кез келген несие беруші борышқорға толық көлемде талап қоюға құқылы;
мұндай талап қойылғанға дейін борышқор өзінің қалауы бойынша несие берушілердің кез келгеніне міндеттемені орындауға құқылы;
ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды оны өзге несие берушілерге орындаудан босатады;
борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие беруші басқа несие берушілерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше туындамаса, оларға тиесілі үлестерін өтеуге міндетті.
Субсидиялы міндеттеме кезінде қосымша борышқор, егер негізгі борышқор несие берушінің талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие беруші одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзімде жауап алмаған жағдайда міндеттемені орындауға міндетті (АК 357-бап). Субсидиялы міндеттеме заң құжаттарымен немесе тараптардың келісімімен белгіленуі мүмкін.
Үшінші жақтың міндеттемеде алатын орны ерекше. Үшінші жақ ретіндеміндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге құқықтық қатынастары арқылы байланысқан жақтар (АК 270-б.2-т.). Үшінші жақ қатысатын міндетемелердің кемінде үш түрін бөліп алуға болады: 1)регрестік (АК 289-бап); 2)үшінші жақтың пайдасына міндеттемелер (АК 270-б.3-т.); 3)үшінші жақ орындайтын немесе үшінші жаққа орындайтын міндеттемелер, яғни орындауды қайта жолдау немесе қайта тапсыру (АК 276-бап).
Регрестік міндеттеме – бұл, оған сәйкес несие берушімен борышқор үшін (немесе соның кінәсі бойынша) үшінші тұлғаға төлеген (берген) ақша сомасын (немесе өзге мүлікті) беруді борышқордан несие берушінің талап ету құқығы болатын міндеттеме.
Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы (АК 19-тарау).Міндеттемедегі несие берушінің ауысу жағдайлары (алғашқысының орнына жаңа несие берушінің енуі):
Әмбебап құқықтық мирасқорлық (заңды тұлғаның қайта құрылуы, мұрагерлік);