2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Жеке (сингулярлық) құқықтық мирасқорлық



бет61/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90
Жеке (сингулярлық) құқықтық мирасқорлық, яғни қандай да бір нақты құқықтың бір тұлғадан басқасына ауысуы. Бұл келесі жағдайларда болады:

  • несие беруші құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;

  • борышқордың міндеттемесін оның кепіл болушысы, кепілдік берушісі немесе осы міндеттеме бойынша кепілге зат берушісі орындауы нәтижесінде;

  • сақтандырушыға сақтандырылған жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие беруші құқықтарын алып берген кезде (суброгация);

  • талап ету құқығын беру нәтижесінде (цессия);

  • заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда ауысады.

Талап етуді беру (цессия) – алғашқы несие беруші мен жаңа несие беруші арасындағы нақты міндеттеме бойынша талап ету құқығының соңғысына ауысатындығы жөнінде шарт. Бұл шарт кез келген құқықтық нысанда, және ақылы да ақысыз да болуы мүмкін, мыс., сатып алу – сату, сыйға тарту. Талап ету құқығын беру ерекшеліктері:

  • жалпы ереже бойынша борышқордың келісімі емес, оны жай хабардар ету талап етіледі;

  • бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің алдыңда берілген талаптардың жарамсыздығы үшін ғана жауап береді, ал бұл талапты борышқордың орындамағандығы үшін жауап бермейді;

  • егер несие берушінің жеке тұлғасы борышқор үшін елеулі маңызды болса, борышқордың келісімінсіз талап ету құқығын беруге жол берілмейді;

  • жеке құқықтарды, мысалы, адименттерді төлеу туралы талаптар және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, заңға және шартқа қайшы талаптарды беруге жол берілмейді.

Жеке сипатта болмайтын міндеттемеде борышқордың ауысуы келесі жағдайларда болады:

    1. әмбебап құқықтық мирасқорлық;

    2. борышты ауыстыру, яғни нақты міндеттеме бойынша борыштың үшінші тұлғаға ауысатындығы туралы борышқор мен үшінші тұлға арасындағы келісім. Борышты ауыстыру тек несие берушінің келісімі бойынша жол беріледі.

Борышты ауыстыру ол бойынша міндеттер ауысатын мәміле нысаны сияқты нысанда жасалады. Борышқордың міндеттері қандай да бір өзгеріссіз ауысады, сондықтан жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы (АК 348-бап).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет