2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Міндеттемеге қатысушылар. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы



бет59/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   90
3. Міндеттемеге қатысушылар. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы
Міндеттеменің қатысушылары болып тараптар, яғни борышқор мен несие беруші және үшінші жақ саналады (АК 270-б. 1-т.).
АК 269-б. 2-т белгіленгендей несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше тұлға қатысқан ретте міндеттемедегі тұлғалардың көптігі болады. Міндеттемедегі тұлғалардың көптігінің түрлері: 1) белсенді көптік- несие беруші жағында бірнеше тұлға болу; 2) пәс көптік – борышқор жағында бірнеше тұлға болу; 3) аралас көптік – борышқор және несие беруші жағында да бірнеше тұлға болу.
Тұлқалардың көптігі кезінде міндеттеменің түрлері:
1) үлесті,
2) ортақтасқан,
3) субсидиялы міндеттеме.
Жалпы ереже бойынша үлесті міндет пен үлесті талап белгіленеді, ол теңдей үлес принципінен шығады.
Егер заңдармен немесе міндеттеме шарттарынан өзгеше белгіленбесе, тұлғалардың көптігі кезіндегі кез келген міндеттеме үлесті беп саналады. Үлесті міндеттемеде несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оған түсетін үлесте міндеттемені орындауға міндетті. Егер өзгеше белгіленбесе үлестер тең деп есептелінеді (АК 266-бап).
Шартпен немесе заңдармен, соның ішінде міндеттеме нысанасының бөлінбеуіне орай ортақтасқан міндеттер немесе талаптар белгіленуі мүмкін.
Борышқорлардың ортақтасқан міндеттері жағдайында несие беруші:

  • борышқорлардың барлығынан бірлесіп міндеттемені орындауды;

  • жеке-жеке алғанда олардың кез келгенінен борышты толығымен де, бөлшектеп орындауды;

  • борышқорлардың бірінен алынбағанды ортақтас борышқорлардың қалғандарынан өтеуді талап етуге құқылы.

Ортақтасқан міндетті борышқорлардың бірімен толық орындауы қалған борышқорларды несие беруші үшін орындаудан босатады. Ортақтасқан міндетті орындаған борышқор қалған борышқорлардың әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шегеріп, тең үлеспен регрестік талап қоюға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет