1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет27/79
Дата19.05.2023
өлшемі474,2 Kb.
#95132
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79
Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Адам және оның болмысы.

  2. Адам проблемасының философия тарихында қойылуы.

  3. Адамның рухани әлемі, діни және ғылыми тұжырымдар.


Философиялық антропология
Сабақ мақсаты: Адам мәселесінің 20-ғасырда философияда орталық орын алу себептерін және философиялық антропологияның теориялық негізін қарастыру; адамды зерттеудегі философиялық антропологияның жетістіктері мен сәтсіздіктерін ашу; құндылықтар мәселесіне және олардың өмірлік әрекетін реттеудегі ролі.
Семинар сабағының жоспары:
1. Қазіргі философиялық антропологияның пайда болуының әлеуметтік-тарихи жағдайлары және оның негізгі өкілдері: М.Шелер, А.Гелен, Х.Плесснер.
2. М.Шелер бойынша антропологиялық ілімдердің типтері және адамды әртүрлі анықтау.
3. Адам мәдениетті жасаушы және мәдениет туындысы.
4. Философиялық анропологиядағы құндылықтар мәселесі. Аксиологиялық дағдарыс мәселесі.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Философиялық антропология дегеніміз не?
Ежелгі грек философтарының қайсысы адам мәселесін өзінің қарастыруының ортасы етті.
Философиялық антропологияның басты өкілдерін атаңыз.
"Индивид", "Жекелік", "Жеке тұлға", "Адам" ұғымдарының мазмұндарындағы айырмашылықты көрсетіңіз.
Антропосоциогенез ұғымы нені белгілейді?
Жеке тұлғаны қалыптастыратын негізгі факторлар қандай?
Жалпы қабылданған тәртіп нормаларын бұзатын адамдарды жеке тұлға деп атауға бола ма (қылмыскерлер, нашақорлар т.т.).
Жеке тұлғаның құрылымына қандай элементтер кіреді?
Адам әрекетінің қозғаушы факторы қандай?
Негізгі ұғымдар (глоссарий)
Философиялық антропология - кең мағынада - адам табиғаты және мәні туралы философиялық ілім; тар мағынада - 20ғ. 20-жылдарында пайда болған, негізін салушы М.Шелер саналатын, философиялық бағыт. Бұл тұрғыда, философиялық антропология жаңа методологиялық тұжырымдамалармен емес, ең алдымен өзінің объектісімен - өз болмысы, өз мәдениеті арасындағы адам арқылы айырықшаланады. Қазіргі батыс философтарының антропологиялық көзқарастарын мынаған саялауға болады: адам болмысының, адам жекелігінің, шығармашылық мүмкіндіктерінің негіздері мен сфераларын анықтауға тырысу, сол арқылы және содан адам табиғатын, сонымен қатар қоршаған дүниенің мәні мен мағынасын түсіндіру. Философиялық антропологияның мынадай бағыттарын шығаруға болады: биологиялық, мәдени, діни, педагогикалық және т.б.
Адам - тіршіліктің жердегі ең жоғарғы сатысын, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі әрі субъектін, табиғи және әлеуметтік, материалды және рухани белгілер жиынтығы мен бірлігін белгілейтін ұғым.
Индивид - адам тегінің дербес өкілін белгілейтін ұғым.
Жеке тұлға - әлеуметтік сипаттары бар, ерекше әлеуметтік белгілер мен рольдер атқаратын, қоғамдағы және дүниедегі өзінің орнын саналы сезінетін және өз іс-әрекетіне жауапты адам.
Жекелік - тек өзіне ғана тән қайталанбас белгілері мен сипаттары бар адам, индивид.
Құндылықтар - адамдардың қоғамдық-тарихи әрекеті жүйесіндегі жағымды мағыналы ерекше әлеуметтік феномен. Құндылық - белгілі қоғамдық жағымдылық, нәрселердің, құбылыстардың адамдар әрекетінің мақсаты және құралы ретіндегі қызметі.
Аксиология - құндылықтарды зерттейтін философиялық пән.
Жаттану - әртүрлі гуманитарлық ғылымдарда қолданылантын ұғым. Маркстік философияда жаттану деп адам әрекетінің және оның нәтижелерінің адамға дұшпан, дербес күшке объективті айналуы және адамды бағындыруы айтылады. Қазіргі батыстық философиялық ойлауда жаттану - адамның өзінің мәніне қарама-қарсылығы, тасталғандық сезім, бейтарап, жау дүниеде қажет еместігін көрсететін объективті жағдай. Тар мағынада, жаттану деп заттардың адамға үйлесімділігі, тауарлық - ақша қатынастарының, техника мен технологияның адамға қожалығын айтамыз, кең мағынада - жаттану дегеніміз адамдардың барлық әлеуметтік қатынастарының жиынтығының сапалық сипаты.
