2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет66/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   90
Бақылау сұрақтары:
1.Мiндеттемелiк құқық нормаларымен реттелетiн қатынастардың ерекшелiктерi
2. Мiндеттемелiк құқық қатынастарының элементтерi
3. Мiндеттемелiк жəне заттық құқық қатынастары
4. Мiндеттемелер жəне басқа салыстырмалы құқық қатынастары
5. Мiндеттемелiк құқықтық қатынастардың негiзiнiң ұғымы
6. Шарттық жəне шарттан тыс мiндеттемелер
7.Мiндеттемелердi орындау ұғымы жəне қағидалары
8. Мiндеттеменi iс жүзiнде орындау қағидасы
9. Тиiстi дəрежеде орындау қағидасы
10. Ақшалай мiндеттемелердi орындаудың ерекшелiктерi
11.Мiндеттемелердi орындау субъектiлерi. Мiндеттемедегi тұлғалардық көптiгi
12.Мiндеттемедегi тараптардың ауысуы. Орындауды жүктеу мен басқаға белгiлеу
13. Мiндеттемелердiң орындалу орны мен мерзiмi
14. Альтернативтi жəне факультативтi мiндеттемелер
15. Регресстiк мiндеттемелер


13 тақырып. МІНДЕТТЕМЕНЕҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

  1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің түсінігі, белгілері және түрлері

  2. Тұрақсыздық айыбы

  3. Кепілпұл

  4. Кепілдік және кепіл болушылық

  5. Кепіл

1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің түсінігі, белгілері және түрлері
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістерге заңда немесе шартта көзделген, борышкердің міндеттемені тиісінше орындауына ынта беретін және несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнайы шаралар жатады.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістердің белгілері: - мүліктік сипаты; - несие берушінің мүддесін қамтамасыз етеді және міндеттеменің орындалуын қамтамсыз етуге бағытталған; - заң не тараптардың келісімі негізінде белгіленеді; - қосымша (акцессорлық) сипатты; - олар, міндеттеменің орындалмауынан не тиісінше орындалмауынан несие берушіге зиян келтірілу-келтірілмеуіне байланыссыз қолданылады; - оларды қолдану мүмкіндігі, әдетте борышқорда ақы өндіріп алуға болатын мүліктің болуына байланысты емес.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің түрлеріне АК 292-б. 1-т. сәйкес: - тұрақсыздық төлем; - кепіл; - кепілдік; - кепіл болушылық; - кепілпұл; - мүлікті ұстап қалу; заңдарда немесе шартта көзделген басқа да әдістер (мысалы, кепілдік жарна).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет