2 – апта. Арнайы бинарлық қатынастар


Сызықты реттелген жиындар. Ординалдар



бет5/13
Дата31.10.2022
өлшемі172,92 Kb.
#46417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сызықты реттелген жиындар. Ординалдар.
Анықтама. Асызықты реттелген Х жиынының бос емес ішкі жиыны болсын. Х жиынының а элементі А жиынының кез келген элементінен үлкен (кіші) болса, онда ол А жиынының жоғарғы (төменгі) шегі деп аталады.
Анықтама. Егер А жиынының ең болмағанда бір жоғарғы (төменгі) шегі болса, онда А жиыны жоғарыдан шенелген (төменнен шенелген) деп аталады.
Анықтама. Жоғарыдан және төменнен шенелген А жиынын шенелген деп атаймыз.
Анықтама. А жиының жоғарғы шектерінің ең кіші элементі оның дәл жоғарғы шегі деп аталып, supA арқылы белгіленеді.
Анықтама. А жиының төменгі шектерінің ең үлкен элементі оның дәл төменгі шегі деп аталып, infA арқылы белгіленеді.
Анықтама. – ең болмағанда екі элементі бар сызықты реттелген жиын болсын. Кез клген a теңсіздігін қанағаттандыратын а, bX үшін (a, b) = {xX: a } арқылы анықталған жиынды X сызықты реттелген жиынының интервалы деп атаймыз.
Ал [a, b] = {xX : a x b} жиынын Х сызықты реттелген жиынының кесіндісі деп айтады.
Анықтама. Әрбір ішкі жиынының ең кіші элементі болатын реттелген жиынды толық реттелген жиын деп айтамыз.
Анықтама. А және В – реттелген жиындары берілсін. f: АВ – осы жиындардың арасындағы биекция болсын. Егер f:АВ биекциясы үшін кез келген a,b шарты (бейнелеу реттік қатынасты сақтайды) орындалса, онда бұл бейнелеу А және В реттелген жиындарының изоморфизмі деп аталады. Арасында изоморфизм орнатуға болатын қатынастарды өзара изоморфты деп атап, арқылы белгілейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет