Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлері жанартуға ұйытқы болатындай етіп тәрбиелеу: - өмірде кездесетін өзгерістерге лайықты іс-әрекет жасауға дайындау, -бұқаралық ақпарат мәліметтерін, шығармшылық одақтардың, көркем өнер ұжымдарының жұмыс нәтижелерін тәрбие жұмысына тиімді пайдалану.
- ата-аналармен байланысты жаңа сатыға көтеру, ол үшін педгогикалық озық дәстүрлерді тәрбие мақсаттарына орынды пайдалана білу. Тәрбие жеке басты мақсатқа сәйкес ұлыптастыру процесі. Мақсат дегеніміз - бірдемеге ұмтылу, бір нәрсені іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты деп алдын ала ойластырған жастарды өмірге әзірлеу, барысында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесінде олардың жеке басының дамуын қамтамасыз ету. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі әр бір қоғамдағы мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді және сол арқылы анықталады. Алғашқы қауымдық қоғамдық құрылыста балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретуге тырысты. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар өндіріс құралдары құл иеленушінің жеке меншігі болды. Тәрбие таптық сипатта болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылды, байлығы молайту, басқаны құл ету үшін, соғыс өнеріне жайлап алу соғыстарын жүргізуге тәрбиеледі. Тәрбие қоғамының пайда болуымен бірге пайда болды. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең басты мақсатына айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдеттері қарастырылды. Тәрбие қоғамдық құбылыс онсыз қоғам өмірі ілгері дамуы мүмкін емес онсыз ілгері дамымайды. Таптық қоғамда рекциялық және прогрестік күштер арасында таптық тартыс орын алады. Бүгінгі жағдайда халыққа білім беру өзгерістерге ұшырады білім берудің бағдарламалары өзгеріс енгізілуде, кәсіптік даярлық жүйесі үздіксіз жетілдіруге түсуде. Ол қазіргі нарықтық экономикаға байланысты ғылыми техникалық революцияның талаптарына еңбек ететін өзіне де өзгеге де пайдасы тиетін адам болып қалыптасуы тәрбиедегі қоғамның басты талаптарының біріне айналды. Бүгінгі Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің негізгі мақсаты Қазқстанның егемендігін қамтамасыз ету, оны бүкіл дүние жүзі мойындап онымен тең қарым-қатынас жасау, Қазақстандық патриотизмді, өз Отанын сүйе білуді үйрету, саяси бостандықты қамтамасыз ететін нарықтық іргетас қалаудың нәтижесінде, экономикалық бостандыққа қол жеткізу, осылардың бәрін іс жүзіне асыртын жан-жақты дамыған, білімді, қолынан іс келетін адамдарды тәрбиелеу болып табылады. Тәрбиге тікелей қатысы бар адамдар тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын түсініп білу қажет. Осыған байланысты, тәрбиеге қойылатын негізгі мақсаттар: А) жастардың дүниеге ғылыми көзқарастарын дұрыс қалыптастыру. Б) жеке дамның және дене қабілеттерін жан-жақты дамыту, В) эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Әдебиеттер 1. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика: Курс лекций. М.,
1999.
2. Мудрик А.В. Социальная педагогика. М., 1999.
3. Муканова Б.И. Педагогическое руководство формированием социальной
активности подростков. Алма-Ата, 1990.
4. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания опыт педагогической
антропологии. Пед. соч. В.2 т.т. Т.1. М., 1974.
5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя.
Алматы, 1998.