Дайындаған
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Таным мен
тағылым айғағы
g
Қазақ хандығының
550 жылдық мерейтойы
ұлан-байтақ еліміздің әр
түкпірінде кеңінен тойлану-
да. Осыған орай Жамбыл
облыстық көрме залында
Қазақ хандығының 550
жылдығына «Өнер-ата
дәстүр мұрасы» атты көрме
ұйымдастырылды. Көрмеге
ТарМПИ оқытушылары мен
студенттерінің картинала-
ры мен өнер туындылары
қойылды.
А л к ө р м е н і ң а ш ы л у ы н -
да оқу орнының ректоры Дария
Қожамжарова жиналған жұртшылық
алдында өткізіліп отырған шараның
мән-маңызына тоқталып, бұл мерей-
той қарсаңында өткізілмек ауқымды
істердің бастамасы һәм бір парасы
екендігін жеткізді.
- 2015 жыл – еліміз үшін тарихи
жыл. Биыл өткен тарихымызды
түгендеп, кемел келешегіміздің
көкжиегін айқындайтын жыл.
Кәрі тарихтың қойнауына үңілер
болсақ, «Аттың жалында, түйенің
қомында» күн кешкен қилы-қилы за-
мандарда қаншама ел мен жұрт түрлі
алапаттардың жойқынына төтеп бере
алмай, жұтылып кете барды. Тіпті
жер бетінен жоғалып кеткендері
де жетерлік. Ал бізде – қаймана
қалың ел де бар, шапқан тұлпардың
тұяғы талатын, ұшқан құстың
қанаты талатын ұлан-байтақ жер
де бар. Төрткүл дүние мойындаған
егеменді мемлекетіміз бар. Дана
халқымызда «өткенін ұмытқан
өшкендіктің белгісі, өткенін еске
алған өскендіктің белгісі» деген
қанатты сөз бар. Міне, бұл тұрғыда
осы тақілеттес шаралардың маңызы
– зор екендігі бесенеден белгілі, -
деді. Көрмеге аталмыш оқу орнының
Шығармашылық мамандықтар
факультетінің оқытушылары
мен студенттерінің 60-тан астам
қолданбалы өнер және кескіндеме
жанрындағы туындылары қойылған.
Атап айтқанда, Қ.Нұрбайқызының
«Айша бибі», А.Аманжолдың
«Шебер қолы», А.Нейфелбдтің
«Бесік», А.Жанқожаеваның «Кара-
ван» атты картиналары тарихтың
терең қойнауынан сыр шертеді.
Ал, Ж.Тұрмаханованың «Бәйтерек
тарихы», Ш. Жұмалиеваның
«Астана жолы», Г.Нұрпаштың
«Ертегі әлемі», Ж.Қилыбаеваның
«Көктем көңілі», А.Фиешканың
«Нежность» тақырыбындағы өнер
туындыларында егемен еліміздің
жеткен жетістіктері мен толайым
табыстары көркем бейнеленген.
Сонымен қатар ұлттық музыкалық
аспаптар мен киімдер, күнделікті
тұрмыс-тіршілікте қолданылған
заттар қойылған.
ТарМПИ Баспасөз қызметі
Барлау Байланысының
БаТыры
Махметғали САРЫБЕКОВ,
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ректоры,
п.ғ.д., профессор, «Әулиеата» қазақ
мәдени орталығының төрағасы
Елімізде құрылған Қазақстан Халқы Ассам-
блеясы бүгінде өзге мелекеттерге бірліктің
үлгі боларлық қазақстандық бірегей үлгісін
қалыптастырып отырғандығы айқын. Жи-
ырма жылдық тарихында бұл құрылымның
қоғамдағы бейбітшілікті, тұрақтылықты
сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі
көрсетіп отыр.
М е м л е к е т б а с ш ы с ы Н ұ р с ұ л т а н
Назарбаев өткен жылғы Қазақстан Халқы
Ассамблеясының XXI сессиясында Қазақстан
Мәңгілік Ел атану үшін мемлекетте
бейбітшілік пен келісім бекем болуын басты
назарға ұсынды. «Қазақстан - 2050» Страте-
гиясы: бейбітшілік, руханият және келісім
мәдениеті» деп аталған ол сессияда рухани
келісімнің айрықша жеті жоғары мәдени
қағидатын айтып өтті. Онда діни тұрақтылық,
ортақ жауапкершілік, мемлекеттік тілді
өзге ұлттардың меңгеруі, конфессияаралық
толеранттылық пен ішкі тұтастық, барлық
ұлттың өмір сүру сапасын арттыру, әр ұлт пен
ДАТА
7
// «ЖАМБыл - ТАрАз» // №6 (1241), 11 АҚПАн 2015 Жыл //
g
Қанды майданда өмір мен өлімнің ортасында жүріп от кешкен арда-
герлер қатары кеміп бара жатыр. Әрине, өкінішті. Дегенмен сол сұрапыл
жылдардың сұңғыла тарихын шертетін кешегі майдангерлер маңымызда жоқ
емес. Соның бірі – ниғмат Ахметов.
Наурызбек САРША
1922 жылдың 12 қаңтарында Жамбыл
қаласында туылған Ниғмат ақсақал оқуын
бітірген соң, соғысқа дейін орталық
телеграфта телеграфист болып жұмыс
істейді. Қиын да, өте күрделі байланысшы
мамандығын еркін меңгерген ептілігі мен
талаптылығы «Морзе» әліппесін де қоса
меңгеруіне септігін тигізеді. Сол кезеңде,
яғни 1941 жылдың желтоқсан айында
Қызыл Әскер қатарына шақырылады.
Сол уақытта 105-дивизия кұралып
жатқан болатын. Ниғмат жауынгер соның
құрамына қосылып, 1942 жылы Воронеж
қаласынан Самарқанға көшірілген әскери
байланыс училищесіне жіберілген Ниғмат
Ахметов радистердің жеделдетілген
үш айлық курсында оқып, «ЖБР» ра-
диостанциясын игерген маман ретінде
Жамбыл қаласына бөлімше командирі
болып қайта оралады. Көп кешікпей
Ұлттық кавалериялық дивизия майданға
жіберіліп, Батыс майданда артиллерия
әскерлерінің стратегиялық қажеттлігіне
орай, бұл дивизия 141-ші танкіге қарсы
истребительді артиллериялық полкі болып
қайта құралады. Міне, осы полкте Ниғмат
жауынгер радиостанция бөлімшесінің сар-
дары лауазымына ие болады. Сол жылдың
тамызында Калинин майданына түскен
жас жауынгер Белый, Ржев, Новосоколь-
ники, Великие Луки қалаларында ерлікпен
шайқасады. Сондай отты майданда Ве-
ликие Луки қаласы маңында оң аяғынан
жарақат алып, ауруханаға жатқызылады.
Бір айдан соң жарақаты толық жазылмаса
да, бөлімшесіне оралып, майданға қайта ат-
танды. Ниғмат Ахметов жау тылында үзбей
байланыспен қамтамасыз еткені үшін 1944
жылы «Қызыл жұлдыз» орденімен мара-
патталады. Себебі ол аса құпия мәліметтер
кодын шешіп, керек жеріне жіберіп тұрды.
Қысқаша айтқанда, барлау байланысының
құпия бақылауын жүзеге асырып отырды.
1945 жылдың мамырында неміс
әскерлерінің толық жеңілгеніне байла-
нысты батыс майданындағы байланыс
полкі эшалонмен Шығыс майданына
жіберіледі. Орынбор қаласына жеткенде,
жапон милитаризмі де тізе бүгіп, Шығыс
майданы аяқталғаннан кейін алты ай
бойы бейбітшілік жағдайында байланыс-
шы «Бодо» аппаратында үздіксіз жұмыс
Бейбітшілік пен татулықты ту еткен орталық
ұлыстың мәдениеті мен өнерін дамыту және
этномәдени бірлестіктердің жұмысына серпін
беру қағидаттарына кеңінен тоқталды.
Қазіргі таңда Қазақстанда 140-тан астам
ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп
жатыр. Жамбыл өңірінде 26 облыстық және
47 аудандық этномәдени құрылымдар бар.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университетінің базасында құрылған
«Әулиеата» қазақ мәдени орталығы қоғамдық
бірлестігі сондай құрылымдардың бірі.
Қазақстандағы этносаралық қатынастардың
әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалуы,
ең алдымен, қазақ ұлтының еншісінде екендігі
айқын. Осы тұрғыда ұлтымыздың тілін, ұлттық
мәдениетін, құндылығын, ерекшелігін сақтау,
өзге ұлт өкілдеріне дәріптеу мақсатын ұстанған
«Әулиеата» қазақ мәдени орталығының рөлі
зор.
Мәдени орталық көне Тараз жеріндегі қазақ
халқын ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып,
облысымыздағы тұрақтылықты сақтау мен
дамуына айтулы үлес қосып отыр. Бүгінгі күнге
дейін бірнеше баспалдақтан көтеріліп, бірталай
белестерді бағындырған мәдени орталық өз
қызметін облыстағы, республикадағы ұлттық
орталықтармен тығыз қарым-қатынаста
жүргізуде. Белсенді қызметтің 18 жыл ішінде
істейді. Осы мезетте «1945 жылы Германияны
жеңгені үшін» медалімен марапатталады.
Еліне 1946 жылы оралған ол Жамбыл
облысының радио байланысында аға инженер
қызметін атқарады. 1982 жылға дейін, яғни
зейнеткерлікке шықанға дейін өз қызметін
адал әрі мінсіз өтейді. Аталған марапаттарынан
бөлек, II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл
әскер», III дәрежелі «Даңқ» ордендерімен,
«Маршал Жуков» тағы да басқа медальдары-
мен марапатталған Ниғмат Ахметов үш баласы-
нан тараған немерелері мен шөберелерінің ор-
тасында қазыналы қария болып ғұмыр кешуде.
атқарылған іс-шаралар
мен қол жеткізген
жетістіктер ұшан-теңіз.
Өзге ұлт өкілдеріне ұлттық
құндылықтарымызды
т а н ы т у, ұ л т а р а л ы қ
қатынасты нығайтып,
ы н т ы м а ғ ы м ы з б е н
б і р л і г і м і зд і а р т т ы -
рып, егеменді еліміздің
мәртебесін көтеру, ел
б ол а ш а ғ ы – ж а с т а р ғ а
халқымыздың тілін, ділін, ежел-
ден келе жатқан салт-дәстүрін,
ұлттық өнерін насихаттап үйрету, бойына
сіңіруге, дамытуға септігін тигізу орталықтың
басты мақсатына айналған.
«Әулиеата» қазақ мәдени орталығы қоғамдық
бірлестігі мәдениет және өнер саласында ұлттық
кәсіби кадрларын даярлауға жағдай жасайды.
Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен
бірлесе отырып, ұлттық тілдің сақталуы мен
жетілуінің басқа да проблемаларын шешіп,
жастардың ерікті, дербес ұлттық сахналық және
әр саладағы өнерлерімен шұғылдануы үшін
көмек көрсетуде. Бүгінгі күні университетіміздің
жастары осы орталықтың белсенді мүшелері
ретінде ауқымды жұмыстар атқарып жүр.
«Әулиеата» қазақ мәдени орталығы мен ТарМУ
ұжымы және студенттерден құрылған жастар
қанатының қатысуымен алғаш студент жастар
театры құрылды. Театр «Халықтық» атаққа ие
болып, тұңғыш рет режиссер Д.Еркебаевтың
«Азапқа толы қыз ғұмыры», «Үміт» атты
көркем фильмдерінің тұсау кесері өтіп, облыс
жұртшылығының көзайымы болды. Сондай-ақ,
қазақтың біртуар батыры, жазушы Бауыржан
Момышұлының 100-жылдық мерейтойы аясын-
да А.Шойбековтың «Өмір көш» атты спектаклін
сахналады. Орталық сонымен қатар, мәдениет
және өнер саласында ұлттық кәсіби кадрларын
даярлауға жағдай туғызып отыр. Шығармашыл
жастарымыздың өнер саласында кәсіби білім
алып шығуына көмек көрсетуде.
Мәдени орталық жанында аналар кеңесі
де жұмыс істейді. Жуырда оның белсенді
мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері
мен Республикалық аналар Кеңесінің I Фору-
мына қатысып қайтты. Татулық пен ынтымақ,
бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті
барлық халықты ізгі жолдарға біріктіретіндігіне
көздерін жеткізіп қайтқан. Форумнан алған
әсерлері де ерекше, өйткені XXI ғасырдың ең
басты заңы татулық екендігі белгілі, ал бұл
жөнінде аналардың ұрпақтарына берері көп.
Бүгінде Тараз өңірінде ұлттық мәдениетімізді,
тілімізді, салт-дәстүріміздің дамуына қажетті
барлық жағдай жасалған деуге болады.
«Әулиеата» қазақ мәдени орталығы басқа да
мәдени орталықтардың көшбасшысы ретінде
облыс, қала көлемінде көптеген мәдени іс-
шаралардың өткізілуінің бастамашысы болып
отыр. Қайырымдылық мақсатымен қазақ
мәдени орталығы жалғыз тұратын қарттарға,
жетім балаларға, мүгедектерге басқа да пана-
сыз адамдарға моральдық және материалдық
көмек көрсету акцияларын өткізуді дәстүрге
айналдырған.
Сондай-ақ, Семей қаласының «Айша бибі»
атты қазақ мәдени орталығы тәжірибе алмасу
мақсатында арнайы іс-сапармен Жамбыл об-
лысына келіп, ұлттық қолөнер шеберлерінің
бірлескен көрмесі мен концерттік бағдарламасы
Тараз жұртшылығына ұсынылды. Сонымен
қатар шекаралас ынтымақтастық фестивалі
аясында «Достықта шекара жоқ» атты көршілес
қырғыз елінен келген мәдениет және өнер
саласының белгілі өкілдерімен дөңгелек үстел
өткізсе, келесі кезекте біздің орталықтың
өкілдері Талас облысына 70 жыл толуына,
Шыңғыс Айтматовтың ескерткішінің ашылу
салтанатының және қырғыз халқының зиялы
қауымдарымен кездесіп, үлкен іс-шараның куәсі
болып қайтты.
Үстіміздегі жылы да ауқымды «Наурыз
– достық думаны» атты театрландырылған
мерекелік іс-шара, «Ұлы достық аясында»
тақырыбында патриоттық әндер фестивалі,
«Тәуелсіздік – ұлтымыздың ұйытқысы» атты
театрландырылған тарихи композиция, Қазақ
хандығының 550 жылдығына орай «Мәңгілік
елдің ұлы тарихы» атты қалалық мектепаралық
фестиваль, Қазақ хандығының 550 жылдығына,
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20
жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына
орай «Қазақ халқының үздік дәстүрлері арқылы
жастарды тәрбиелеу» атты семинар-тренинг
өткізу жоспарланған.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-сес-
сиясы «Қазақстан - 2050: бір халық, бір ел,
бір тағдыр» деген айшықты тақырыппен
өткені мәлім. Онда Елбасы, Қазақстан халқы
Ассамблеясының төрағасы Н.Назарбаев: «Бір
халық – бұл барлығымыз үшін ортақ мүдделер.
Бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. Бір
тағдыр – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар
мен жеңістер!» – деп түсініктеме беріп, қоғамға
терең ой салды. «Қазақты қасиетті қара
шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар
сол шаңыраққа шаншылған уықтар»,– деп,
этносаралық келісім мен достық қатынастың
қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Міне,
осылай татулықты тірлігіміздің тірегіне айнал-
дырып, көпұлтты мемлекетіміздің тұтастығы
мен ел бірлігі барлық табыстарымыздың негізі
болып отыр.
КӨКЕЙКЕСТІ
8
// «ЖАМБыл - ТАрАз» // №6 (1241), 11 АҚПАн 2015 Жыл
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Өз кезегінде бұл бүгін пай-
да болған мәселе де емес.
Қаланың кейбір көшелеріне
таңғы уақытта маршруттар
мүлдем қатынамайды екен.
Бұл мәселеге қатысты Та-
раз қаласы әкімдігінің білім
бөліміне де, редакциямызға
да бірталай шағымдар түскен
болатын. Мәселен, №25 мектеп
ұжымы: «Қаладағы «Қарасу» (5)
мөлтек ауданында орналасқан
№25 орта мектепке №30 орта
мектептің жабылуына байла-
нысты «Салтанат» (4), «Талас»
(6) мөлтек аудандарынан 5-11
сыныбының 294 оқушы, оның 1
ауысымында 141 оқушы, 2 ауы-
сымында 153 оқушы оқып жатыр.
Осыған байланысты оқушылар
жиі қатынайтын №5 мөлтек
ауданына аталмыш шағын ау-
дандардан келетін автобус
маршрутына өзгеріс енгізуге
көмектесулеріңізді сұраймыз»
деген талабын жеткізсе, Ө.
Жолдасбеков атындағы №50
орта мектеп мұғалімдері:
«Мектепке қатынайтын 1 ғана
(№51) маршрут болғандықтан
60 мұғалімнің жұмысқа келіп,
қайтадан үйлеріне қайтуы
қиындық туғызуда. Автобустың
негізгі интервалы 8-10 ми-
нут. Бірақ бұл интервал үнемі
сақталмайды. Бірінші маршрут
таңғы сағат 7:00-де «Мыңбұлақ»
(9) мөлтек ауданынан шығады.
Егер сол уақыттағы автобустан
қалып кетсек, екінші автобус 40
минуттан кейін бір-ақ келеді.
Ал кешкі уақытта аталмыш
маршрут мектеп аялдамасынан
18:35-те өтіп кетеді. 2-ші ауы-
сым бойынша сабақ 18:45-те
аяқталатындықтан, мұғалімдер
автобусқа үлгере алмайды. Мек-
теп ұжымының сұранысына бай-
ланысты №51-ші маршруттың
таңертеңгі және кешкі жүру
бағытына автобус қосуды не-
месе қаладан қатынайтын
қосымша қоғамдық көлігін
жүргізуге көмек берулеріңізді
сұраймыз» деген шағымы тағы
... арды ойлайТын
кез келді
Қаладағы кейбір қоғамдық көліктердің таңғы уақыттағы
тасымалдау қызметі көңіл көншітпей тұрғаны анық.
Тұрғындардың дені автобустарды күтуден шаршаған. Көбісі
барар жеріне ертерек шығып, қара жаяу жетіп алғанды
жөн көреді. Ал қыстың көзі қырауда қыбырлап жол бойын
жағалағандардың басым көпшілігі мектеп оқушылары.
бар. Ал кейбір қалаға қарасты
елді мекендерде тіптен мек-
теп оқушылары сабақтан,
ересектері жұмыстан кешігіп,
бүгінде тек өз аяқтарына ғана
сенетін халге жеткен. Жыл
басынан бері балаларын мек-
тепке уақытылы жібере алмай
дал болған ата-аналар осындай
наз айтуда. Ал қалалық білім
бөлімінің басшылығы осындай
арыз шағымдарды назарға
ала отырып, БАҚ өкілдерімен
бірлесе таң сәріден кейбір
маршруттардың тасымалдау
қызметін бақылау мақсатында
рейд жүргізді. Оның қатарында
біз де болдық. Аталмыш
мекеменің өкілдерімен бірге
таңғы сағат 7:00-ден бастап
тұрғындар тарапынан көп шағым
түскен ы.Сүлейменов көшесіне
ат басын бұрдық. «Халық айтса
қалт айтпайды» дегендей-ақ,
көшенің бел ортасынан бастап
аяғына қарай бағыт алғанымыз
сол-ақ екен, тас қараңғыда
қалаға қарай ағылып келе
жатқан 4-5 сынып оқушыларына
жолықтық. Барлығы сөмкелерін
арқалап алып, қалтырап
жаурағандарына да қарамай
мектептеріне кетіп барады.
Бірінің мектебі жақын болғанмен,
кейбіреуінікі алысырақта.
Ш ы н д ы ғ ы н д а , о б л ы с
орталығындағы магистральді
көшенің бірі – Сүлейменов
көшесінде осындай мәселе
бар десе, былайғы көзбен
көрмеген адам сеніңкіремейді
де. Бәрін айт та, бірін айт.
Аталмыш көшенің маңдайына
біткен жалғыз №18-ші марш-
рут екен. Жалғыз қоғамдық
көліктің қарасын бір күн болса
да сол аумақ тұрғындарымен
қосыла күттік. Қасымызда топ-
топ болып жиналған жұрттың
көбі, мына қала маңындағы
Аса ауылынан келіп жатқан жо-
лаушы тасымалдау көліктеріне
мінгесіп кетіп жатыр. Бір
қызығы, қаладан аз да бол-
са алысырақта шоғырланған
Аса қоғамдық көліктері таңғы
сағат 7:00-ден бастап, араға
10 минут салып қалаға қарай
ағылып жатыр, ағылып жатыр.
Ал біз тұрған №18 маршруттың
соңғы аялдамасы орналасқан
Сүлейменов көшесінің аяғына
қала жақтан қараңдаған бір де
бір қоғамдық көліктің қарасы
көрінбеді. Аялдамада тұрып,
№18- маршруттың қорлығы
әбден өткен тұрғындардың
кейбіреуінен жөн сұрасудың да
реті түсті.
- Мен осы көшенің аяғында
тұрамын. Өздеріңіз көріп
тұрғандай бұл жерде марш-
рут уақытылы қатынамайды.
Келгісі келсе келеді, келгісі
келмесе келмейді. Өзім қара
жұмыс істеймін. Мектепте
оқитын балаларым бар. Ал
Асадан келіп жатқан автобу-
стар жүз теңге алады. Кейде
қалтада ақша болса балала-
рыма беріп жіберем, болмаса
жаяу кетеді. Бұл маршрутқа
сенудің қажеті жоқ. Кейде түскі
уақытта келіп алып, қуыстарда
тығылып тұрады. Келген күннің
өзінде оған барлық Сүлейменов
көшесінің тұрғындары бірден
сыймайды. Айта берсек, бұл
маршрут жайлы әңгіме көп. Бұл
баяғыдан келе жатқан мәселе.
Шопырларына да талай мәрте
айтып шаршағанбыз. Ешқандай
нәтиже жоқ. Мейлі бізді қойшы,
кіп-кішкентай балаларды ойла-
майды ма? Таң азанымен жол-
да кетіп бара жатып, мәшине
басып кетіп немесе бірдеңеге
ұрынып қалса қайтеді? Оны
ойлап жатқан ешқайсы жоқ,
- дейді Төлепберген. Тағы
да тақырыпқа қатысты біраз
мәселені қопара айтқысы кел-
ген тұрғынды амалсыз Аса
автобусына шығарып салдық.
Ақыры №18 маршруттың
а л ғ а ш қ ы с ы та ң ғ ы с а ғ ат
8:05-те келді. Айтқандай-ақ,
автобустың ішінде аяқ қоятын
жер жоқ. Келіннің бетін бірінші
ашқан адам ыстық деуші еді
атам қазақ. Бірінші келетін
автобустың шопырын да аумақ
тұрғындары жақсы таниды екен.
Алыстан «Асқар ғой бұл, бұдан
басқа шопырлардың барлығы
құрып қалған» деп жамыраған
жұрттың жартысы жұмған
жұдырықтарын ашпады. Кейбірі
бұл маршруттың тоқтамай
кететіндігін айтып, кіжініп отыр.
Ал шопырдың өзі бұл мәселені
ойламақ түгіл, «қайта мен
уақытымнан ерте келдім» дейді.
Өзінің жүру кестесі бойынша
ол 8:12- де келуі керек екен.
Солай болған күннің өзінде
ол уақытта баланың көбісі
мектебіне, елдің көбі жұмысына
жетіп те қойған. Мейлі, солай-ақ
болсын. Бұл жерде жүргізушінің
де кінәсі жоқ шығар. Онда,
елдің барлығы өткен кеткен
көліктерге ілініп, жармасып
кетіп қалғаннан кейін, қолайсыз
уақыт кестесімен жұмыс жасап
жүрген бұл маршруттың елге не
қажеті бар?..
Соңыра, аялдамада біз
күткен маршрутқа сыймай
қалғандықтан, такси тоқтатуға
мәжбүр болып тұрған Алтынай
есімді тұрғынды мінгестіріп алып
кетуге тура келді. «Мен осы
аумақтың тұрақты тұрғынымын.
Қала ішінде жұмыс жасаймын.
Осы жерде тұрып жатқалы бері
маршруттан қайыр жоқ. Жұмысқа
кешігіп, сөгіс естіген кездерім
де аз емес. Ал менің жұмысым
таңғы 8:00-де басталады. Бұлар
кейбір күндері 7:45-те келеді, кей-
де мүлдем көрмеймін. Күн сайын
әйтеуір жұмысқа жетудің басқа
амалын жасауға тура келеді»,
- деді ол. Өз кезегінде бұл бір
ғана бағыттағы маршруттың
мәселесі емес екен. Дәл сол
күні, сол уақытта қаланың басқа
маршруттарының жұмыстарына
да тексеріс жүргізілген бола-
тын. нәтижесінде, қалалық
№№33,27,4,14-ші марш-
руттар мектеп оқушыларына
тоқтамай өтіп кететін күнделікті
әрекеттерінен сыр бөлісіп алды.
- М е к т е п т е о қ и т ы н
балаларымызға жол жүру
билетін сатып алып береміз.
Сол билет арқылы олар
қоғамдық көліктерде тегін
жүреді. Ал маршруттардың
көбі соны жақсы білетіндіктен,
мектеп оқушыларына тоқтамай
өтіп кетеді. Әрине, оларға тегін
жолаушылардан гөрі, ақысын
қолма-қол төлейтін адамдар
артық, - дейді ашынған ата-
аналар. Ата-аналардың бұл
назы да орынды. Тіпті, бұл жай
қала әкімінің есеп беру жиында-
рында да күн тәртібіне шығып
келеді. Енді, осы қоғамдық
көлік тасымалымен айналысып
отырған мекемелердің басшы-
ларына ақшаны емес, арды
ойлайтын кез келген секілді.
|