1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»


«Ақтабан шұбырынды жылдары», «Зарзаман» терминдеріне анықтама беріңіз



бет6/37
Дата18.06.2022
өлшемі242,77 Kb.
#37019
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
11 сынып билет жауаптары Асанбекова Г С

29. «Ақтабан шұбырынды жылдары», «Зарзаман» терминдеріне анықтама беріңіз.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 1725). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті.
«Зар заман»-ХІХ ғасырда Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталып, патша үкіметі бұрынғы ел басқару тәртібін жойып, 1867-1868 жж. қазақтарды қару жөніндегі ереже бойынша жаңа тәртіп орнатқан кезде туған ағым.
30. «Археологиялық мәдениет», «тарихи-мәдени ескерткіш» терминдеріне анықтама беріңіз.
Археологиялық мәдениет- бір аумаққа және дәуірге жататын және ортақ белгілері бар материалдық ескерткіштер кешені
Тарихи-мәдени ескерткіш-тарихи және саяси оқиғалармен, ауызша тарихи іліммен, халықтық мәдениетпен байланысты ескерткіш.
31. Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін сипаттаңыз.
Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі: Қазақ халқы Ресей империясы құлағаннан кейін алғаш рет 1920 жылы 26 тамызда Автономиялық Қырғыз КСР деген атпен жаңадан құрылған Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының құрамына енді. Орынбор жаңадан құрылған Автономиялық республиканың астанасы болды. 1924-25 жылдары Орталық Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу жүргізіліп, 1925 жылы маусымда РКФСР бағынуында қазақ халқы бар барлық аумақтар біртұтас автономиялық Қазақ АКСР-іне біріктірілді. 1929 жылы астана Қызылордадан Алматыға көшірілді. Қазақ АКСР-і 1936 жылы ақпанда Қазақ АКСР-і болып аталып, сол жылы (жылдың аяғында) РКФСР құрамынан шығып, Қазақ КСР деген атпен одақтық республика мәртебесін алды. Республика 1991 жылдың желтоқсанына дейін, Қазақстан Республикасы тәуелсіз біртұтас қазақ мемлекеті болып жарияланғанға дейін Кеңестік республика ретінде КСРО құрамында болды.
32. XIX-ХХ ғасырдың басында Қазақстан аумағында жұмыс істеген білім беретін оқу орындарының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
XIX-XX ғасырдың басында Қазақстанда халыққа білім беру ісі діни және зайырлы бағытта жүргізілді. Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Бірақ XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер қоғамның өскелең талаптарын қанағаттандырмағандықтан мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жәдидшілдер еді. Медреседе жұмысқа тек 40 асқан адамдарды алатын.
XX ғасырдың бас кезінен жаңа әдісті мектептер қалыптаса бастады. Алайда олар елге кең көлемде тарай алмады(1917 жылы-100 мектеп). Патша үкіметі оларды панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп саналып, олардың ашылуына қарсылық көрсетті. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдісті мектептерде білім алып шыққандар болатын.
1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейіннен Сібір және Неплюев кадет корпустарына айналды. Омбы кадет корпусын Ш.Уәлиханов тамамдады. Бұл оқу орындарында қазақ балаларын қабылдауға шек қойылды. Казак станицаларында, бекініс-қамалдарда діни ішркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер ашылды. Мектепте шала сауатты дъяктар сабақ берді. Зайырлы мектептер өте аз болды. 1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. 1861 жылы Троицкіде орыс-қазақ мектептері ашылды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында тұңғыш рет қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі ашылды.1885 жылы уездерде ауылшаруашылық мектептері ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін көшпелі аулы мектептері ашылды. Дала өлкесінде 1901 жылдан бастап ауыл мектептері көбейе бастады. Омбы қаласы-далалық өлкенің ірі орталығы болды. 1789 жылы Омбыда Азия мектебі ашылды. 1872 жылы Омбыда мұғалімдер семинариясы құрылды. 1882 жылы Омбыда техникалық училище ашылды. Ресей империясының жоғары оқу орындарында қазақ студенттері оқыды. Олардың саны 100-ге жуық болды. 1920-1930 жж Қазақстанда сауатсыздықпен күресетін оқу орындары ұйымдастырылды. 1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. 1930 жылы жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді. 1920-1921 жж 2410 мектептер болды. Жазу 1929 жылы латын, 1940 жылы кириллицаға ауысты.Оқулықтар жазыла бастады. 1928 жылы Қазақ педагогикалық институты ашылды. Алматы мал-дәрігерлік институты 1929 жылы ашылды. 1930 жылы ауыл шаруашылығы институты ашылды. 1931 жылы Алматы медицина институты құрылды. 1934 жылы ҚазМУ ашылды. ҰОС қарсаңында 20 ЖОО орны, 118 арнаулы кәсіптік оқу орны болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет