2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы



бет65/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90
Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы, егер несие беруші борышқор ұсынған тиісті дәрежедегі орындауды қабылдаудан бас тартса, немесе өзіне тиісті міндеттерді орындамаса, нәтижесінде борышқор міндеттемені орындай алмаса орын алады(АК 366-бап). Несие беруші міндеттеменің орындалғаны туралы қолхат беруден немесе борыш құжатын қайтарудан бас тартқан жағдайда да, ол мерзімді өткізіп алушы ретінде болады (АК 290-б.2-т.). Міндеттемені өткізіп алған несие беруші де борышқорға осы арқылы келтірілген залалдарды өтеуге міндетті. Бірақ ол, мерзімді өткізіп алу, не өзі, не заңдар бойынша несие берушінің тапсыруымен міндеттеменің орындалуын қабылдап алу жүктелген адамдар жауап бермейтін жағдайларға байланысты болғанын дәлелдеуге құқылы (366-б.2-т.). Несие берушінің мерзімді өткізіп алу кезеңі үшін ақшалай міндеттемелер бойынша проценттер есептелмейді.
Міндеттеме орындалатын жер. Міндеттеменің орындалуы жүргізілуі тиіс жер жеткізу бойынша шығындарды бөлуге әсер етеді, тауарды қабылдау жене беру орнын анықтайды, қолдануға жататын заңды таңдауды және т.б. анықтайды. Әдетте, орындалатын жер міндеттеменің өзінде анықталады не оның мәнінен туындайды. Егер орындалатын жер анықталмаса, онда АК 281-бабына сәйкес міндетемені орындау келесі жерлерде жүргізілуі керек:

      1. қозғалмайтын мүлікті беру міндеттемесі бойынша – мүлік орналасқан жерде;

      2. тасымалдауды пайдалана отырып тауарды немесе өзге мүлікті беру міндеттемелері бойынша – мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсыратын жерде;

      3. тауарды немесе өзге мүлікті беру жөнінде кәсіпкердің өзге міндеттемелері бойынша – мүлік дайындалатын немесе сақталатын жерде, егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса;

      4. ақшалай міндеттеме бойынша - несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші заңды тұлға болса – міндеттеме пайда болған кезде оның болған жерінде, егер несие беруші міндеттеменің орындалу кезінде тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін өзгертіп, бұл туралы борышқорға хабарласа – орындалатын жердің өзгеруіне байланысты барлық шығындарды соның есебіне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерінде немесе тұрған жерінде;

      5. басқа барлық міндеттемелер бойынша – борышқордың тұрғылықты жерінде, ал егер борышқор заңды тұлға болса- оның орналасқан жерінде орындалуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет