екі Мүшел Белесінде
АЙнА
9
// «ЖАМБыл - ТАрАз» // №6 (1241), 11 АҚПАн 2015 Жыл
Ерман ӘБДИЕВ
16 ақпан.
1996 жылдың осы күнінде қалалық
«Жамбыл-Тараз» газетінің алғашқы
саны жарық көрді. Газеттің бірден-бір
құрылтайшысы – Тараз қаласының
әкімдігі болды.
Амандық болса, келесі жылы дәл осы
күні білдей облыс орталығының айнасы
болып келе жатқан төл басылымның
20 жылдығы. Оған дейін 365 күн, 52
(кейде 53) саны жарық көреді. Өткен
ғасырдың тоқсаныншы жылдарының
ортасындағы тоқырау кеңезінде жарық
көрген басылымға сол кездегі шаһар
басшысы (Жамбыл қаласы Тараз ата-
уын иеленгендегі алғашқы әкім) Болат
Жылқышиев қолдау көрсетті. Газеттің
редакторы болып 26 жасар Дархан
Байтуов тағайындалды. Сарғайған га-
зет беттеріне көз жүгіртіп отырып, осы
жылдардың белесінде газет тиражы
үш мың данадан 22 мың данаға дейін
көтерілген кездеріне куә болдық. рас,
алғашында демеушілердің көмегімен
жарық көрген басылым жарық көргеннен
кейін бір жылдан соң қала әкімдігінің
көмегімен өз күнін өзі көретін жағдайға
жетті. Газетті әр жылдары Дархан
Байтуов, Ирина Маликова, Көкен Ор-
шабековтер басқарды, бүгінгі күні жаңа
заманға қарай ыңғайланған «Жамбыл-
Тараз» ЖШС директоры-бас редакторы
Эльмира Мырза-Ғали басқарып келеді.
Алғаш жарық көргенде облыстық тоқсан
жылдық тарихы бар «Ақ жол», «знамя
труда» газеттеріне бәсекелес бола
білген газет бүгінде құшағын кеңге сер-
меп келеді. Қазір өңірдегі ақпарат ай-
дынында еркін жүзген «Жамбыл-Тараз»
өзіндік қолтаңбасын айшықтап алған,
бәсекеге төтеп бере алатын газетке
айналды.
Алғаш екі тілде жарық көрген
«Жамбыл-Тараз» апталық қоғамдық-
саяси газеті аптасына бір жарық көріп
тұрды. Кейінгі жылдары аптасына екі рет
те жарық көрген уақыты да болды. Бүгінгі
күні аптасына бір рет шығатын апталық
басылым. Ал 2004 жылдан бері газет екі
тілде бөлек шығады. Қазақ және орыс
тілдерінде шығарылатын басылымның
әрқайсысы бір-бірін қайталамайды.
2012 жылы «Жамбыл-Тараз» газеті
республикалық «Алтын көшбасшылар»
жобасында ең таңдаулы бұқаралық
ақпарат номинациясын жеңіп алды.
19 жылдың ішінде газет редакциясы
қалалық, облыстық әкімдіктердің,
түрлі ұжымдар мен кәсіпорындардың
дипломдарымен және грамоталарымен
марапатталған. Оның қатарында өткен
жылы астаналық «Исследовательский
институт «Общественное мнение»
ЖШС аймақтағы БАҚ бойынша өткізген
сараптамасында «Ақ жолдан» кейін
«Жамбыл-Тараздың» оқырмандар
сұранысына ие болып отырған басылым
екендігін анықтаған еді. Бұл ұжым
үшін үлкен мәртебе, өйткені редакция
қызметкерлері газеттің өркендеуіне
үлкен ықпал жасап келеді.
Алғашқы шыққан күнінен қала өмірінің
толық айнасына айналған басылымда
нағыз білікті де, білімді журналистер
еңбек етті. Бүгінде облысқа қана емес
республикаға белгілі журналистер Бо-
лат Жаппаров, Жамбылбек Шоқыбас,
Болат Бекжанов, Еділ Әлиев (марқұм),
Сапарғали Әлібай, людмила Мельник,
лютфия Бекбулатова, Сәуле Сейдах-
метова, Василий Мазур, фототілші
Виктор Барбаш сынды аға буын
өкілдері уақытында осы басылымда
еңбек етіп, газеттің өркендеуіне өзіндік
қолтаңбаларын қалдырды. Жалпы,
«Жамбыл-Тараз» газеті жас журнали-
стер үшін де өмір мектебі – «ұстаханаға»
айналды.
Бүгінде Астана қаласында еңбек етіп
жүрген Жанат Қапалбаева, Өркен Кенже-
бек, Индира Байқонысова, облыстық «Ақ
жол» газетінің тілшісі Жасұлан Сейілхан,
фототілші Ақәділ рысмахан, облыстық
«Арай» газетінде тер төгіп жүрген Дәулет
Төленді, Саятхан Сатылғанов, Хамит
Есаман, Арай Шәбденова, облыстық
«Қазақстан-Тараз» телеарнасында еңбек
етіп жүрген Маржан Сатыбалдықызы,
Эльмира Байназаровалар уақытында
осы басылымда еңбек еткен-ді. Олар
біздің мақтанышымызға айналып үлгерді.
Тіпті сарғайған газет беттерінен бүгінде
«Қазақстан» ұлттық телеарнасында дүйім
елге танылған журналист Әуесбайдың
Қанаты №12 Керімбай атындағы орта
мектептің жоғары сыныбында оқып
жүргенде жазған мақалалары «Жамбыл-
Тараз» газетіне шығып тұрған. Журналист
болам деген ұланның қанатына демеу
болып, алғашқы тұшымды мақалаларын
жариялап отырған. Сондықтан, талай
жастарға қанат бітірген басылымның
бүгінгі келбеті жарқын болып тұр. Түрлі
айдарлармен тұрғындардың көкейіндегі
мәселелерді толғап жүрген басылымның
әлі де ақпарат айдынында кең тыныспен
жүзетіндігіне сенімдіміз. Оның қатарында
газеттің сайты да қазірдің өзінде элек-
тронды БАҚ арасында көп оқылымды
болып тұрғаны тағы бар. Ал бұл игі
бастама өз жалғасын табатын болады.
Тарихы тым тереңге тартқан Тараздың 2000 жылдық тойына дайындық қарсаңындағы қарбалас кез-тұғын. Бұған
дейінгі жылдар бедерінде еліміздің алысты жақын өңірлеріндегі мерзімдік баспасөздерге еңбек етіп, ақыр соңында
туған жерге табан тіреген Еділ Әлиевке алғаш рет кесел тиіп, Жамбыл телерадио корпорациясындағы жұмысынан
айырған кез.
Соңғы екі мүшелдің белесінде, жиырма жылдың көлемінде қалалық «Жамбыл-Тараз» газеті
аймақтағы ақпарат айдынында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерді.
Жамбылбек ШОҚЫБАС
Тосыннан тап болған сырқат сыралғы жақын жолдас
әрі әріптесімді қатты аздырып жіберді. Бұрындары
домаланған етжең оның аз уақыт ішінде қатты арықтап,
сылынып түскені көз алдымда. Әлсізденді әрі май-
лы тамақтан қалды. Дәмханада жүрек жалғасақ,
сорпасының кілкіген майлы бетін қалқып, менің табағыма
құяды да сылдыр суын талғажу етеді. Сөйтіп отырып
маған мұңын шағып, жан сырын және ақтарады кеп. Мен
болсам: «несіне жүнжисің, әлі-ақ айығып, аттай болып
кетесің» мен жұбатқан боламын...
расында да, қабылдаған ем-домның арқасында,
ауруының беті қайтып, бұрынғы домаланған қалпына да
келгендей еді. Жұмыссыз жүрген оны Кеден департаменті
баспасөз хатшылығы қызметіне қабылдады. Өзім де
облыстық «Ақ жол» газетінде қысқартуға ұшырап, «Щит»
компаниясының осы аттас көптиражды газетін жағалап,
жалғызсырап жүрген кезім. Енді кеден тақырыбын қаузап
жазғандарын маған әкелуден жалықпады, «екі желеу,
бір себеппен». Оның арты әңгіме-дүкенге ұласып, егіз
қозыдай жүретінбіз. Сонымен арқа-мойнымыз босаған
екеумізге кездесе кеткен ортақ танысымыз «Жамбыл-
Тараз» газетінің бас редакторы Көкен Оршабеков жолыға
кетіп, тосыннан ұсыныс жасамасы бар ма? Орталық
алаңдағы орындыққа қатар жайғасқан ол: «Міне, тап
қазір ғана қала әкімінің қабылдауынан шықтым, екі
тілді аралас шығатын басылымның ана тіліміздегі
дербестігіне келісімін берді. Уақыт оздырмай, іске
кірісу керек, сендерді бұрыннан-ақ таңдап жүруші едім.
Соның сәті енді түсті, ертең редакцияға келіңдер» деп
қысқа қайырды. Осылайша, қалалық газеттің қазақша
нұсқасын яғни оның 2002 жылдың 22 наурызында №1
санын жарыққа шығару Еділ мен маған, бұған дейін сон-
да бас редактордың қазақша бет бойынша орынбасары
қызметін атқарып жүрген Сапарғали Әлібаев үшеуміздің
үлесімізге тиген-ді.
Газеттің әр жылдардағы тігіндісі – сол кезеңнің тарихы
іспеттес. Бұрындарғы тілшілік тәжірибеміздің арқасында
қамшы салдырмай, төл газетімізді дөңгелетіп алға тарта
білгенімізге сол жылдарғы оқырмандар, көнекөз жа-
нашыр һәм демеушілер куә. Шын мәнінде, айлық пен
атақ үшін емес, ана тілімізде алғаш жарық көре бастаған
басылымның оқырмандар жүрегіне жол табуын жан-жақты
ойластырумен болдық біздер. Қоян-қолтық, иықтаса еңбек
еткен сол жылдары Еділдің шығармашылық шабыты жаңа
қырынан көрінгендей де еді.
Әлқисса, «бәрін айт та, бірін айт» демекші, кейінірек
Сапарғали Әлібаев екеуміз қызмет ауыстырдық та
Еділ Әлиев пен редакцияға өзіміз тартқан марқұм ра-
хан Мумеев «Жамбыл-Таразда» тұрақтап қала берді.
Жасы жеткен рахаң зейнетке шықса, Едекең екінші рет
айықпас ауруға ұшырап жүрсе-дағы қалалық мерзімді
басылымның басы-қасынан бір кетпеді. Тек, жуас та
жұмсақ мінезімен кеселін сыртқа шығармай, маған
ғана сырын ашатын жан жолдасым облыстық «Ақ жол»
газетінің шақыртуымен сонда ауысқанымен, кешікпей
жамбасы жерге тиді емес пе?..
Біздің сөз
өТіМді!
Еске алсам Еділ мен сол кездерді...
ТІрШІлІК
10
// «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ» // №6 (1241), 11 АҚПАН 2015 ЖЫЛ
Асылзат ЖҰМАБАЙ
19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында
біліктіліктерін арттырған 33 маман қорытынды
осы жиында үш топқа бөлініп, ғасыр індетінен
арылу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ,
жемқорлықтың алдын алу жайлы хабарламалар
жасады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың
«2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙ-
ЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
БАҒДАРЛАМАСЫ» стратегиясы аясында
ұйымдастырылған дөңгелек үстелде басқарма
қызметкерлері Д.Дәуренбек, К.Абдукаримовтар
белсенділік танытып, тақырыпты аша түсті.
Тараз қаласынан және облысымыздың он ауда-
нынан келген, үш апта бойы оқу орталығында
біліктілігін көтерген жастар аз уақыт аралығында
көп теориялық тәжірибе жинақтағандары көрініп-
ақ тұрды. Орталық директорының орынбаса-
ры Л.Шайменұлы, қайта даярлау бөлімінің
меңгерушісі А.Сарсенбайқызы, қайта даярлау
бөлімінің аға әдіскері Ж.Мырзахметовалар
тақырыпқа қатысты өздерінің пікірін білдіріп,
жас мамандардың алдағы істеріне сәттілік тіледі.
Жиын соңында «Мемлекеттік қызметшілерді
қайта даярлау және біліктілігін арттыру»
орталығы қызметкерлерге куәлік табыстау
рәсімін жасады.
g
Жамбыл облысы әкімдігі шаруашылық жүргізу
құқығындағы КМК-нің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта
даярлау және біліктілігін арттыру» орталығының баста-
масымен жас мемлекеттік қызметшілердің арасында
«Жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті.
арақты таста! Жаңа өмір баста! «алкатекактив»
Заманауи жоба! Алкогольге тәуелділікке қарсы әсер ететін химиялық емес аса қуатты формула! Алкогольге
құштарлықтың әлсіреуі, алкогольден толықтай арылу!
«АлкАтекАктив»
– бұл:
- алкогольге тәуелділіктен
арылтатын табиғи кешен;
- алкогольге құмарлықты
өзгертетін табиғи құрам;
- жүрек-қан тамырлары, жүйке,
ас қорыту жүйелері мен бауырдың
ферменттік жүйесіне табиғи әсер
ету формуласы.
Мен – ерекше, кәсіпқой әрі күшті шипа беруші,
сонымен қатар, ешқандай да жоғары білімсіз,
дипломсыз наркологпын! Бұлай деуімнің себебі –
маскүнем күйеумен он жылдық отбасылық өмір
тәжірибем бар және қол жеткізген нәтижем барлық
медициналық дипломдардан артық. Мен күйеуімді
арақтан бір жылдың ішінде ажыратып алдым.
Бұрын күйеуім үнемі ішетін, екі-үш аптаға дейін
тоқтамай салынып ішетін кездері болған. Үйдегі
бес жасар қызым Катя екеуміз үшін бұл тозақтан
бетер еді. Күйеуім ылғи ұрыс, төбелес шығаратын,
бағалы заттарды, видеотехниканы, киімдерді, басқа
да бұйымдарды араққа сатып жіберетін. Бірде, тіпті
маған балта ала жүгірген кезі бар. Абырой болғанда,
көршілер таяу маңнан табылып, көмектесті.
Күйеуім кейде салынып ішуін доғаратын.
Мұндайда ол сауығып, бірақ солғын тартып жүреді,
өкінеді. «Үлгілі отағасы» кезеңі басталады.
Ол жұмысқа тұрды, бала тәрбиесіне қарайтын
болды. Ал кейін бұрынғы қылығын қайта бастады...
Бірде мен өзіме: «Жетер! Біздің отбасымызда
енді маскүнемдікке жол жоқ!» – дедім. Өйткені
әбден мезі болған едім, бұл тозақтан құтылу үшін
барлығын жасап баққанмын. Күйеуім «кодталды»,
наркологиялық диспансерде де, биотокпен де емделді.
Олардан әсер болды, бірақ ұзаққа созылмайтын.
Қысқасы, алдыңғы жылы мен маскүнемдікке
ұшырап, оның тығырығынан құтылған адамдардың
нақты тәжірибелерін зерттеуге кірістім. Мен
халықтық тәсілдерге назар аудардым, арақты
тастаған адамдарға телефон шалдым, хат жаздым,
олармен кездестім. Ақырында маған маскүнемдікпен
күресте көмектесетін ескі халықтық ем негізінде
жасалған жаңа, заманауи құрал жөнінде жұрт
аузынан естігенім жәрдем берді. Бұл құрал ғасырлар
бойы қолданылу тәжірибесінен өткен екен.
Менің
отбасылық
жағдайым күні кешеге
дейін өте қиын болды.
Өйткені күйеуім күнде
ішіп алатын. Арақ тұрған
жерде береке болушы ма
еді? Күнде айқай, ұрыс пен
жанжал, кейде өз үйіме
өзім сыймай қиналатын
кездерім көп болғанын жасырмаймын. Ал ақылын
алкоголь жеңген күйеуім біздің жанымызға бататын
ауыр сөздер айтып, қол көтеретін. Балаларға да
қол жұмсағанда араша түсе алмағаныма қиналып,
өзімді кінәлі сезінуші едім.
Отбасылық береке мен үйдегі тыныштықты
аңсап, арақтан құтқаратын амал іздеп жүргенімде,
бірнеше рет «АлкАтекАктив» жайлы жақсы пікір
естідім. Сосын оның көрме-сатылымына қатысып
көруге бел будым.
Бұл жерге менімен тағдырлас адамдар көп
жиналыпты. Сонда, мен бақыты үшін күресіп
жүрген жалғыз өзім емес екенімді ұқтым.
Ал 6 қорап «АлкАтекАктив» алып, оны
күйеуіме 2 ай бойы күніне 3 реттен ішкізгеннен
кейін, керемет нәтиже көре бастадым: күйеуім
арақ ішуін азайтты. Бұрынғыдай түн ішінде бас
жазатын дос іздеп кетпейді, дүкеннен қарыз сұрап
ұялтпайды. Балаларға да мейіріммен қарайтын
болды. Отбасымызға береке кірейін деді. Енді
«АлкАтекАвтивті» тағы бір ем курсын қабылдасақ
па деп отырмыз. Ал біз сияқты отбасында берекесі
қашқан адамдарға айтарым, арақтан құтқаратын
амал бар, сол үшін қамықпаңыздар, ойланбай
«Алкатекактивті» алыңыздар!
Гүлзат, Тараз қаласы
«АЛТАЙ ШИПАГЕРІ» БАЛьЗАМЫ
Қан қысымын қалпына келтіріп,
құлақтағы шуды кетіреді, простата
аденомасында, буындардың сырқырауы
мен ауруында, қант диабеті, эндокриндик
жүйенің
бұзылуы,
асқазан-ішек
жолдарының
ауруларына
жақсы
көмек көрсетеді. Бағасы - 3000 теңге,
жеңілдікпен - 2500 теңге.
Сәйкестік сертификаты / ROCC
RU.AE96. HO 4264, 2011 жылғы 29
шілдеде берілген.
« ТАС МАЙЫ+7»
(күшейтілген кешен)
Ағзадағы микроэлементтер тепе
- теңдігін қалпына келтіреді. Қан
кұрамын жақсартады.
Бағасы - 3000 теңге, жеңілдікпен
-2500 теңге.
Сәйкестік сертификаты / РОСС
RU. AE 96. HO4100, 2011 жылғы 25
сәуірде берілген.
«АлкАтекАктив»-тің айрықша
қасиеттері туралы сіз мына күндері
өткізілетін сатылым кезінде біле аласыз:
16 ақпан, Тараз қаласында,
Қазпошта бас ғимаратында
(Қалалық аурухана жанында)
10.00-11.00-ге дейін
Байланыс телефондары:
8701-677-42-42
8777-114-13-20
Сайт:www.zdsemya.kz
Алматы қаласы, 050031. А/ж №4
Бағасы- 2500 теңге.
Емделу курсы - 6 қорапша
Сәйкестік сертификаты
РОСС RU.AE-96H06507 от 12.12.2013
Мен оның құрамына кіретін табиғи
компоненттердің: бауырдың алкогольді өңдеуге
жауапты ферменттеріне, бауырдың ғана емес, ұйқы
безінің де атқарымдық күйіне белсенді әсер ететінін
білдім. Ол сондай-ақ, алкогольдік синдромның
алдын алады, ішкіш адамның психикалық және
эмоциялық күйлерін қалпына келтіреді екен. Ал,
тәжірибе жүзінде анықталған ең бастысы, ол ас
қорыту деңгейінде алкогольге деген жиіркенішті
туындатады.
Қазір, нақты нәтиже көргеніме бір жыл толғаннан
кейін патенттеліп, «АлкАтекАктив» деген атауға ие
болған бұл ерекше табиғи формула жөнінде батыл
түрде айта аламын. Ол біздің отбасы үшін құтқарушы
болды. Қазір күйеуім арақты татып алмайды.
Мені маскүнемдікпен өмір сүріп, азапқа түсіп
жүргендердің барлығы да түсінеді ғой деп ойлаймын.
Оның құрамындағы ААА@ – алкогольге
құмарлықты және алкогольден улану кезіндегі
жайсыз
әсерлерді
өзгертетін
патенттелген
өсімдіктекті кешен.
ААА@ – тау өсімдіктерінің табиғи қуаты мен
емшіліктің ғасырлық тәжірибелерін және алкогольге
тәуелділік кезіндегі емнің тибеттік әсер ету тәсілдерін
біріктірген табиғи таза құрылым.
Құрамында AAA@ табиғи сығындысы, копринус
(шампиньондар тобына жататын, маскүнемдікке
қарсы қолданылатын ақ түсті саңырауқұлақ),
қарапайым түлкішек (лисичка обыкновенная),
жайылып, сұлап жатып өсетін жебіршөп (тимьян
ползучий), годжи (Азия аумағында өсетін дәрілік
өсімдік) жемісі, сүйментамыр (любисток), асылтекті
лавр, шұрық-тесікті шайшөп (зверобой), ащы жалбыз
(мята), дәрібалдырған (дягиль) және артемиядан
(теңіздің таяз аумағында, тұзды көлдерде тіршілік
ететін шаянтәріздес жәндік) алынған шипалы заттар
бар.
Мамандар біліктілігі сараланды
g
Елімізде еңбек етіп жүрген әрбір мигрант
мемлекетке салық төлеуі тиіс. «Еңбек мигра-
циясын реттеу туралы» жаңа заң 2014 жылдың
1 ақпанынан бастап күшіне енді
Мигранттар да салық төлейді
Г. МИРАБИТОВА, Тараз қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының салық
төлеушілермен жүмыс істеу бөлімінің бас
маманы
Ал салықтан жалтарған гастарбайтерлер
әкімшілік жауапқа тартылып, шекара асырылмақ.
Бүгінде Көші-қон полициясына келіп, жыл
басындағы жаңашылдықпен танысуға ниет білдірген
шетелдіктердің қарасы көп. Оған негіз де жоқ емес.
Ағымдағы жылдың бірінші ақпанынан бастап елге
келген еңбек мигранттары жеке тұлғаларда еңбек ету
құқығына ие болмақ.
Алайда жұмыс беруші 5 шетелдік азаматтан
артық адам жұмысқа ала алмайды. Сонымен қатар
олар келсімшарт бойынша уақытылы 2 айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде 3964 теңге төлеуге
міндеттеледі. Егер көрсетілген табыстар бойынша
салық кезеңі аяқталғаннан кейін, еңбек мигрант-
тары табыстың салық салынатын сомасына 10%
пайыз мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс
салығының сомасын есептеуді жүргізеді.
Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы
бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы
есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс
салығының сомасынан аз болған жағдайда, еңбек
мигранттары жеке табыс салығы бойынша деклара-
цияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он
күннен кешіктірмей, сома айырмасын төлеу керек,
жеке табыс салығы бойынша декларацияны салық
төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық
органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31
наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бой-
ынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті
салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының
сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу
сомасы артық төленген жеке табыс салығының со-
масы болып табылмайды және кері қайтарылмайды
немесе есепке жатқызылмайды.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасынан тысқары
жерлерге шығу жағдайында, еңбекші көшіп келуші
жеке табыс салығы бойынша декларацияны
ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап Қазақстан
Республикасынан тысқары жерлерге шыққан күнге
дейінгі кезеңге табыс етеді. Алайда заң баршаға
бірдей емес. Бұл жаңашылдық тек жеке тұлғаларға
ғана қатысты. Яғни заңды тұлғаларға оның еш
қатысы жоқ. Жаңа заң бойынша еңбек мигранттары
үй шаруашылығына, аспаз болуға қабылданады.
Ал тағы бір айта кететін жайт, құрылыс немесе
қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер еңбек
мигранттары мұндай шартпен жұмысқа қабылдай
алмайды. Қазақстанға ТМД елдерінен келген
шетелдіктер жеке сәйкестендіру нөмірін алып,
уақытша мекенжайлары бойынша салық орган-
дарына тіркелу қажет. Естеріңізге сала кетейік,
төлемдердің барлығын еңбек мигранттары өздері
рәсімдеуге міндетті.
Егер де қандайда бір заңға қайшы әрекеттер
әшкереленсе, жұмыс берушіге айыппұл салы-
нып, шетелдіктер елдеріне жөнелтіледі. Алайда
бұл заңның түрікменстандықтарға қатысы жоқ.
Себебі екі ел арасындағы қарым-қатынас визалық
режим арқылы жүргізіледі. Жұмыс беруші еңбек
мигранттарға тиісті құжаттарды рәсімдемесе ол заң
бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Аталмыш заң шетелдіктерге заңды түрде жұмыс
істеп, көлеңкелі бизнестен арылуға өзіндік септігін
тигізбек. Әрине, кез келген салық көлемінің артуы
біздің еліміздің экономикасы үшін үлкен әсері бола-
ды. Өйткені біздің еліміздің экономикасын көрсетуге
салық түсімдері негізгі қозғаушы күш атқарады.
Соған байланысты дұрыс шешім.
Бұлар еңбекақы алып, ештеңе төлемей елдеріне
қайтып кеткісі келеді. Ол дұрыс емес. Көші-
қон мәселелеріне қатысты өзгерістен кейін
елімізге келушілердің саны арта ма, жоқ па оны
уақыт көрсетеді. Мамандар заң күшейген сайын
қылмыстың да азая түсеріне сенімді.
АлУАн
11
// «ЖАМБыл - ТАрАз» // №6 (1241), 11 АҚПАн 2015 Жыл //
Достарыңызбен бөлісу: |