Мәнжазба тақырыптары:
1. Қазіргі философиялық антропологияның идеялық көздері - Фихте, Кант ілімдері.
2. Құндылықтардың адам өміріндегі ролі және қазіргі аксиологиялық дағдарыс.
3. Сүйіспеншілік - құндылық ретінде.
4. Қажеттіктер адам әрекетінің қозғаушы күші ретінде.
5. Философиялық антропология және фрейдизм.
6. Э.Фромм ілімі және философиялық антропология.
7. Адам табиғат әлемінде.
8. Философиялық антропология өмір мағынасы туралы.
9. Жеке тұлға, қоғам, мәдениет.
10. Жеке тұлға өтпелі қоғамда: мәселелері мен қайшылықтар.
11. Адам әрекетінің детерминанттары - қажеттіктер, мүдделер, құндылықтар және олардың өзара байланысы.
Тест сұрақтары:
1. Дұрыс пікірді көрсетіңіз:
1) адам және оның іс-әрекеті биологиялық заңдармен анықталады;
2) адам - әлеуметтік жан, оған биологиялық факторлар әсер етпейді;
3) шешуші рольді инстинктер атқарады;
4) адамда саналылық пен бейсаналылық тең;
5) адам ең алдымен әлеуметтік жан, бірақ оның іс-әрекетіне биологиялық факторлар да әсер етеді;
2. Төмендегі көрсетілген қағидалардың ішіндегі тұрпайы - әлеуметтанулық қағиданы көрсетіңіз:
1) адам және оның іс-әрекеті биологиялық заңдармен анықталады;
2) адам - әлеуметтік жан, оған биологиялық факторлар ешқандай әсер етпейді;
3) адам әректінде шешуші рольді инстинктер атқарады;
4) адамда саналылық пен байсаналылық тең;
5) адам әрекетін оның генотипі толық анықталады;
3. Дұрыс жауап табыңыз:
1) индивид және жеке тұлға - тепе-тең ұғымдар;
2) индивид - адам тегінің өкілі ретінде типтік сапалар иесі; ал жеке тұлға - әлеуметтенген адам;
3) индивид - антропологиялық ұғым, ал жеке тұлға - әлеуметтік ұғым;
4) жеке тұлғада дүниеге көзқарас пен өзіндік сана бар, ал индивидте жоқ;
5) жеке тұлға - қоғамдық дамыған адам;
4. Жеке тұлғаның ең дәл анықтамасын табыңыз:
1) жеке тұлға - бұл биологиялық пен әлеуметтіктің, материалдық пен руханилықтың, психикалық пен физикалықтың бірлігіндегі адам;
2) жеке тұлға - жағымды сипатталатын ұғым;
3) жеке тұлға - аса қабілетті адам;
4) жеке тұлға - бұл қандай да болмасын әлеуметтік роль атқаратын адам;
5)"Жеке тұлға" ұғымы "Мен" ұғымына тепе-тең;
5. Адамның мәнін маркстік философия қай тұрғыдан түсіндіреді:
1) биологиялық;
2) теологиялық;
3) әлеуметтік-еңбектік;
4) субъективтік;
5) экзистенциалистік.
6. Адамның әлеуметтік қалыптасу процесін қай ұғым бейнелейді:
1) антропосоциогенез;
2) антропоцентризм;
3) евгеника;
4) генетика;
5) антропоморфизм.
7.Құндылықтарды зерттейтін философиялық ілім қалай аталады:
1) этика;
2) эстетика;
3) аксиология;
4) антропология;
5) герменевтика,
8. Ф.Энгельстің көзқарасы бойынша антропосоциогенездің шешуші факторы қандай:
1) отты пайдалану;
2) еңбек;
3) жердегі климаттық жағдайлар;
4) космостың әсерлері;
5) құдайлар ісі;
9. Адам болмысының басты негіздерін зерттейтін философиялық бөлім қала й аталады:
1) эпистемология;
2) эстетика;
3) философиялық антропология;
4) логика;
5) әлеуметтану.
10. Философиялық антропологияның 20-ғасырдағы негізін салушы болып кім саналады:
1) Л.Витгенштейн;
2) М.Шелер;
3) М.Хайдеггер;
4) Б.Рассел;
5) Г.Маркузе.
Әдебиеттер:
Философия тарихы. Оқу құралы. - Алматы, 1999.
Философиялық сөздік. - Алматы, 1996.
Қ.Әбішев. Философия. Оқулық. - Алматы, 1999, 2000.
Нысанбаев Ә.Н., Әбжанов Т.Адамға қарай бет бұрсақ. - Алматы, 1997.

8. Дәріс Өмір және өлім. Өмірдің мәні






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет