2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет67/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90
2. Тұрақсыздық айыбы
Міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі ретінде тұрақсыздық айыбы – бұл, борышқор міндеттемені орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті (негізгі міндеттемеге қосымша ретінде), заңдармен не шартпен белгіленген ақша сомасы (айыппұл, өсім). Тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етудің мақсаты — борышкерді қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша өз міндетін оны күрделендіріп алмау қаупімен дәл орындауға мәжбүрлеу, ал күрделенген жағдайда - міндеттеме нысанын құрайтын міндеттер көбейеді, белгілі бір ақша сомасын төлеу түрінде қосымша міндеттер пайда болады. Тұрақсыздық айыбы алдын ала анықталған ақша сомасын білдіреді.Тұрақсыздық айыбының мөлшері мен оны анықтау тәртібі тараптардың келісімімен немесе заңнамамен белгіленеді.
Тұрақсыздық айыбының түрлері: 1) белгілену көзі бойынша: а)шарттық; б)заңдық, яғни заңмен анықталған тұрақсыздық айып. Ол, тараптардың келісімінде оны төлеу міндеті көзделмегеніне қарамастан қолданылады.
Тұрақсыздық айыбы өсім немесе айыппұл түрінде де болады. Өсім ретінде міндеттемені белгілі бір уакыт аралығында орындамағандық үшін қолданылатын тұрақсыздық айыбы түсініледі. Өсім, орындау мерзімі сақталмаған әрбір нақты кезең үшін міндеттеме сомасына пайызбен шағып есептеледі, мысалы, несие шартында ақша қаражатын қайтару мерзімі өткеннен кейін жүргізілсе, төленетін соманың 0,5%-ы мөлшерінде әрбір күнге айыпақы белгіленуі мүмкін.
Ал, "айыппұл" , әдетте, нақты сомадағы тұрақсыздық айыбы немесе міндеттеме сомасына белгілі бip пайыздық мөлшерде белгіленген тұрақсыздық айыбы ретінде түсініледі, мысалы, тауардың жинақтылығы, сапасы және ассортименті туралы шарттың талаптарын бұзғандық үшін 1000 тенге немесе әрбір бұзғандық үшін міндеттеме сомасының 1%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбы (айыппұл) көзделуі мүмкін. Айыппұл мен өсім тұрақсыздық айыбы болып табылады. Бірақ қылмыстық, әкімшілік және қаржы құқығында қолданылатын айыппұлдың азаматтық-құқықтық сипаты болмайды.
Тұрақсыздық айыбын өндіріп алу құқығының залалды өндіріп алу құқығымен ара қатынасына байланысты тұрақсыздық айыбы есептік, айыптық, баламалық, және ерекше болып бөлінеді. Тұрақсыздық айыбымен залалдың өтелмеген бөлігі өндірілетін кезде, ол есептік деп аталады, бұл ретте өндірілген тұрақсыздық айыбының мөлшері өндірілетін залалдың есебіне жатқызылады. Ерекше тұрақсыздық айыбында тұрақсыздық айыбын өндіртуге болады, бірақ залалды өндіріп алуға жол берілмейді; баламалыда — несие берушінің қалауы бойынша не залал, не тұрақсыздық айыбы өндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет