2 бет. Тарихыңды таны



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата06.02.2017
өлшемі4,48 Mb.
#3544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ерман ӘБДИЕВ

Д ә с т ү р   б о й ы н ш а   № 8   о к ру г 

тұрғындарымен  кездескен  шаһар 

басшысы нұржан Календеров ұзатылған 

жылы атқарылған жұмыстарды тарқатып 

айтып  берді.  Сондай-ақ,  алдағы 

атқарылатын жұмыстың салмағын да 

саралады. Әкім есебінен кейін жарыссөзге 

шыққандардың қатарында «Поколение» 

қоғамдық  бірлестігінің  мүшелері, 

зейнеткер қариялар қоғамдық көліктегі 

жолкіренің көтерілуіне байланысты тегін 

жүру 20 билетін қайта алсақ деген өтініш 

айтты. Өйткені бұл қариялар бұған дейін 

осындай мүмкіндікті пайдаланып келген 

екен. Қаланың қоғамдық өміріне белсене 

араласып  отырған  зейнеткерлердің 

жұмысынан  хабардар  қала  әкімі  бұл 

мәселені қарастыратындығын жеткізді. 

Сонымен қатар Абай көшесінің тұрғыны 

Хамида  Баратова  жылу  жайын, 

Байзақ батыр көшесі бірінші қиылысын 

асфальттап беру өтінішін жеткізді. Ал, 

«Самал» (7) мөлтек ауданы №8 үйдің 

тұрғыны  Саламат  Қуатова  осындағы 

Б.Момышұлы  атындағы  №45  қазақ 

классикалық гимназиясына таңғы және 

кешкі уақытта балаларын тасымалдайтын 

ата-аналардың көліктерінен аяқ алып 

жүре  алмайтындығына  қынжылыс 

танытты. Бұл, әсіресе жедел жәрдем 

көлігіне көп кедергі. Бетін аулақ қылсын, 

өрт болған жағдайда өрт сөндіру көлігінің 

де кіріп-шығуына кедергі болмақ. Қала 

берді осы аумақтағы «Самал» қонақ үйі 

жеңіл жүрісті қыздардың жын-ойнағына 

айналған.  Кешкі,  тіпті  таңғы  осы  бір 

келеңсіз көріністен балалар қандай тәрбие 

алмақ?  №5  үйдің  тұрғыны  людмила 

Имамудинова  осындағы  №№22,23 

бағыттағы қоғамдық көліктердің қатынасы 

соңғы 20 жылда оңбай келе жатқандығын 

алдыға  тартты.  Қатынау  жиілігі  тым 

ұзақ. Сондай-ақ, «Алатау» (8) мөлтек 

ауданы  №40  үйдің  тұрғыны  Толқын 

Әлсейітова осында екі бөлмелі пәтер 

сатып алғандығын, мұнда бір қанатта 

жылудың мүлдем жоқтығын айтып, егерде 

мұны білгенде пәтер сатып алмас едім 

деген өтінішін жеткізді. Дегенмен, жылуға 

ел қатарлы төлеп отыр. Бұл дегеніңіз - 

ақшаның далаға кеткенімен бірдей емес 

пе? Бұдан бөлек жиында «Поколение» 

ҚБ  мүшелері,  қариялар  –  Валентина 

Понтелева,  Ольга  Михайловналар 

Тұрғын-үй коммуналлдық шаруашылық 

бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға 

ризашылығын жеткізді. Өйткені, соңғы 

40 жылдың көлемінде жөндеу көрмеген 

үйлердің  дені  жөнделді,  реттелді. 

Осы  бірлестіктің  төрайымы  забира 

Беляева әлі күнге дейін жеке ғимарттың 

жоқтығынан әр нысанды жалға алып 

келе жатқандығын айтып өтті. Қала әкімі 

бұл қоғамдық бірлестіктің қала өмірі үшін 

атқарып отыған жұмыстарымен таныс 

екендігін айта келе, мүмкіндігінше көмек 

көрсететіндігін жеткізді. Жиын соңында 

осы қоғамдық бірлестігінің мүшелері, 

қариялар қала әкімінің жеке қабылдауына 

жазылды.

Ұрлық 


азаймай тұр

 

„



Қала әкімі нұржан Календеров 

№ 48 орта мектебінде  «Алатау» 

мөлтек ауданындағы 60 

мыңнан астам тұрғыны бар №9 

округтің өкілдерімен кездесіп

өткен жылы атқарылған 

жұмыстарға қорытынды жасап, 

алда атқарылар жоспарларға 

тоқталды. 

Наурызбек САРША

Сонымен қатар қаланың қарбалас тіршілігімен 

тығыз байланысты бірнеше салалардың атқарған 

жұмыстары мен алдағы уақытта жоспарға қойылған 

бірқатар  істердің  басын  ашып,  межелер  мен 

мәселелерді тарқатып айтып берді. 

-  Өркениет көшіне ілескен көрікті де, еңселі шаһар 

болу үшін алда талай істер атқарылуы керек. Бүгінге 

дейін атқарылған жұмыстар осы жоспарлардың бір 

белесі ғана.Осы межелі жұмыстарды атқаруда білікті 

мамандардың әлеуеті өте қажет. Қалада техникалық 

мамандықтар, құрылысшы, дәнекерлеуші, білікті 

жобалаушылар, инженерлерге, медицина ма-

мандарына  сұраныс  жоғары.  Қазіргі  уақытта 

жастар мамандық таңдауға гуманитарлық салаға 

көптеп бет бұрып жатыр. Жыл сайын жүздеп оқу 

орнын бітіріп жатқан қаржыгерлер, экономистер, 

заңгерлер жұмысқа орналасып кетуі мүмкін емес. 

Бұл орайда «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыруға 

қарастырылған 13,9 млн. теңгеге 100 жас түлек 

мамандықтары бойынша алғашқы тәжірибелерін 

алса, олардың 63-і тұрақты жұмыс орнына ие бол-

ды, - деді нұржан Сәбитұлы. 

«Арай» алқабының тұрғындары Сейфуллин 

көшесінің соңындағы көпірді қалпына келтіруді 

сұрап, №25 автобусының жүру аралығын жиілету 

мәселесі оң шешімін тапқанмен, түс мезгілінде 

30 минут көлеміне дейін кешігетінін жеткізді. Ал 

аталған аумақ тұрғыны Аман Тоқтаманбетов көше 

кезген қаңғыбас иттердің көзін жою жөнінде мәселе 

көтерді. Сондай-ақ, аумақтағы кейбір үйлердің маңы 

көліктұраққа айналып, жедел жәрдем келгенде 

қиындық туатынын жеткізді. Е. Жолымбетов «Арай», 

«Көктем» алқаптарындағы тұрғын үйлерде үй тонау 

қылмысы көптігін айтып, шағымданды. «Арай» 

аумағындағы тұрғындар атынан шыққан Фатима 

Ахметова аталған аумақтағы  жол мәселесін ретке 

келтіруді сұрады. 

-  Аумақта 8 көше бар, соның 4 көшесі толық 

барлық жағдаймен қамтамасыз етілген. Ал қалған 

4 көшеде  жол мәселесі қиындық туғызып отыр.   

Біздің жолымыз картада көрсетілген. Пәтерімізге 

барар жолдағы жер сатылып, қоршауға алынды. 

Енді біз қай жақпен үйімізге барарымызды білмей 

отырмыз. Бізге жедел жәрдем келсе де, қайдан 

айналып келетінін білмеуі мүмкін, - дейді аумақ өкілі.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан айтылған 

ұсыныс-пікірлер  мен  қойылған  сұрақтардың 

барлығы назарға алынды

Арсен БАЙЗАҚ

Қыс айларындағы жылу маусымының жақсы өтуі – 

қысқа дайындықтың жоғары деңгейде өтуіне тікелей 

байланысты. Оның үстіне соңғы уақытта ауа-райы да 

қарайласып  тұр.  Дегенмен  бюджеттік  мекемелердің 

жылу ұсынып отырған мекемелер алдындағы қарызы 

да қордаланып қалған. Қарыз – 85 миллион теңге. Осы 

және өзге де мәселелер талқыланған штаб отырысын 

төраға,  қала  әкімінің  орынбасары  Ерік  Көшербаев 

ашып,  жүргізіп  отырды.  Онда  жылу  маусымының 

өтуі,  бүгінгі  күні  өзекті  болып  отырған  мәселелер 

төңірегінде  Тараз  қаласы  әкімдігі  мәдениет  және 

тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы 

Камила  Абашева,  спорт  бөлімінің  басшысы  Оксана 

Борисюк,  білім  бөлімі  басшысының  орынбасары 

Уалихан  Байдуанов,  денсаулық  сақтау  бөлімінің 

басшысы  Серік  Қасмақасовтар  хабарлама  жасады. 

Сондай-ақ, басқосуда Ерік Көшербаев бірнеше мектеп 

директорлары мен балабақша меңгерушілерін орнынан 

көтеріп, сыныптардағы жылу бірқалыпты болғанымен, 

акт зал мен спорт залдарындағы жылудың мәз еместігін 

айтты. 


-    Жылу  маусымына  дайындық  барысында 

мектептердегі  терезелер  бітеліп,  бірталай  жұмыстар 

жасалған.  Алайда,  кей  мектептерде  пластик  терезе-

лер тек сыныптарға ғана орналасып, үлкен залдарға 

орналаспаған. Осы мәселені алдағы жаз айларында білім 

бөлімімен ақылдаса шешу керек. Екіншіден,  энергияны 

үнемдеу керек. Шындығын айтқанда, біздің мамандар 

тексеру барысында кей білім мекемелерінде энергия 

көздерін күндіз де қолданатындығын анықтаған. Оған 

біздің қарсылығымыз жоқ. Алайда, қазіргі күні энергия 

көзін үнемдейтін «шамдар» бар ғой. Сондай «шамдарға» 

тапсырыс  беріңіздер.  Ал  көп  мекемелерде  бұрынғы 

Кеңес Үкіметінен мұра болып келе жатқан «шамдар» 

жарқырап тұр. Олар энергияүнемді емес. Үшіншіден, 

тазалық мәселесі. Мектеп болсын, балабақша болсын 

ауласын тазалап, санитарлық жағдайын реттеп қоюға 

болады. Тағы бір мәселе, еаептегіш құралдары барлық 

білім мекемелерінде болуы керек. Оны орнатудың аса 

қажеттілігі жоқ деп қаржы үнемдеуге болмайды. Осы 

айтылған жайдың барлығы бөлім басшыларының наза-

рында болсын, - деді Ерік Көшербаев.

Қарыз – 85 миллион теңге 

 

„

Қала әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Ерік Көшербаевтың төрағалығымен өткен басқосуда жылу маусымының 



жайы талқыланып, бюджеттік мекемелердің жылуға қордаланып қалған қарыздарын өтеу мәселесі айтылды.

Жеке қабылдауға жазылды



талап та, өтініш те - назарда

ЕСЕП

5

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №6 (1241),  11 АҚПАн  2015 Жыл 



Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Қала  әкімі  нұржан  Календеровтың 

№57  орта  мектепте  №11  округ 

тұрғындарымен  кездесуі  әдеттегідей 

атқарылған  жұмыстар  тізгінін 

тарқатудан  басталды.  Ол  өз  сөзінде 

былтырғы жылы осы округ бойынша 

Құмшағал аумағының бірқатар көшелері 

жөндеуден өткенін баян етті. Сонымен 

қатар Жамбыл ауданына қарап келген 

бұл округ 2010 жылы Тараз қаласының 

құрамына енген. Осы округ бойынша 

қордаланып қалған негізгі мәселелер 

қоғамдық көлік, газ, жол, ауызсу және 

облыс  бойынша  ресми  тіркелген 

жалғыз үш ауысымды мектептің жай-

күйін жақсы білетінін баян еткен қала 

басшысы тұрғындардың сауалдарына 

жауап берді. Алғаш болып жарыссөзге 

ш ы қ қ а н   Ш ө л д а л а   а л қ а б ы н ы ң 

тұрғыны  Жиенғали  Жолмағанбетов 

көгілдір  отынмен  қашан  қамтамасыз 

етілеміз  деген  сұрағымен  қатар 

ауызсу  мәселесін  көтерді.  Сондай-

ақ,  электр  энергиясы  да  мәз  емес, 

ай  сайын  20-30  теңге  аралығында 

төлегенімен коопаративке де қалаға да 

жатпайтындықтарын  ашына  жеткізді. 

Осы  сауалдар  бойынша  қала  әкімі 

осы  округті  толығымен  газдандыру 

мәселесі бойынша жобалық-сметалық 

құны  967  миллион  теңгені  құрайтын 

құжаттарды  дайындап,  мемлекеттік 

сараптамадан өткіздік деді. Ол жоба 

бойынша  теміржолды  жағалай  екі 

бағыт бойынша жүргізілетін көрінеді. 

Ауызсу  және  электр  төңірегінде 

қайтадан  жоба  әзірлеуге  тура 

келетінін жеткізген нұржан Сәбитұлы 

ол  жақтағы  аумақтар  саяжайлық 

аумақ  болғандықтан,  бірқатар 

қиындықтардың  туындап  отырғанын 

жасырмады.  Себебі  көшелердің 

тарлығы қандайда болмасын жұмысқа 

кедергі  келтіреді,  дегенмен  ол 

сылтау  емес,  алдағы  уақытта  жоба 

бойынша жұмыс жасалатынын айтты. 

Құмшағал алқабының тұрғыны нұрғали 

Сәрсенбеков  аумақта  орналасқан 

Мұнай базасының 2006 жылы жарылып, 

аумақ  тұрғындары  эвакуацияланып 

біраз әбігерге түскенін, оған қарамастан 

осы аумақтан тағы бір Мұнай базасы 

салынып жатқанының себебін сұрады. 

Бұл  жағдайды  сұрастырып,  біліп 

шаралар  қолданатын  боламыз  деді 

қала  басшысы.  Сонымен  қатар 

вице-министрдің  орынбасары  өзі 

келіп  жай-күйімен  танысып  қайтқан 

мектептің  қашан  соғылатынын  және 

№54 бағытта қатынайтын автобустың 

жүрісіне  көңілі  толмайтындығын 

білдірді.  Шаһар  басшысы  300 

орындық  мектептің  құрылысына 

тиісті қаржы бөлініп, алдағы көктемде 

жұмыстың  басталатынын  қадап 

айтты. Көлтоған аумағының тұрғыны 

Азамат  Айтымбетов  ішіп  отырған 

ауызсудын мүлде сын көтермейтінін, 

осы  мәселені  шешіп  беруін  өтінді. 

Кұрылысы  жүргізіліп  жатқан  мектеп 

арқылы  аумаққа  су  жүргізіледі  деп 

жоспарланғанымен, іске аспай қалған. 

Енді алдағы уақытта аталған мәселе 

тиісті  шешімін  табатындығына  сенім 

білдірді. Жиделі аумағының тұрғыны 

Көлтоғанға қатынап оқитын оқушылар 

автобусының ескі екендігін және Жиделі 

аумағындағы  құрғату  каналдарының 

ауыздары жабылып аумақты су басып, 

кейбір үйлер жарамсыз күйге түскенін 

айтып  көмек  сұрады.  Каналдарды 

қайтадан  жүйеге  келтіру  үшін 

жобалық-сметалық  құны  есептеліп 

республикалық бюджетке жіберілген. 

Тек  ақша  мәселесін  күтіп  отыр. 

нұржан Сәбитұлы оқушылар автобусы 

жөніндегі сауалды сала мамандарына 

жолдады.  Олар биыл екі автобус алу 

жоспарланып отырғанын айтты. Қызыл 

Абад  аумағының  тұрғыны  Бертай 

Бекжанов  балабақша  салынса  деген 

талабын  жеткізді.  Аумақта  1-18  жас 

арлығында 324 бала бар. Балабақша 

мен мектепті  қажетететіндердің қарасы 

көп  дегенді  баса  айтты.    Сонымен 

қатар  жол  жөндеу  мәселесінде  тілге 

тиек  етті.  Жиында  жастар  жағы  да 

өтініш-тілектерін  жеткізе  білді.  Олар 

осы округке спортпен шұғылдану үшін 

спорт алаңқайын салып беруді сұрады. 

Аумақтағы  жастар  футбол  ойнайтын 

алаңқайға  ветеринарлық  пункті 

салынғалы жатқанын, сол алаңқайды 

сақтап қалуды өтінді. Жиын барысында 

бірқатар орынды мәселелер көтерілді. 

Округ тұрғындарының дені егістікпен 

айналысатын  болғандықтан,  жиын-

терім    аяқталған  уақытта  өнімді 

сата  алмай  әбігерге  түсіп,  ризығын 

бірден  көре  қоймайды.  Осы  тұрғыда 

арнайы  сауда  орындары  ашылып, 

онда  жергілікті  өнімдер  сатылымға 

шығуына  еш  кедергі  болмаса  деген 

өтініш.  Және  тағы  бір  айта  кетерлігі 

аумақта медициналық орталықтардың 

жағдайы  да  сараланды.  Аталған 

мәселеге  сала  мамандары  тиісті 

жауап  бере  алды.  Жиын  барысында 

қала әкімі нұржан Календеров талай 

уақыттан  жыры  бітпей  келе  жатқан 

«сақалды көпірдің» құрылысын аяқтау 

үшін  құны  1  миллиард  890  миллион 

теңгені  құрайтын  жобалық  құжатты 

дайындалғанын,  ендігі  жерде  қаржы 

бөлінсе,  көпірдің  аяқталатынын 

жеткізді.  Айта  кету  керек,  көпір 

пайдалануға берілгенде жол қысқарып, 

көліктер  қатынасының  жағдайы  көп 

дұрысталады. 

Төлемақыға ортақ құжат керек

 

„



Қала әкімінің кезекті есеп беру жиыны №18 орта мектепте №10 округ тұрғындары 

алдында жалғасын тапты. Алғаш болып сөз кезегін алған қала басшысы нұржан 

Календеров Тараздың тыныс-тіршілігіне, 2014 жылы болған өзгерістер мен оң бағытта 

атқарылып жатқан бірқатар істерге кезегімен тоқталып өтті. 

           

Сейділдә ТӨРЕН

Басқосуда  шаһар  басшысы  округ 

бойынша  бірқатар  қордаланған 

мәселелердің  барын  жасырма-

ды.  Олар  -  автокөлік  жолдары 

мен  жаяу  жүргіншілер  жолдарын 

қалпына  келтіру  және  қоғамдық 

көлік  бағыттарын  оңтайландыру. 

Аталған мәселелер алдағы уақытта 

шешімін табатынына сенім білдірді. 

Қала  әкімінің  есебінен  кейін 

жарыссөзге алғашқылардың бірі бо-

лып  «Шалғай  Қарасу»  алабындағы 

жаңа құрылыстың тұрғыны Арқабай 

Жәдікеев  қала  әкімінің  атқарған 

жұмысына  көңілі  толатынын,  әуелі 

халықтың  қатынауына  ыңғайлы 

етіп  жол  салып  бергеніне  рахметін 

жеткізді.  Дегенмен,  аумақ  бойынша 

жұмыс  жүргізіп  жүрген  ақсақалдар 

алқасына  әкімшіліктің  немесе  пар-

тия  тарапынан  көмек  көрсетілсе 

деген  ниетін  аңғартты.  Оған  қала 

басшысы  қалалық  Ақсақалдар 

кеңесінің  көмек  беретінін,  алдағы 

уақыттарда  жұмыс  жасайтынын 

жеткізді.  Тынышбаев  көшесі  2/8 

үйдің тұрғыны Алла Коростелова өзі 

тұратын аумаққа балалар алаңқайын 

соғып  беруін  өтінді.  Бұл  мәселенің 

салмағы  жеңіл  екенін,  сондықтан 

шешімі  көп  күттірмейді  деген  сенім 

білдірді  әкім.  Ал  Анна  Саушкина 

Солнечный алқабындағы көпқабатты 

үйлердегі  жылу  мәселесінің  көңіл 

көншітпейтінін  жеткізді.  Аталған 

мәселе  хаттамаға  енгізіліп,  таяу 

уақытта  қаралатын  болды.  Шалғай 

қарасу  тұрғындары  атынан  келген 

Фарида Әзімбаева оқушылар мектеп-

ке 8-9 аялдаманы артқа тастап жаяу 

қатынайтынын,  аумақта  қаңғыбас 

иттердің  өріп  жүретініне  байла-

нысты  автобус  жүргізу  керектігін, 

көшелердің  лайсаң  болғандығынан  

кейбір  машиналар  тіпті  жүре 

алмайтындығына  қынжылыс  та-

нытты.  Сонымен  қатар  газ  берілсе 

деген уәж айтты. Аталған мәселелер 

төңірегінде сала мамандарына тиісті 

шешімін  шығарып  беруді  тапсыр-

ды.  Ал  газ  мәселесі  тұрғысында 

жоба  жасалып  жатқандығынан  ха-

бардар  етті.  лукманов  көшесі  17/2 

үйдің  тұрғыны  Максим  Булхайов 

мазаны  алған  иттердің  көзін  жоюға 

сала  мамандарын  19  қаңтар  күні 

шақырғанын,  бірақ  олар  әлі  күнге 

дейін  қара  көрсетпей  жүргендігінің 

себебін сұрады және сол аумақтағы 

көпірдің жағдайы нашар болғандығы 

себебінен  «Жасыл  ел  -  Тараздың» 

басшыларына хабарласып, олар да 

құрғақ уәдемен жүргендігін жеткізді. 

Сонымен қатар қаладағы қай базарға 

болсын тікелей қатынайтын автобус 

жоқ  екенін,  базарға  жету  біршама 

уақыт  алатыны  тұрғындардың  ке-

зек  күттірмейтін  мәселесі.  Осы 

жағдайларды  шешіп  беруді  талап 

етті.  Аумақ  бойынша  жарыссөзге 

шыққан  тұрғындардың  басым 

көпшілігі  күл-қоқыс  жағдайының  бір 

қалыпқа түспей тұрғандығын назарға 

алды. Бұл мәселеде алдымен газ бен 

жарықты  төлейтіндей  ортақ  құжат 

болса  деп  ұсыныс  тастады.  Осы 

мәселе  бойынша  қоқыс  шығарумен 

а й н а л ы с ат ы н   « С ұ л т а н ғ а з ы » 

ЖШС-нің  есепшісі  тұрғындардың 

келісімге  келмей  қоқыстарын  өз 

беттерінше  шығаратынын  жеткізді. 

Сондықтан қоқысты кейде мүлде аз 

шығарамыз дегенді алға тартты. Осы 

жағдайға  себеп  төлемақы  төлеудің 

қолайсыздығы.  Төлемақы  төлеудің 

тиімді тетіктерін айтып, ортақ шешімге 

келтіріп  беруін  сұрады.  Сондай-ақ, 

тұрғындар  соңғы  кездері  халық  ең 

көп  тұтынатын  нан  сапасының  сын 

көтермей  бара  жатқындығын  да                   

жеткізді.                          

Көпір құрылысы аяқталады

 

„



Аймақ бойынша ресми тіркелген үш ауысымды жалғыз мектеп осы №11 округте 

тіркелген. 



ТаҚыр хан

g

 Мамаштан кейін қазақ хандығының тағын Жәнібектің 



ортаншы баласы, Әдіктің үлкен ұлы Тақыр (Тағир) 

иеленді. Оның мәмілегерлік те, әскери дарыны да 

болған жоқ. Бірақ ол өзінің қатыгездігімен тарихта 

қалды.


зЕрДЕ

6

//    «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №6 (1241), 11  АҚПАн  2015 Жыл   //



Тарихшылардың айтуына қарағанда, Тақыр атына 

сай қытымыр, ерекше қатал адам болғанға ұқсайды. 

Кейбіреулері  оның  бұл  мінезін  ағасы  Әбілқасым 

сұлтанның  айдап  салуынан  көреді.  Кезінде 

қарамағындағы ел солай түсініп, Әбілқасымды өлтіріп 

тынады.  Бірақ  болмысында  адамгершілік 

парасаттылығы  төмен  Тақыр  одан  кейін  де  көп 

ықыласына бөленіп кете қоймайды. Күн санап халық 

алдындағы беделі құлдырай береді. Билік тізгінін қолға 

алған кезде оның он лек (Бір лекте жүз мың жауынгер 

бар. Сонда Тақырдың бір миллион жауынгері болған 

болып шығады. Бұл шындыққа келмеуі әбден мүмкін. 

Бірақ Мұхаммед Хайдар Дулатидың дерегі осындай) 

жауынгері болса, соның ыдырай келе төрт легі ғана 

қалады. Ішкі тартысқа Ноғай ордасының (Маңғыт 

мырзаларының) сыртқы қысымы қосылып, Тақырдың 

тынысын онан сайын тарылта түседі. Соған байланы-

сты ол енді сырттың көмегінсіз елін де, жерін де сақтап 

қалуға шамасы келмейтінін аңғара бастайды. Осы 

кезде оған өгей шешесі Сұлтан Нигар ханым көмекке 

келеді. Сұлтан Нигар ханым Моғолстанның белгілі 

ханы Жүністің қызы болатын. Оны Әмір Темірдің 

ұрпағы Әбу Саид мырзаның баласы Сұлтан Махмұдқа 

ұзатқан еді. Сұлтан Нигар ханым осы Сұлтан Махмұд 

өлгеннен кейін, одан туған бір ұлын (оның аты Дула-

тиде Мырзахан, Бабырда Сұлтан Уайс делінген) алып, 

Ташкенттегі  бауыры  Сұлтан  Махмұд  ханға  кетіп 

қалады. Ол сонда бірнеше жыл өткен соң Мұхаммед 

Шайбани хан Ташкент пен Шаһрұхты басып алғанда 

ол он екі моғол нөкерін ертіп, Жәнібектің баласы Әдік 

сұлтанға қашып кетеді. Сұлтан Нигар ханым Әдік 

сұлтаннан екі қыз бала көреді. Кейін Әдік сұлтан өлген 

соң, Сұлтан Нигар ханымды Қасым хан алады. Тақыр 

хан бір әулеттің екі бірдей мықтысының жесірі болған, 

жеке басының беделі де күшті осы Сұлтан Нигар 

ханымға туған шешесінен артық құрмет көрсетеді. 

Соған орай оны ханым да ерекше жақсы көреді. Содан 

да болар, Тақырдың басына үйіріліп келе жатқан 

бұлтты алдымен сезген Сұлтан Нигар ханым оған өз 

көмегін ұсынады. «Сен мен үшін туған баламнан артық 

болдың. Сен тұрғанда мен ештемеден қам жемеймін, 

Құдайдан сенің амандығыңнан басқа тілерім жоқ. 

Бірақ мен, өзің де көріп отырсың, қартайдым, басқаны 

қойғанда, қазір басы артық көшіп-қонуды да көтере 

алмаймын. Сондықтан енді қалған өмірімді қалада 

тыныштықта өткізу үшін мені інім Сұлтан Саид ханға 

апаруыңды қалап отырмын. Мұнда сенің ноғайлармен 

араң күн өткен сайын нашарлап барады. Оларға күш 

көрсетіп, қарсы тұрар шамаң да байқалмайды, әскерің 

уақыт  өткен  сайын  азайып  келеді.  Мен  егер 

Моғолстанға барсам, інім мен сенің араңа дәнекер 

болып, екеуіңнің тіл табысып кетулеріңе көмектесер 

едім. Сұлтан Саид ханмен одақтасып, жақсы қатынаста 

болсаң, ешкімнен қорықпас едің, ойлағаныңды жүзеге 

де асырар едің » дейді ол бір күні Тақырды алдына 

шақырып алып оңашада. Тақыр өгей шешесінің бұл 

қамқорлығын қуана қабыл алады. Ол осы мақсатпен 

Моғолстан жерінің шетіне тақап барып, Сұлтан Саид 

ханға елші жіберіп, өз ниетін білдіреді. Екі хан Қошқар 

өзенінің бойында кездеседі. Тақырды Сұлтан Саид хан 

орнынан тұрып, құрметпен қарсы алады. Сонымен бірге 

«Рәсім бойынша  мен сияқты ханға сені орнынан тұрып 

қарсы алуға болмайды. Бірақ сен маған сүйікті әпкемді 

әкелгенің  үшін  соның  құрметіне  осылай  істеуге 

мәжбүрмін» деп, Сұлтан Саид хан қонағына ескерту 

дегендей, сес те көрсетіп қояды. Тақыр оған басын иіп, 

ізетпен алдына келеді. Оның қылығы Сұлтан Саидқа 

ұнап, оған барынша ықылас білдіріп, құрмет көрсетеді. 

Осы мәжіліс үстінде Тақыр Сұлтан Саидпен құда болып, 

қарындасы Сұлтан Нигар ханымның Әдік сұлтаннан 

көрген екі қызының кішісін, Сұлтан Саид ханның ба-

ласы Рашид ханға береді. Алайда бұл іліктік жақындық 

та құлдырауға бет алған елдің көшінің бетін оңға бұруға 

септігін тигізе алмайды. Көргені жоқ қылығынан жаза-

ды, ниеті жаман пиғылынан  азады. Тақыр хан да 

пейілінен тапты. Құдай ұрып құдасына қастық ойлай 

бастады. Моғолстан құрамында болғанмен, тәуелділікті 

мойындамай, қолайлы сәт туса, құрық үзіп, еркіндікке 

шығуды  аңсап  жүрген  қырғыз  жұртының  көсемі 

Мұхаммедтің өзінен тіреніш іздеуді де оны бұл ойын 

жүзеге асыруға итермелей түсті. Мұхаммед елінің 

бостандығы үшін Моғолстан хандарымен  тынбай 

айқасып келе жатқан батырдың бірі еді. Бірақ қаншама 

арпалысқанымен азаттық ала алмады. Ашық айқасқа 

түсіп, сан мәрте алысып көрді, аз күшпен теңдікке қол 

жеткізу қиын екендігіне көзі жетті ақыр. Қор болып, 

қолға түсіп, көп күнін зынданда өткізді. Қасым ханның 

тұсында айбыны алысқа жетіп, талайды тітіренткен 

қазақтардың Құдай айдап Моғолстан шекарасына келуі 

Мұхаммед  үшін  тәңірінің  өзі  қол  созып,  көмек 

бергеніндей көрінді. Тақыр ханға елші жіберіп, өзінің 

Қазақ хандығының қарауына өтуге, сөйтіп Моғолстан 

ханы Сұлтан Саидқа қарсы күресте қасынан табылуға 

тілек білдірді. Тақыр хан өзінің түбіне жететін теріс 

әрекетке  баруға,  міне,  Мұхаммед  қырғыздың  осы 

тілегінен  кейін  шешім  жасаған  еді.  Өз  әскеріне 

қырғыздың жауынгер жігіттері қосылса, ересен күш 

екенін, бұл күшпен Моғолстанды  өз иелігіне қосып 

алуға  болатынын Тақыр жақсы түсінді. Сондықтан да 

қырғыздар ұсынысын қабыл алып, келісімін берді. 

Алайда Тақыр ханның жолы бұл жолы да болмады. 

Жаңа ғана табысып, құйрық-бауыр жесіскен құрдасы 

мен қырғыз Мұхаммедтің өзара ауыз жаласып, өзіне 

қарсы әрекет жасағалы жатқанын дер кезінде біліп 

қалған Моғолстан ханы Сұлтан Саид хан қырғыздарға 

тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ, қырғыз күшінің  

бірігіп, нығаю мүмкіндігін болдырмай тастады. Қырғыз 

Мұхаммедтің өзін қолға түсіріп, Қашқарға апарып 

зынданға салып қойды. Ол содан тек Сұлтан Саид хан 

өлгеннен кейін ғана азаттық алды. «Жыланды үш кессең 

де кесірткелік қауқары бар» дегендей Қазақ хандығы 

қанша құлдырап, қуаты кеміді дегенмен, Тақыр ханды 

Мұхаммед қырғыздың кебін киюден осы сырт айбыны 

сақтап қалды. Сұлтан Саид ханның қазақтармен ашық 

айқасқа түсуге батылы бармады. Тек қазақ ханының әр 

қадамын сырттай бақылап, шекара күзетін нығайтумен 

шектелді. Бұл жұмысты және өзінің үміт күткен баласы 

Рашид сұлтанға тапсырып, қазақтардан көз алмай 

қадағалауды талап етті. Шын мәніне келгенде, бұл 

кезде Тақыр ханның халі мүшкіл еді. «Артқы айылдың 

батқанын  иесі  білмес,  ат  білер»  дегендей,  сырт 

білмегенмен, ол мүшкілдікті Тақырдың өзі күн өткен 

сайын айқын сезініп, дегбірінен айрылғанына да біраз 

болған. Содан да болар Сұлтан Саид хан бұдан қорқып 

жүргенде,  бұл  одан  қорқып,  моғолдар  қырғызды 

шапқаннан кейін жайылымды сылтау қылып, көш бетін 

Қыпшақ  даласына  қарай  бұрған.  Ондағысы 

қырғыздардың кебін киюден қорқып, моғол ханынан 

алысырақта болу-тұғын. Алайда табанының бүрі кеткен 

хан ата мекенінде де аялдап көп тұра алмады. Онда 

ноғайлардан қысым көріп, қайтадан Моғолстан шека-

расына келіп, сол жылдың қысын (1525-1526) сонда 

өткізуге мәжбүр болды. Қазақтардың ноғайларда қуғын 

көріп, сорлап келгенінен хабары жоқ моғолдар олардан 

бұрынғысынша  қаймығып,  қатты  әбігерге  түсті. 

Моғолдардың зәрелерінің ұшқаны соншалық, шекара 

күзетінде арнайы қалдырылған Рашид сұлтан өзі орда-

сын тіккен Қошқарды тастай қашып, Атбасы төңірегіне 

қарай жылысты. Ол содан алдынан қалың әскермен 

әкесі Сұлтан Саид ханның өзі шыққанда ғана ат басын 

тартып, үрейін басты. Бірақ әкелі-балалы екеуінің де 

қазақтарға қарсы әрекет жасауға батылдары бармады. 

Соған  орай,  Атбасы  төңірегінде  де  қала  алмады. 

Қауіптен алысырақ болу мақсатымен  Сұлтан Саид хан 

моғолдарын түгел Қашғар маңына көшірді. Өзі Тақыр 

ханмен дипломатиялық қатынас орнатуға асықты. Бұл 

үшін екі араға дәнекерлікке апасы Сұлтан Нигар ханым-

ды пайдалану мақсатында өз қасында жүрген ақылды 

көмекшісі Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатиді оны алып 

келу үшін шұғыл Жаркентке аттандырды. Моғолстанның 

әкелі-балалы екі басшысы өзінен қаймығып, осындай 

әрекет жасап, қыстың көзі қырауда елін Қашқарға 

көшіріп жатса, Тақыр хан керісінше, бұлардан қорқып, 

қыс  аяғына  қарамай  елін  бастап  Хас  пен  Күнқаш 

аймағына қарай қоныс аударды. Табан тіреп тайталасар 

жігері жоқ, қаңбақ тірлік кешкен хандарынан біржола 

көңілі қалған қазақтар жаңа жерге барғаннан кейін көп 

ұзамай Тақыр ханды тастап, атамекенге тайып отырды. 

Халқынан айырылып, қара басы қалған хан қатын-

балаларын ертіп, қырғыздарға барады, солардан пана 

іздеді. Алайда елі шабылып, басшысынан айырылып, 

қырғыздардың өздері біреуден қамқорлық, ықтасын 

пана іздегендей еді. Сол себепті де олар қазақтың  ханын 

қарсы  алып,  құрмет  көрсете  алмады.  Ақырында 

билейтін елінен, бауыр басар жерінен айырылған Тақыр 

хан қырғыздар қолында бар хандық қадір-қасиетінен 

жұрдай болып, жоқшылықта жүдеп жүріп, 1533 жылы 

жазда жарық дүниемен қош айтысты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет