2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Міндеттеменің пайда болу негіздері



бет62/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90
4. Міндеттеменің пайда болу негіздері
АК 271-бабына сәйкес міндеттемелер шарттан, зиян келтіруден немесе АК 7-бабында көрсетілген өзге де негіздерден пайда болады. Міндеттеменің пайда болуының маңызды негіздеріне: 1) шарт және өзге де мәмілелер; 2)әкімшілік акт; 3)зиян келтіру және негізсіз баю; 4)интеллектуалдық меншіктің әр түрлі объектілерін жасау, мыс., авторлық, лицензиялық шарт жасау кезінде; 4)азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өзге әрекеттері, мыс., тапсырмасыз бөгденің мүддесіне іс әрекет жасау, олжа; 5) оқиға, мыс., сақтандыру оқиғасы.
5. Міндеттемені орындаудың түсінігі және принциптері
Міндеттемені орындау – оны несие беруші талап етуге құқығы болатын, борышқордың тиісті әрекеттерді жасауы(тауарларды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету, шығындарды өтеу және т.с.с.). Міндеттемені орындау міндеттеме түріне байланысты және әдетте белсенді әрекеттер жасау арқылы орындалады.
Міндеттемені орындаудың негізгі принциптері:

  1. Міндеттемені тиісінше орындау принципі, яғни тиісті борышқормен, тиісті несие берушіге, тиісті мерзіде, тиісті жерде, тиісті нысанаға қатысты және тиісті әдіспен орындау. Осы талаптардың барлығы сақталса міндеттеме тиісінше орындалды деп есептелінеді. Тиісінше орындамау несие берушіге реалды орындауды талап етуге және азаматтық-құқықтық жауапкершілік шараларын қолдануға негіз береді.

  2. Міндеттемені заттай орындау принципі, яғни оларды залалдарды өтеумен немесе ақша сомаларын төлеумен ауыстырмай, борышқордың міндеттеме жағдайлармен көзделген әрекеттерді жасауы. Міндеттемені тиісінше орындамаумен келтірілген залалдарды өтеу және айып төлеу борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатпайды; ал міндеттеме орындалмаған жағдайда залалдарды өтеу және айып төлеу, керісінше, борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатады(егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе(АК 354-бап).

  3. Міндеттемені орындаудан бір жақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмеуі, заңдармен немесе шарттармен көзделген жағдайларды қоспағанда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет