1лекция: Дене шынықтыру және спорт педагогикасының теориялық әдістемелік негіздері


лекция: Дене шынықтыру және спорт психологиясының ғылым ретіндегі анықтамасы



бет16/26
Дата14.04.2023
өлшемі294 Kb.
#82653
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
лекция сабақ

8 лекция: Дене шынықтыру және спорт психологиясының ғылым ретіндегі анықтамасы.

Дене шынықтыру және спорт психологиясының қазіргі кездегі адам туралы ғылымдар жүйесіндегі рөлі мен орны.


Спорт психологиясының пайда болуы мен негізгі даму кезеңдері.
Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша қалыптасып келе жатқан болашақ кәсіби маманның және оның тұлғасының үйлесімді дамуында спорттық-психологиялық білімнің алатын орны.

Адамды тәрбиелеу процесі аса күрделі. Тәрбиелеудің мазмұны айқын және анық белгіленгеннің және оны жүзеге асырудың жүйесі мен реті ойластырылғанның өзінде де егер мұғалім оқушыларға тиісті тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі әдістерін меңгермесе бұл жүйені жүзеге асыра алмайды. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған түрлі анықтама берілген. Авторлардың бір тобы (В.А. Сластенин, И.С. Макоренко, Т.Е. Коникова) мектептерде тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс-әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Т.Е.Коникованың анықтамасы бойынша - бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. В.А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиелеуші мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері десе.


А.С. Макаренконың анықтамасы бойынша тәрбие әдісі - бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау деп тұжырымдайды. Сонымен қатар И.С.Макаренко тәрбие әдісін психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды. Қазіргі психологтар адамның жеке қасиеттерін зерттеу нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен: адамның сезімімен, санасынан, сенімінен, мінез-құлық, әдет-дағдыларынан құралатынын көрсетеді.
Тәрбие әдісі-тәрбиешілер мен тәрбиенушілердің өзара байланыс іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сай келеді. Ынтымақтастық педагогика талабына мұғалім мен баланың бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуанышқа бөлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет