Сызықты реттелген жиындар. Ординалдар. Анықтама.А – сызықты реттелген Х жиынының бос емес ішкі жиыны болсын. Х жиынының аэлементі А жиынының кез келген элементінен үлкен (кіші) болса, онда ол А жиынының жоғарғы (төменгі)шегі деп аталады.
Анықтама. Егер А жиынының ең болмағанда бір жоғарғы (төменгі) шегі болса, онда А жиыны жоғарыдан шенелген (төменнен шенелген) деп аталады.
Анықтама. Жоғарыдан және төменнен шенелген А жиынын шенелген деп атаймыз.
Анықтама.А жиының жоғарғы шектерінің ең кіші элементі оның дәл жоғарғы шегідеп аталып, supAарқылы белгіленеді. Анықтама. А жиының төменгі шектерінің ең үлкен элементі оның дәл төменгі шегідеп аталып, infA арқылы белгіленеді. Анықтама. – ең болмағанда екі элементі бар сызықты реттелген жиын болсын. Кез клген a теңсіздігін қанағаттандыратын а, bX үшін (a, b) = {xX: a } арқылы анықталған жиынды Xсызықты реттелген жиынының интервалы деп атаймыз. Ал [a, b] = {xX : a x b} жиынын Х сызықты реттелген жиынының кесіндісідеп айтады. Анықтама. Әрбір ішкі жиынының ең кіші элементі болатын реттелген жиынды толық реттелген жиын деп айтамыз.
Анықтама.А және В – реттелген жиындары берілсін. f: АВ – осы жиындардың арасындағы биекция болсын. Егер f:АВ биекциясы үшінкез келген a,b шарты (бейнелеу реттік қатынасты сақтайды) орындалса, онда бұл бейнелеу А және В реттелген жиындарының изоморфизмідеп аталады. Арасында изоморфизм орнатуға болатын қатынастарды өзара изоморфты деп атап, арқылы белгілейміз.