15 лекция: Спортқа даярлауды психологиялық қамтамасыз ету.
Нақты жарысқа дайындаудың психологиялық аспектілері.Спортшының сенімділігі.
Спорттағы психореттеу әдістері.
Командалық спорт түрлерінде әр түрлі командаластар ойын мақсаттары үшін ынтымақтасады және ынтымақтасады. Бұл ортақ мақсатқа келісім стратегиясы арқылы қол жеткізіліп, топ мүшелері мақұлдауы керек.Сол сияқты біз топты алдын-ала қойылған мақсаттарды орындау түрткі болатынын анықтай аламыз. Спортқа қатысу үшін қатысушылардың нақты ережелері бар екенін түсіну маңызды. Күткендей, бұл ережелер ойынға, оның командасына және қатысушы адамдарға деген құрметпен байланысты.
Демек, ережелер сақталмаса, спорт түріне байланысты төреші немесе төреші санкцияларын қолданады. Сондай-ақ, қарсылас команда мен ойыншының өз командасының салдары болады. Стандарттардың бұл идеясы спортшыларға спортты жеке адамдардан және басқа топтардан қорғау сапында қалуға мүмкіндік береді.Спорт адамның дамуына әкелетінін ескерсек, командалық спорт түрімен шұғылданудың көп пайдасы бар. Сондай-ақ спорттық дағдылар мен тәжірибеден қалыптасатын құндылықтар:
Тиісті сезіну
Топта жұмыс істеу
Құрмет
Шешім қабылдау
Адалдық
Кедергілерді жеңу
Тәртіп
Жауапкершілік
Эмпатия
Теңдікті түсініп, кемсітуге жол бермеңіз
Белсенді тыңдау
Бос уақытты қалай пайдалану керектігін үйрену
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмірмен өңдіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасанпаздығын, күш-қуат мәдениетің, ойын ұйымдастырудың ең тиемді құралы. Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту орғандарының озат өкілдері А.В Луначарский, Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий,В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді. А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдай ұжым болады деді. Оның айтуынша адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл , қоғамдық мүдені жеке басының мүдесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп аталады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән береді. Балаларды ұжымда өмір сүру және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенің ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар балаларды ұжымдық іс-әрекетінің формалары мен әдістері, өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б. А.С.Макаренко ұжымды жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылыі дамудың негізгі болды. А.С.Макаренко ұжымды жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейрімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағытылығын тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері –ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым – бұл топ, біраі әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым –бұл ұжым белгілері бар бастаушы топ. Негізгі ұжым - бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым - факультет т.б. Қазіргі кезеңде А.С.Макаренко идеясын дамытуда И.П.Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың «Коллектившілерді тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған. Сонымен ұжым - бұл көздеген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы. В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мудрая власть коллектива», «Коллективтің құдіретті күш» т.б. баяндалады.В.А.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатнас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастырылған. Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы-мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымын - бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі. Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды. Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді. Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенің түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына. Қорыта айтқанда ұжым-тәрбиенің маңызды құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |