Қазақстандағы 1916ж. ұлт-азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы.
1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Қозғалыстың негізгі орталықтарына Жетісу, Торғай, Орал облысы мен Бөкей Ордасы, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары болды. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Қозғалыстың Торғайдағы көрінісі. Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Торғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты. . Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 ж Торғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Амангелді Иманов басшылық етті.1916 ж 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді.
Көтерілістің тарихи маңызы:
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.
4. Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.
5. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
1. Көтеріліс бытыраңқы болып, көтерілісшілер тарапынан ынтымақтың болмауы.
2. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 3. Алдын- ала белгіленген жоспардың болмады. 4. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 5. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.