25.ХVI-ХVIII ғғ. Қазақстанның мәдениетіне сипаттама беріңіз. Қазтуған, Үмбетей, Бұхар жырау шығармашылығы. Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.
XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.
Қазтуған Сүйінішұлы — халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері — Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады.
Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен елес береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады.
Бұқар жырау(1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсын өлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Б9кар жырау 1702 жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады.Бұқар жырау өмірінің ең жауапты кезі — Абылай ханның бас кеңесшісі болған кез. Бұл бір киын, "Ақтабан шұбырынды", ел басына күн туған, елдің елдігі сыналатын кезең еді. Осынау ел тағдыры шешілер ауыр кезеңде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, даналықтың, үлкен сұңғыла-сәуегейліктің үлгісін көрсеткен.Бұкар жырау шындықты бетке айтатын батылдығымен де дараланады.Бұқар жыраудың Абылай ханға арналған толғауында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлардың есімдері аталады.
Үмбетей жырау 1706 жылдар шамасында туады. Болашақ жыраудың әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка мұрасына да жетік даулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы алған дәріс болды. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей өз ауылдастарының, кейде тіпті, ағайын – туғандарының теріс істерін (ерте байқаған) әшкерлеген өткір тілді өлеңдер авторы ғана емес, ескі эпикалық жырлардың білгірі ретінде де таныладыСонымен қатар сырт жауларымен күресте аты шыққан батырларды мадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды және осы реттегі жырлары Үмбетейге үлкен даңқ әкелді.Үмбетей жырау елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында ол Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеген.Үмбетей жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін танаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке, «темір жұмсап, оқ атқан қорғасынға», балайды.«Болмашыдай анадан болат тудың, Бөгембай», — деп қастерлейді.Үмбетей – ХVIII ғасырда жасаған, ерлікті жырлап, ел тыныштығын көксеп өткен жалынды ақын.26.Е. Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуына (1773-1775 жж.), С. Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне (1783-1797 жж.) сипаттама беріңіз. Пугачёв бастаған шаруалар соғысы — Ресейде 1773-75 жылы болған шаруалар көтерілісі. Көтеріліс басшысы — Емельян Пугачёв (1740/42-75) «Жеті жылдың» (1756-63) және орыс-түрік (1768-74) соғыстарына қатысқан, әскерден қашып, түрмеге түскен. Түрмеден қашып шыққаннан кейін Жайық казактарымен байланыс жасап, өзін сарай төңірегінде өлтірілген Петр III деп жариялап, астыртын қол жинады. Оның қатарында казак-орыстармен бірге башқұрттар, татарлар, қазақтар, қалмақтар да болды. 1773 жылы қыркүйекте оның жасағы Елек, Татищев, Сақмар бекіністерін алды. 5 қазанда көтерілісшілер Орынборды қоршады. Көтерілісшілер саны 25 мыңға жетіп, 86 зеңбірегі болды. Олар патша үкіметі жіберген жазалаушы жасақтарды бірінен кейін бірін талқандады. 1774 жылы көтеріліс Оңтүстік Урал, Қазан губерниясының шығыс бөлігін, Батыс Сібірді, Батыс Қазақстанды қамтыды. Уфа, Екатеринбург, Челябинск, Самара, Заинек, Кунгур мен Красноуфимск, Жайық қалашығы көтерілісшілердің ipi орталықтарына айналды. Бірақ көтерілісшілердің бірыңғай жоспары болмады. Сондықтан генерал А.И.Бибиков бастаған жазалаушы корпус Самара, Күнгүр, Бұзұлұқ маңында көтерілісшілерге соққы беріп, Орынбор мен Екатеринбургты қоршаудан босатты.1775 жылы жазда көтеріліс толық басылды. Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары қатысқан бұл көтеріліс қазақ халқының Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарының басталуына ықпал етті.[1]
Емельян Пугачев көтерілісінде қазақтардың қатысуы
Осы көп ұлтты көтеріліске қазақтардыңда қатысуына түрткі болған бірнеше негізгі себеп бар еді. Біріншіден мал жайылымы жетіспеді.Патша қазақтар Ресейдің қол астына өтуді қабылдаған бойда-ақ олардың шекара шебінің ішкі шебіне өтуіне,сондай-ақ оған жақын көшіп қонуға тыйым салынды.Екіншіден,қазақ халқы өздерінің жер аумағында әскери бекіністер салуға тіпті де келісе алмады.Өйткені бұл мал шаруашылығына елеулі түрде зиянын тигізді. Үшіншіден, патша үкіметі Орта жүз емін еркін малын жайып жүрген Жаңаесіл жерін 1752-1755 жылдары басып алды.Төртіншіден,патша үкіметі қазақ жеріне әскери іздестіру деген сылтаумен қазақ жеріне кіріп қазақтарды ашық түрде тонап кетті. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып, шаруалар көтерілісіне қосылды.
18 ғ. 30-ж. Кіші Жүз Ресейге қосылғаннан кейін бекіністер салына бастады. 1744 ж. Орынбор салынды. Ор өзені бойында Орск салынды. Орал қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс өзендері жағалауларында ірі әскери бекіністер салынды. Оларға орыс-казактар қоныстандырылды.Патша үкіметі қазақтарды ішкі жаққа Жайық сыртына өткізбей оған тыйым салды. Кіші жүз ханы Нұралының да қысымы көп болды.Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802) тұрды. 1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісіне шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасады.Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.1785 жылы көктемде көтеріліс кең ауқымға жайылды. 1787 жылдың наурызында өтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерлерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты. Бірақ көтерілісшілердің шөлейтті жерлерде жүруінен мұндай табиғаттың қолайсыздығынан олар мақсаттарына жете алмады.1794 жылы Ералы ханның өлімі,1795 жылы Нұралы ұлдарының бірі — Есімнің хан болып сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта оралуы Сырымның Нұралы әулетіне қарсылығын бұрынғыдан да өршітті.Бұл жағдай Сырым тобының хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасап, Есім ханның өлтірілуімен тынды. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмады. Хан өлгеннен кейін елде екі билік болды: бірі — Нұралы ұлы Қратай хан сайланса, екіншісі Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан Айшуақ сұлтан төрағалық еткен хан кеңесі. Оның құрамына Нұралы ханның ұрпағые кіргізген жоқ, себебі осылай патша үкіметі Сырымды өз жағына жақындатуға тырысты. Бірақ олар қателесті. Қаратайдың хан болып сайлануы Сырымның ықпалын қайтадан күшейтті.1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы белгісіз себептермен Сырым Хиуа хандығында дүние салды.