2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Кепілдік берушінің жауапкершілігі



бет69/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   90
Кепілдік берушінің жауапкершілігі. Кепілдік беруші несие беруші алдында, егер кепілдік шартында өзгеше белгілен-бесе, борышқор сияқты айыпақы, сый-ақы төлеуді қоса алғанда, борышты өндіріп алу жөніндегі сот шығындарын және борышқодың міндеттемені орында-мауы немесе тиісінше орындамауы сал-дарынан туындаған несие берушінің бас-қа да зияндарын төлеуде тап сондай көлемде жауап береді

Кепіл болушының жауапкершілігі. Кепіл болушы несие беруші алдында, егер кепіл болушылық шарттарында өзгеше көзделмесе, кепіл болушылықта көрсетілген сома шегінде жауапты бола-ды. Кепіл болушыға талаптар қойылғанға дейін несие беруші бұл талапты борышқор қанағаттандыратындай, атап айтқан-да, қарсы талапты есепке алу және белгі-ленген тәртіп бойынша борышқордың мүлкінен ақы өндіріп алу арқылы ақылға қонымды шаралар қолдануға тиіс



Кепілші несие берушінің талаптарын қанағаттандырғанға дейін ол жайында борышкерді ескертуі тиіс, ал несие беруші оған талап қойған жағдайда — борышкерді іске қатысуға тартуға міндетті /АК 333 б. 1 т/. Олай болмаған жағдайда борышкер өзінің несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын кепілшінің регрестік талаптарына қарсы қоя алады, мысалы, талаптың мөлшері бойынша, оның заңдылығы бойынша, т.б.
Кепілдік пен кепіл болушылық шарттық институттарының арасындағы негізгі айырмашылықтары мынлар жатады:
1) жауапкершіліктің сипаты — кепілшінің негізгі міндеттемені орындау жөніндегі міндеттемесі ортақтас, ал кепіл болушының міндеттемесі — субсидиялық (қосымша) болып келеді;
2) жауапкершіліктің көлемі — несие беруші алдында кепілші борышкермен бірдей көлемде жауап береді, оған сыйақыны (мүдде), борышты өндіруге байланысты сот шығындарын және несие берушіге борышкердің міндеттемені орындамағанынан немесе тиісінше орындамағаннан келген залалды, егер кепідік шартында өзгеше көзделмеген болса /332 б. 2 т./; Ал кепіл болушы болса борышкердің жетіспейтін ақша қаражаты көлемінде несие беруші алдында жауап көтереді, бірақ, жалпы ереже бойынша, ол кепіл болушылықта көрсетілген соманың шегінен аспауға тиіс /332-б 3-т/;
3) талап қою тәртібі — несие беруші міндеттеменің оның орындалу мерзімі келген кезден бастап орындалуы туралы борышкер мен кепілшіге талап қоюға құқылы, ал міндеттемені орындауда кепілші мен борышкер ортақтас болғандықтан несие беруші олардың кез келгеніне талап қоя алады; кепіл болушыға талап қойғанға дейін несие беруші борышкердің бұл талапты қанағаттандыруы үшін ақылға қонымды шаралар қабылдауға тиіс, атап айтқанда, қарсы талапты есепке алу және белгіленген тәртіпте борышкер мүлкінен ақы өндіріп алу арқылы /332-б 2-т/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет