Орал шептерінің бойындағы аудандардан басқа Қазақстанның барлық жерлеріне Кенесары ханның билігі жүрді. Билер соты жойылып, хандық сот енгізіледі. Кенесары Орынбор губернаторымен уақытша келісімге келген кейін, 1841-1842 жылдары Қоқан хандығының қол астындағы қазақ жерлерін азат ету үшін күрес жүргізіліп, нәтижесінде Созақ, Сауран, Ақмешіт, Жаңақорған қалалары қоқандықтардан азат етіледі. 1843 жылдың көктемінде I Николай қазақ даласына үш отрядты бірдей жіберуді ұйғарды. Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан старшина Лебедевтің және қазақ сұлтандары А. Жантөрин мен Б. Айшуақовтың басшылығымен әскери жасақ жасақталды. 1844 жылы шілденің 20-сынан 21-не қараған түні Кенесары ірі жеңіске жетеді. Бұл ұрыста 44 сұлтан мерт болады. 1845 жылы К. Қасымұлы Сарыарқадан Ұлы Жүзге бет алады. 1847 жылы Кекілік – Сеңгір деген қырғыз жерінде соңғы шайқас өтіп, сол жылы Кенесары қырғыз манаптарының қолынан қаза табады. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңілуінің негізгі себептері мыналар: қазақ халқының бір тудың астына біріге алмауы, кейбір ру басыларының өз бетінше билік жүргізуге ұмтылуы және де кейбір қазақ билеуші топ өкілдерінің патшалық Ресейді жақтауы, Кенесарының Ресей, Қоқан, Бұхар хандықтарымен күресте күштің тең болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет