1лекция: Дене шынықтыру және спорт педагогикасының теориялық әдістемелік негіздері


Жеке адам санасын қалыптастыратын әдістердің маңызы



бет17/26
Дата14.04.2023
өлшемі294 Kb.
#82653
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
лекция сабақ

Жеке адам санасын қалыптастыратын әдістердің маңызы: қоғамдық, моральдық, еңбек, эстетикалық т.б күрделі ұғымдарды,түсініктерді, анықтамаларды, ереже нормаларын нақтылай түседі: әрбір іс, қимыл,әрекеттердің тәжірибелердің оң дәрежеде, жағымды көтеріңкі эмоциялық күйде болуына жағдай туғызады: нақтылы міндеттердің анық мақсаты мен маңызы қоғамдық адамгершілік негізгі қасиеттермен айқындайды.
Ең көп тараған әдістің бірі - түсіндіру.
1.Тақырыптың көкейкестілігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беруі тиіс.
2.әңгіменің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы қажет.
3.әңгіменің тақырыбына сәйкес техникалық құралдарды тиімді пайдалану керек.
4.оқушылар үшін әңгіме тартымды қызықты болуы керек. Жаңалық оқушыларды зеріктіретін артық сөздерден аулақ болу қажет. Пікірталас дегеніміз - пікір таластырамын талдаймын деген мағынаны білдіреді. Пікірталас оқушылардың сенімдерін ой елегінен өткізуге, дербес пайымдауға үйретеді, оқушылардың ойын, сөйлеу логикасына негіздей білуге тәрбиелейді. Негізгі мәселелерді талқылау арқылы оқушылар өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Пікірталас әдісі көбіне жоғары саяси және адамгершілік, ізгілік этикалық, правалық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық жалпы қоғамдық проблемалар туралы түсініктер мен көзқарастарды қалыптастыруға болады. Тәрбие процесінде үлгі-өнеге тәрбиенің ықпалды әдістерінің бірі болатын себебі үлгінің тәрбиелік күші балалардың өзін қоршаған ортадағы үлкендерге, жолдастары мен ең жақсы достарына ұқсауға еліктеуі. Сонымен қатар балалларға ұлы адамдардың өмірі мен қызметінің сол сияқты еңбек, соғыс ардагерлерінің оқу озаттарының көркем әдебиет, өнер, кинофильм, бейнефильм, театр кейіпкерлерінің өнегесі орасан зор әсер етеді.
А.С. Макаренко: «егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды да құруға, ұжым ішінде тәртіп орнатуға да болмайтындығын әрине өзіне -өзі түсінікті нәрсе. Мен түзетулер енгізілмей келісушілік жасамай жүйелі түрде белгілі талаптар қоюын жақтайтын адаммын», - деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен. Оқушылардың өмірін ұйымдастыру мұғалімнің талап қоюы шешуші рөл атқарады. Мұнда нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың түрі, мазмұны іріктелінеді. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара сөзі, үні, сенімді, қарым-қатынасы педагогикалық талаптың нәтижесі болуына ықпал жасайды.
Жаттығу әдісі.Тәрбие әдісінің жүйесінде жаттығу елеулі орын алады. Жаттығу мінез- құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс әрекетті ұйымдастыру арқылы оқушыларды тәрбиелеудің ерекше әдісі ретінде қарастырылады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып басқа әдістермен бірігеді. Жаттықтыру әдісі – бұл әртүрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымның мүддесімен талаптарымен сәйкес болуы қажет. Үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері:нұсқау,көрсету машықтандыру тапсырма. Мектеп оқушыларының ынталары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау,олардың жағымды қылықтарын мадақтау ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылатын әдістер. Мадақтау - бұл баланың жағымды мінез-құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе онда мадақтаудан бала да менмендік, тәкәппарлық дандайсушылық пайда болады. Мадақтау үшін не жеткілікті мәліметтер керек. Мадақтау жалпы ұжымның өсіп нығаюына ықпал жасайды. М.Горький адамды мадақтау өте пайдалы екенін ол адамда өзіне деген сүйіспеншілікті туғызумен қатар өзінің еңбектегі күшінің сенімділігінің артуына жағдай туғызылатындығын айтты. Мадақтаудың түрлері өте көп: мақұлдау, мақтау, алғыс айту т.б. Жазалау - бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу, жазалауда асығыстық болмайды. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында ғана болғанда баланы жазалауға болады. Күдіктеніп немесе ұжымның пікірсіз және оны қорлауға балағаттауға болмайды. Жарыс - балалардың ұжымда іс- әрекетінің ұйымдастыру және ынталандыру әдісі. Ұжым жарыстың барысында өзінің жетістігі және жарысушы ұжымдардың табысы үшін әрекет жасайды. Жарыс оқушылардың, әсіресе енжар оқушылардың белсенділігін арттырады, жауапкершілігін дамытады.
Қорыта келгенде, барлық нәрсенің өлшемі - адам, оның жан-жақты тәрбиесі қайта құру процесінің бұлжымас заңына айналып отырған қазіргі кезеңде тәрбие әдісі теориясын және практикасын одан әрі жетілдіру актуальды екені айқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет