1лекция: Дене шынықтыру және спорт педагогикасының теориялық әдістемелік негіздері


Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы



бет25/26
Дата14.04.2023
өлшемі294 Kb.
#82653
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
лекция сабақ

2.Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұжымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттері. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжрибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұңдай жағдай бастауыш сыныптардан және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін. Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұңдай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін. Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн: *Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау; *Ұжым іс-әрекетінің дамуы; *Жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы. *Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі. Бұл кезең мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекетеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.А.С.Макаренко ұжымы нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезенде белсенді топен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әр бір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекетерін бақылау т.б. Мұғалімнің қызметтқ-комуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ыңтасын қуаттау, жалпы міндетерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.Ұжымның бұл дамуы кезеніңде параллельді ықпал жасау принцпті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең – бұдан былай белсенді топтын және ұжым (сынып) іс-әрекетінің дамуы мен сипаталады, оңда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындауды арқасында ұжымдық, гуманисттік қатынастар дамиды, демек, ұжым тілектістік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды қасиетер пайда болады. Ұжым қоғамдық пікірмен сипаталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір ұжымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік- қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі. Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастырудан аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсаты-перспективаны тандау.
Осыған орай, А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет