Әдебиеттер
1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев «Педагогика» Астана, 1998
2. Т.А.Ильина «Педагогика» Алматы, 1997
3. В.А. Сухомлинский «Мектептің жас мұғалімімен сырласу» Алматы, 1987
4. К.Б.Сейталиев «Тәрбие теориясы» Алматы, 1989
5. Ә.Жұмаханов, Б.Айтмамбетова, К.Бозжанова «Семьяда балаларды
адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері» Алматы, 1985
6. И.П.Подласый «Педагогика» М., 2000
9лекция: Дене шынықтыру психологиясы. Қозғалыс әрекетін оқытудың псхологиялық негіздері
Дене тәрбиесі барысында психикалық үрдістерді дамыту
Дене тәрбиесінде тұлғаны қалыптастырудың психологиялық негізі
Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтас обьектілері жасалмайынша субьектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың біртұтастық обьектілері бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған обьектілері, субьектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субьекті-тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады. Педагогикалық іс-әрекетте субьектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары-ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім “сананың біртұтастық обьектісі” болып есептелуі керек (Н.И. Непомнящая), мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Қажетті тәжірибені әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол “оқу-методикалық” құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек обьектісі толық айқын болмаса, еңбек субьектісінің зейіні теріс түсініп обьектіге аударылса, бұндай жағдайда еңбек субьектісінің әрекеті обьективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің обьектісіне сәйкес болмайды.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикалық (оқыту тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс-әрекеттінің субьектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс-әрекеттің обьектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек.
Мұғалім іс-әректінің обьектісін оқып үйрену біртұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына-мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Щацкий, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, М.А. Данилов, Б.Т. Лихачев, Ю.К.Бабанский, В.М. Коротов және т.б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарларына педагогикалық процестің әртүрлі жақтары білікті эмпирикалық жолмен жинақталған білімдер жайлы болады.
Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі (А.Ф. Каптерев, М.А.Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К. Бабанский) оқушылардың өзара әректінің ерекшеліктер қалай анықталады (С.Т.Щацкий, Н.К.Крупская, В.А. Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытта тән бола ма (А.С. Макаренко); біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т. Лихачев) және қызмет істеулерін басқару (В.С. Ильин, И.П Радченко)және т.б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр-ол біртұтас педагогикалық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақтарға эмпирикалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауп.
Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн-ересектер (ұстаздар, ата-аналар) распредмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған (опредмеченных) іс-әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрект күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуы (опредмеченных) жүзеге асды. Тұлғаның іс-әрекет субьектісіне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.
Белгілі бір уақытқа дейін оқушы өз бетімен әлеуметтік тәжірибиені іс-әрекетке ауыстыра (распредмечивание) алмайды, яғни мазмұнан іс-әрекет тәсілдерін ала алмайды (“бұны қалай істеуге болады”). Сондықтан ол басқа “ұстаз-оқушы” жүйесінің бөлігі болады. Оқушы өз бетімен өзін-өзі бағалауды қалыптастыра алмайды. ¤зін бағалау басында оның әрекет нәтижесін басқалардың бағалауы керек. Сондықтан, оған басқа адамдармен қарым-қатынаста болу қажет. Осыдан барып басқа “оқушы-оқушылар” жүйесі пайда болады. Олбұл алғашқы коллектив сатысы, онда оқушы білімдерді және жаңа әлеуметтік ролдерді меңгеріп дайындалады, бұл алға қойған өміріне белсене қатысуын қамтамасыз етеді.(И.Кон).
Барлық мәдени байлықтарды және іс-әрекеттер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бір жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім “сынып ұстаздары” элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы колективі мен өзара әрекеттері барысында жоғары деңгейдегі жүйе “сынып ұстаздары”, “сынып оқушылары” пайда болады.
Қоғамдық өмірге оқушылардың қатысуы тәжірибесін қалыптастыру, педагогикалық процестің оқудан тыс кеңістігінде көптеген іс-әрекеттер түрлерін меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерін және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етеді. Сондықтан да мектеп үшін макро жүйе “мектеп ұстаздары-метеп оқушылар колективі” қалыптасады. Қоғам бұл жүйеге қатысты жүйе ретінде болады, сонымен, “мектеп-оқушылар” жүйесінің өмір сүруі қызметі (жағдайының өзгеруі) мектептің педагогикалық процессі болады.
Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші. Педагогикалық процесс статикалық емес, ол “ұстаздар-оқушылар” жүйе жағдайының үздіксіз өзгеруі болады. Ал жағдай жақсы жаққа да, жаман жаққа да өзгеруі мүмкін. Оның барлық ұстаздың белгілі бағытта қажетті жағдай жасай алуына дайындығына байланысты. Бірақ бұл деген процестің дамуына әсер ықпал ету даму барысындағы процескетән оның сол қарама-қайшылықтардың мәнін оның қозғаушы күштері болатын түсінбейтінше ол мүмкін емес дегенді білдіреді.
Көрсетілген коллективтің даму қайшылықтары көптеген жылдар бойы бақылаудың негізінде қалыптасқан. Қайшылықтардың алғашқы екі топ қайшылықтарын шешу мұғалімдердің оқушылармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында мүмкін болады. Бірақ бұнда да мұғалім пайда болған қиындықтарға назар аудармай болмайтын көреді. Бұл қиындықтар оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырудың мәні:
-педагогикалық басшылықтың міндеттілігі мен оқушылардың бастамасы мен қайраткерлігі арасындағы:
-мектептегі іс-әрекеттің коллективтік сипаттылығы мен әрбір оқушының адамға тән барлық өзіндік қасиеті бар тұлға ретіндегі даму қажеттілігі арасындағы;
-коллективтің қоғамдық мәні мақсатына байланысы жүйесін ұйымдастыру қажеттілігі мен бір жастағы балалардың әлеуметтік тәжірибесінің шектелгендігі арасындағы;
-оқушыларды атадан қалған, адамға тән іс-әрекет түрлерінің (қатынас, ойын, еңбек, таным, өнер, табиғатты қорғау) іс-әрекеті дайындау қажеттілігі мен оқушылардың осы іс-әрекеттер түрлерін меңгеруінің келешегі арасындағы;
-әрбір оқушының өзін-өзі билеушілігін қалыптастыру қажеттілігі мен жеке жауаптылықтың жеткіліксіздігі арасындағы;
-оқушылардың қоғамдық өмірдегі қатынасу ықыласы мен өмірде өзін жүзеге асыру тәсілдерінің жеткіліксізділігі арасындағы.
Осы анықтамалардың көмегімен педагогикалық процестің негізгі қайшылығын шешуді қарастырайық. Кіші микро жүйеден бастайтын, яғни қатысушылар құрамы деңгейі ең аз жүйе. Оқушы өзінің тұлға ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ол бұл оның өз іс-әрекетінсіз мүмкін емес. Бірақ, ол іс-әрекет тәсілдерін өз бетінше меңгере алмайды тек қана басқалардың көмегі арқылы ол іс-әрекеттің субьектісі бола алады. Яғни, қайшылық “адам” жүйесінде пайда болады, ол оның жетілуі жаңа “адам-адам” жүйесінің, оған бірінші жүйе қосымша жүйе ретінде кіреді, пайда болуы арқылы шешіледі.
Сонымен, мұғалім мақсатты педагогикалық процестің дамуына ықпал еткісі келсе “ұстаздар-оқушылар” жүйесіне тән бірнеше қайшылықтар тобының болатындығын қайшылықтар топтары өзара байланысты болатындығын, ал оларды шешу педагогикалық процесс субьектілерінің іс-әрекеттерінің қайта құру арқылы болатындығын ескеруі керек. Сонымен бірге,мұғалім өзінің әрбір нақтылы практикалық іс-әрекеттерінің қас қағым уақытында оқушы тұлғасының нақтылы даму қайшылықтарына бір ғана емес бірнеше оқу, көркем өнер, спорт және т.б. коллективтің жүйесі болатын (А.Т. Куракин), онда жетекші іс-әрекет әртүрлі қайшылықтарды шиеленістіре түсуі мүмкін. Нақтылы педагогикалық процестегі қайшылықтар оның сыртқы бетінде жатпайды. Мұғалім процесс барысында ауытқудан пайда болып келе жатқан қайшылықтарды білуді, олардың ерекшеліктерін анықтау үшін және осыған байланысты өз әрекетінің ұзақ мерзімдік жоспарын ал қажет болса тез шешім қабылдау үшін керекті оған сай теориялық және әдістемелік дайындық керек.
Қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі педагогикалық процестің табиғатына сай дұрыс қызмет істеуіне әкеледі. Мұғалімнің алатын негізгі нәтижесі оқушылардың оқу және оқудан тыс кеңістікте белсенді түрде іс-әрекет тәсілдерін меңгере түсуімен байланысты, бұнсыз олардың әрекетінің дамуы мүмкін емес .
Достарыңызбен бөлісу: |