1лекция: Дене шынықтыру және спорт педагогикасының теориялық әдістемелік негіздері


лекция: Дене шынықтыру мен спорттағы оқыту процесінің жалпы сипаттамасы



бет13/26
Дата14.04.2023
өлшемі294 Kb.
#82653
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
лекция сабақ

6 лекция: Дене шынықтыру мен спорттағы оқыту процесінің жалпы сипаттамасы.
Оқыту процесінің мәні мен ерекшеліктері
Оқыту процесінің мәні мен құрылымы.Оқытудың инновациялық және оқу теориясы.

Қай кезде де тәрбие мақсатын жүзеге асыратын орта және жоғары мектеп болып табылады. Олардажастардың басым көпшілігі оқып омірге жолдама алады.


«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» - «Жалпы білім беретін мектепмің мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау»6 - деп атап көрсетеді
Сонымен, оқу орындарының мақсаты - жастарды жан-жақты, жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары адамгершілік позицияларын қалыптастыру, өмірге, еңбекке әзірлеу. Бұл мақсаттар мынадай комплекстік міндеттерді талап етеді; дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты пайдалана білу - секілді әлеуметтік функцияларды дұрыс қабылдап пайдалана білуге әзірлеу, кәсіп таңдау, өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, жастардың өзін-өзі тәрбиелеуіне өз бетімен білім алуына мүмкіндік жасау.
Тәрбиенің нақты мақсаты - өз мүддесі мен қоғам мүддесін ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жастарды тәрбиелеу.
- оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатын ұлттық рухты сініру, тіл мен әдебиетті, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрлерін менгер;
- оқушыларды интернационалистік рухта, өзге халықтардың мәдениетін, дәстүрі мен тілін құрметтеуге баулу;
- әрбір оқушының бойына оқып үйренсем деген іздемпаздылық қасиет дарыту, оларға өз білімін толықтыру, тереңдету тәсілдерін үйрету, білуге құштарлығын ояту.
- адам, табиғат, қоғам туралы ең қажетті білімдерін қаруландыру, политикалық білім берудің қолданбалы бағытын күшейту.
- оқушыларды өздерінің әлеуметтік сұрныстарына сай етіп оқыту, саралап, даралап оқытуды кеңінен пайдалану, қаруларына қарай алғашқы кәсіптік және бастапқы арнаулы даярлықтан өткізу.
-бүгінгі күннің талаптарына сай нарықтық экономикалық элементтерін меңгерту, таланты мен қабілетін жетілдіру, ой-санасы мен еркін ұштап, өз мүмкіндігін барынша аша түсуге жәрдемдесу.
-жаңа экономикалық қатынастар, әлеуметтік сұраныс жас ұрпақты өмірге еркін араластыру үшін, оларға ұлттық, бүкіл адамзаттық рухани байлығымен таныстыру.
- ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлері жанартуға ұйытқы болатындай етіп тәрбиелеу;
- өмірде кездесетін өзгерістерге лайықты іс-әрекет жасауға дайындау,
- бұқаралық ақпарат мәліметтерін, шығармшылық одақтардың, көркем өнер ұжымдарының жұмыс нәтижелерін тәрбие жұмысына тиімді пайдалану;
-ата-аналармен байланысты жаңа сатыға көтеру, ол үшін педгогикалық озық дәстүрлерді тәрбие мақсаттарына орынды пайдалана білу.
Тәрбие жеке басты мақсатқа сәйкес қалыптастыру процесі. Мақсат дегеніміз - бірдемеге ұмтылу, бір нәрсені іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсты деп алдын-ала ойластырған жастарды өмірге әзірлеу, барысында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесінде олардың жеке басының дамуын қамтамасыз ету.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі әр бір қоғамдағы мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді және сол арқылы анықталады. Алғашқы қауымдық қоғамдық құрылыста балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретуге тырысты. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар өндіріс құралдары құл иеленушінің жеке меншігі болды. Тәрбие таптық сипатта болды. Тәрбиенің мақсты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылды, байлығы молайту, басқаны құл ету үшін, соғыс өнеріне жайлап алу соғыстарын жүргізуге тәрбиеледі.
Тәрбие қоғамының пайда болуымен бірге пайда болды. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең басты мақсатына айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдеттері қарастырылды. Тәрбие қоғамдық құбылыс онсыз қоғам өмірі ілгері дамуы мүмкін емес онсыз ілгері дамымайды. Таптық қоғамда рекциялық және прогрестік күштер арасында таптық тартыс орын алады.
Бүгінгі жағдайда халыққа білім беру өзгерістерге ұшырады білім берудің бағдарламалары өзгеріс енгізілуде, кәсіптік даярлық жүйесі үсдіксіз жетілдіруге түсуде. Ол қазіргі нарықтық экономикаға байланысты ғылыми техникалық революцияның талаптарына енбек ететін өзіне де өзгеге де пайдасы тиетін дам болып қалыптасуы тәрбиедегі қоғамның басты талаптарының біріне айналды. Бүгінгі Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты Қазқстанның егемендігін қамтамасыз ету, оны бүкіл дүние жүзі мойындап онымен тең қарым-қатынас жасау, Қазақстандық патриотизмді, өз Отанын сүйе білуді үйрету, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтық іргетас қалаудың нәтижесінде, экономикалық бостандыққа қол жеткізу, осылардың бәрін іс жүзіне асыратын жан-жақты дамыған, білімді, қолынан іс келетін адамдарды тәрбиелеу болып табылады.
Тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын да түсініп білу қажет. Осыған байланысты, тәрбиеге қойылатын негізгі мақстаттар:
А) жастардың дүниеге ғылыми көзқарастарын дұрыс қалыптастыру.
Б) жеке дамның және дене қабілеттерін жан-жақты дамыту.
В) эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Дүниетаным дегеніміз - адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсініп білуін, онымен дұрыс қарым-қатынас жасау іс-әрекетінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының бірыңғай жүйесі.
Дүниеге көзқарас дегеніміз - дүниенің даму заңдылықтарын ғылым негізінде танып білу.
Дүниеге ғылыми көзқарастың ең бастысы адамның басты қасиеттері Отанына шексіз берілгендік, оның гүлденуіне, барынша атсалысып, соның игіліктерін көру.
Ғылыми дүние таным туралы ұғым және оның құрылымдық компонентері.
Дүниетаным деген сөздің маңызын көз жіберсек, оның адам мінездемесіндегі атқратын негізгі орнына маңыз бере қарасақ, оның лексикалық құрамына көңіл аударсақта жеткілікті. Ол екі сөзден түзілген: дүние және таным. Осыны ой елегінен өткізсек, дүниетаным адамның санасының өзінше ерекше түрі, қоршаған отанға оның көзқарасы, дүние және сол дүниеден оның алатын орыны.
Осыған орай ғылыми дүниетаным, құрылымдық компонентерінің төрт түрінің бар екенін ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетеді. Олар ғылыми білім жүйесі, сенім адам мұраты көзқарасы. Білім объективтік дүниеині бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы адам табиғаттын және қоғам құбылысының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді ұғынады. Ғылыми білім адамды қалыптстырудың және дүниені танып білудің үлкен тірегі. Ғылыми білім арқылы қабылданудың нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына сеніміне айналады. Сондықтан жеке адамға қаратып айтылған ескертпе сөздерде ғылыми болсын дейтін пікір кездеседі.
Дүниетаным жеке адамның өзін қоршаған ортадағы табиғат пен әлеуметтік құбылыстарды түсініп, пайымдау арқылы ой тұжырымдауы. Адамның пайда болуы туралы бүгінге екі ұдай пікір қалыптасқан. Мысалы, бірі материалистік тұрғыдан дәлелдесе екіншісі адамды жаратушы Алла деген тұжырым жасайды мұны діни пікір дейді.
Сенім терен тиянақты ойланып құрылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның бойына нық оранып, қалыптасқан өмірілік позициясы, оның беріктігін айқындайытн, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі ішінен адам сенімін тайып алу шындықты терең танудың неізгі соны ұстау.
Адам мұратының жете түсінудің жоғарғы кемелі адамның жоғарғы мұрат мақсаттары өмірде ілгері ұмтылушылық талаптанушылық. Біздің бүгінгі жағдайда әлеуметтік өмір қажеттігін жеке бастың өз мүмкіншілігін айқын сезініп әрекет арқылы алдына қойған биік мақсатқа қол жеткізу.
Дүниетаным қалыптасуы ұзақ және күрделі процес, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық жасайды. Дүниетанымның қалыптасуына әртүрлі факторлар микроорта мен тәрбие, ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.
Әрине әр адамның өмірге өз көзқарасы болады, ол көзқарасы арқылы көрінеді. Оның сапалығы өмірлік тәжірибесі мен ғылыми әзірлігіне байланысты бағаланады.
Дүниетанымдылық білімін оқушыларға дене және ақыл-ой күшінің дамуына, білім дәрежесіне сәйкес бірте-бірте игереді. К.Д.Ушинский әр бір сынып ең төменгі сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек әр жыл сайын бұл көзқарас тереңдетілуі кеңейтілуі толықтырылуы тиіс деп жазады.
Бастауыш орта жоғарғы мектеп жасындағы балалар қандай дүниетанымдық ұғымды меңгеруі керек?
Оқыту мен тәрбие барысында оқушыларға түсіндіру оқу тәрбие бағдарламаларында белгіленген. Онда оқушылардың жас ерекшелігі және күрделі дүниетанымдық ұғымдарды игеру қабілеттері еске алынған.
Бастауыш сынып оқушылары дүние табиғат құбылыстары адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі қоғам өмірінен олардың алтын орны туралы ғылыми білімін бастапқы негіздерін игереді. Олар Отан халықтар достығы т.б. мәселелерді түсінеді.
Сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика және гуманитарлық пәндерді оқу процесінде дамиды. Сонымен бірге еңбек оған көзқарастары қалыптасады, праворлық санасы, азаматтық жауапкершілігі тәрбиеленеді. Оқытудың өмірмен байланысы қалыптасады. Жоғарғы сынып оқушыларының табиғат пен қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеніп, тереңдейді, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады. өздеріне және басқа адамдарға талап қоя білуге әділетті адал болуға тырысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет