2 бет. Тарихыңды таны



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата06.02.2017
өлшемі4,48 Mb.
#3544
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

МЕНШІК ИЕСІ:

  «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС

Газет қазақ және орыс тілдерінде 

аптасына бір рет шығады. 

Газет «Сенім» баспа 

орталығы» ЖШС-інде 

жарық көрді.

Тараз қ., Төле би 22.

«Шапағат» конкурсына

қатысуға шақырамыз!

Қазақстан  Республикасының  Әділет 

министрлігі  жыл  сайын  Қазақстан 

Республикасының  Әділет  министрінің 

2010 жылғы 10 наурыздағы № 79, Қазақстан 

Республикасының  Білім  және  ғылым 

министрінің  2010  жылғы  22  ақпандағы 

№ 77/1 және Қазақстан Республикасының 

Индустрия және сауда министрінің 2010 

жылғы  10  наурыздағы  №  74  бірлескен 

бұйрығына сәйкес, өнертабыс саласындағы 

жетістіктерді  марапаттауға  арналған 

«Шапағат»  республикалық  конкурсын 

өткізеді.      

 Байқау «Өнертапқыштық саласындағы 

жетістіктердің  Республикалық  байқауын 

өткізу ережесіне» сәйкес «Жылдың үздік 

өнертабысы», «Үздік өнертапқыш әйел»,  

«Жылдың ең жас өнертапқышы», «Жылдың 

ең белсенді өнертапқышы», «Жас дарын» 

номинациялары бойынша өткізіледі. 

 «Жас дарын» номинациясына ғылыми-

зерттеу  жұмыстары  перспективті  зерт-

темелерге  жататын  және  ерекшелік 

критерийлеріне  жауап  беретін  14  жас 

пен  18  жас  аралығындағы  студенттер 

мен  оқушылар  арасынан  үміткерлер 

іріктелініп алынады. Аталған номинацияға 

инновациялық патенттермен немесе патент-

термен қорғалмаған ғылыми жұмыстар да 

қатыса алады. 

  Байқау  және  өтінім  формасы  тура-

лы  ақпарат  www.kazpatent.kz  сайтында 

орналастырылған.  Қосымша  ақпаратты 

төмендегі  телефон  нөмірлері  бойынша 

алуға болады.

Байқауға  қатысу  туралы  өтінім  2015 

жылдың  20  наурызына  дейін  келесі                          

мекенжай  бойынша  қабылданады: 

«ҰЗМИ» РМК, Өнертабыстар мен пайдалы 

модельдерді сараптау басқармасы, Астана 

қ., Орынбор к., 8- үй, Министрліктер үйі, 

№ 18 В- кіреберіс, тел.: 8 (7172) 50-26-09, 

8 (7172) 50-26-20, факс 8 (7172) 50-25-66 

(Ильясова Г.К. мен байланысуға болады), 

e-mail:  kazpatent@kazpatent.kz.

Сонымен  қатар  барлық  қызықтырған 

сұрақтар  бойынша  Жамбыл  облысының 

Әділет  департаментіне  жүгінуіңізге  не-

месе 8 (7262) 56-94-45, 8 (7262) 43-21-95 

байланыс телефондарына хабарласуыңызға 

болады.


     Жамбыл облысының Әділет 

департаментінің 

Зияткерлік меншік 

құқықтары бөлімі

Бесінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының

(кезекті отыз жетінші сессия)

ШЕШІМІ


Тараз қаласы   

                 №37-7                      24 желтоқсан 2014 жыл

Жиналыстар, митингілер,

шерулер, пикеттер мен 

демонстрациялар өткізу тәртібін 

қосымша реттеу туралы

Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында 

бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру 

мен  өткізу  тәртібi  туралы»  Заңының  10-бабына  сәйкес  және  бейбіт  жиналыстар, 

митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу 

мақсатында Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жергiлiктi жердегi жағдайларды ескерiп, жиналыстар, митингілер, шерулер, пикет-

тер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Тараз қаласы 

аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу 

орны:Балуан Шолақ көшесі бойындағы, 50 «Б», «Мамыр» саябағына іргелес алаңболып 

белгіленсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, 

азаматтар құқығын қорғау, құқылық тәртібі, және гендерлік саясат жөніндегі тұрақты 

комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне 

енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.

Тараз қалалық            

мәслихатының хатшысы                                                                       Б. Нарбаев

Шешім жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 ақпанда №2488 болып тіркелген.   

ТАрАз ҚАлАСыныҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУлы

Тараз қаласы         

                              № 133                                             9 ақпан  2015 ж.

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы 

үшін алып қоюға байланысты жер 

учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын 

мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың  

басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84,85,86-баптарының, «Мемлекеттік мүлік тура-

лы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан 

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 

-баптарының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы «Жамбыл 

облысы Тараз қаласының Бас жоспары туралы» №104 Қаулысын басшылыққа ала отырып, Тараз 

қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Тараз қаласының Бас жоспарын орындау мақсатында, қалалық орталық базар аумағындағы тарихи 

орталықтарды жаңғыртуға сәйкес, ескі базарды қала сыртына шығару үшін жер пайдаланушылардан 

мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін  немесе өзге де жылжымайтын 

мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:

1) Бахтыбек Сейткасымович Даулетияровтан Ақмола көшесі,  № 3 жайдағы, көлемі 0,0698 га жер 

теліміне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы (060970071205);

2) Вячеслав Анатольевич Обуховтан Пушкин көшесі, № 2 «А» жайдағы, көлемі 0,026 га жеке менші 

құқығы (06097005458).

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін іске 

асады.

3. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын жер учаскесінің меншік иелері көрсетілген қаулымен 



келіспеген жағдайда мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімін хабарлама алған кезден бастап үш ай 

өткеннен кейін, жер учаскесінің мәжбүрлеп шығарудың күні 2016 жылғы 9 ақпанына дейін деп 

айқындалсын.

4. Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың 

келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иелерімен жер пайдаланушылар жүгінетін орыны «Тараз 

қаласы әкімдігінің

жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Тараз қаласы, Желтоқсан 

көшесі № 28, байланыс телефондары 43-54-77 - деп көрсетілсін.

5. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 

(Б.Сүгірбеков) меншік иелерімен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің орнына тең бағалы жер 

учаскесін беру туралы келіссөздерді немесе жер учаскесін сатып алу бойынша келісім шарттарды 

жүргізу іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.  

6. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомо-

биль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Б.Жақсылықов) жер учаскелерін сатып 

алу бойынша келісім – шарттарындағы көрсетілген қаражаттарды уақытылы аударуы тапсырылсын.  

7. Жер учаскелерін алу кезінде сатып алынған жылжымайтын мүліктер «Тараз қаласы әкімдігінің 

тұрғын жай – коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне қабылдансын және әділет департаментінде 

мемлекеттік тіркеуден өткізілсін. Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама 

аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.

8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.

Қала әкімінің 

міндетін атқарушы                                                                                                       Ж.Сапаралиев                                                                                        

ТАрАз ҚАлАСыныҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУлы

Тараз қаласы         

                    № 134                                                  9 ақпан 2015 ж.

Жер учаскелерін мемлекет 

мұқтажы үшін алып қоюға байланысты 

жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен 

шығарудың басталуы туралы 

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84,85,86-баптарының, «Мемлекеттік мүлік тура-

лы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан 

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 

-баптарының негізінде және 2015 жылдың 20 қаңтардағы Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап 

өту мерей тойына дайындығының және өткізуінің Республикалық комиссия отырысының хаттамасын 

басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Тараз қаласына сквер, аллея және абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін мемлекет мұқтажы 

үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:

1) Рахиля Примкуловадан, Жамбыл даңғылы, №73 жайдағы, көлемі 0,7187 га, уақытша өтеулі жер 

пайдалану құқығы (06097004523);

2) «Тараз Пасс Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен, Жамбыл даңғылы, №3 «Б» жайдағы, 

көлемі 0,2750 га, жеке меншік құқығы (06097019059);

3) «Камкор-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен, Жамбыл даңғылы, №3 «В» жайдағы, 

көлемі 0,1115 га, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы (06097019010);

4) «Автобекет-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен, Жамбыл даңғылы, №1 «Г» жайдағы, 

көлемі 0,4477 га, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы (06097019010).

2. Тараз қаласының бас жоспарын орындау мақсатында жаңадан қала аумағына қосылған «Автобе-

кет» маңындағы жерлеріне тұрғын үй құрылысын жүргізу алқабын ұйымдастыру үшін Тараз қаласының 

солтүстік-шығысында орналасқан Микаил Хамидович Камаловтан,  көлемі 3,6800 га, жеке меншік 

құқығы (06097019650) мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп 

иеліктен шығару жұмыстары басталсын.

3. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін іске 

асады.


4. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын жер учаскесінің меншік иелері көрсетілген қаулымен 

келіспеген жағдайда мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімін хабарлама алған кезден бастап үш ай 

өткеннен кейін, жер учаскесінің мәжбүрлеп шығарудың күні 2016 жылғы 9 ақпанына дейін деп 

айқындалсын.

5. Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың 

келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иелерімен жер пайдаланушылар жүгінетін орны «Тараз қаласы 

әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Тараз қаласы, 

Желтоқсан көшесі № 28, байланыс телефондары 43-54-77 - деп көрсетілсін.

6. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 

(Б.Сүгірбеков) меншік иелерімен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің орнына тең бағалы 

жер учаскесін беру туралы келіссөздерді немесе жер учаскесін сатып алу бойынша келісімшарттарды 

жүргізу іс-шараларын ұйымдастыру мен жер учаскелерін сатып алу бойынша келісімшарттарындағы 

көрсетілген қаражаттарды уақытылы аударуы тапсырылсын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.



Қала әкімінің 

міндетін атқарушы                                                                                                       Ж.Сапаралиев                                                                                        

ОрТА

20

//   «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №6 (1241),  11 АҚПАн  2015 Жыл 



-  Саттар Ерғалиұлы, өзіңіз басқарып 

отырған «Дене мүмкіндігі шектеулі 

адамдарға арналған спорт клубы» 

қашан құрылды және мұнда қандай 

спорт түрлері қамтылған?

-  Мен облыстық спорт басқармасында 

жұмыс  жасап  жүргенімде,  2009  жылы 

Талдықорған қаласында іссапарда бол-

дым. Сол жолы Дене мүмкіндігі шектеулі 

адамдар  арасында  ІІ  республикалық 

спартакиада  өткен  еді.  Бұл  жарысқа 

қаламыздың жай ғана әуесқой мүгедек 

спортшылары қатысты. Өзге қалаларда 

Дене  мүмкіндігі  шектеулі  адамдарды 

жаттықтыратын спорт клубтары бар екен. 

Сол жарыстан кейін осы клубты құру үшін 

бел шеше кірістік. Басшылар қолдады. 

Сонымен  Жамбыл  облысы  әкімдігінің 

2012  жылдың  27-ші  желтоқсандағы 

№439 қаулысы негізінде Жамбыл облы-

сы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру 

және спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі 

шектеулі  адамдарға  арналған  спорт 

клубы» құрылды.  Қазіргі таңда клубы-

мызда 10 спорт түрі қамтылған. Олар: 

суда жүзу, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, 

спорттық арбада билеу, үстел теннисі, 

шахмат,  дойбы,  тоғызқұмалақ,  еркін 

және  грек-рим  күресі.  Оның  ішінде  20 

спорттық сауықтыру тобы, негізгі топта 

80  спортшы,  қосалқы  топта  55  спорт-

шы тіркелген. Осы орайда айта кететін 

жайт,  біздің  клубтың  басты  мақсаты  – 

әр  түрлі  жастағы    мүмкіндігі  шектеулі  

азаматтардың өмірге белсенділігін арт-

тыру.  Тұрақты  түрде  дене  шынықтыру 

және  спортпен  шұғылдануына  ба-

рынша  жағдай  жасау.  Сонымен  қатар 

паралимпиадалық,  паралимпиадалық 

емес  және  сурдлимпиадалық  спорт 

түрлерін дамыту болып табылады. 

- Клуб құрылғалы бері  түрлі деңгейде 

жарыстар ұйымдастырылды ма?

- Әлбетте. Біз 2013 жылдың мамыр 

айында дене мүмкіндігі шектеулі 

адамдар арасында республикалық 

спартакиада өткіздік. Аталмыш 

бәсекеде 1200 мүгедек спортшы 

қатысып, бақ сынады. Бұл жұмысты 

өткізу үшін, біз көп жұмыс атқардық. 

Себебі, мүгедек жандарды күтіп алу, 

шығарып салу, оларды қонақ үйлерге 

орналастыру ерекше жағдайларды 

талап етеді.  Қаламыздағы қонақ 

үйлердің 95%-да мүмкіндігі шектеулі  

жандарға ешқандай жағдай 

жасалмаған. Сондықтан аталмыш 

бәсекені үш этапқа бөліп өткізуге 

тура келді. Жарыстың өту барысында 

дөңгелек үстел ұйымдастырдық. 

Оған Ұлттық паралимпиадалық 

ойындары комитетінің Президенті 

Дархан Калентаев қатысып, түрлі 

мәселелердің басы шалынып

мүгедектер арасындағы спортты 

дамытудың әдістемелері ұсынылды.



- Сіздерде жаттықтырушыларға 

қандай жағдайлар жасалған?

- Клубтағы жаттықтырушыларды сынақ 

бойынша қабылдадық. Олардың басты 

сынағы  2013  жылдың  мамыр  айында 

өткен республикалық спартакиада бол-

ды.  Мүгедек  жандармен  жұмыс  істеп 

кету - әркімнің қолынан келе бермейтін 

жағдай. Оларға қойылған  басты талап 

–  мүгедек  спортшыны  дені  сау  спорт-

шылармен бірге бір залда жаттықтыру 

болды. Себебі, бізде оларға арнайы зал 

қарастырылмаған. Осы жай шелшілмей 

отыр.

- Сіздердің қатарларыңызда үлкен 

спорттан келген жаттықтырушы  

азаматтар бар ма?

-  Әрине.  Ел  Президентінің  қай 

Жолдауында  болмасын  тайға  таңба 

басқандай етіп, мүгедектердің жұмысқа 

тұруына  жағдай  жасалсын  деп  дөп 

басып  айтылып  келеді.  Клубта  екі 

мүгедек жаттықтырушы бар. Олар: Факия 

Шихова  -  спорттық  арбада  билеуден 

халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 

үстел  теннисінің  жаттықтырушысы  –

Анатолий Гончаров, ІІІ топтағы мүгедек. 

Клуб  әкімшілігінде  ІІ  топтағы  мүгедек 

Мұқан  Қуанышбаев  және  спорттық 

дәрігеріміз  –  Бақдәулет  райымқұлов 

еңбек етуде.

- Сіз, Қазақстан Республикасына 

еңбек сіңірген жаттықтырушысыз. 

Өзіңіздің жетістіктеріңізбен бөлісе 

отырсаңыз.

-  негізінен  мен  суда  жүзу  спорты 

бойынша  зульфия  Габидуллинаның 

жеке  бапкерімін.  зульфия  бірнеше 

республикалық  және  халықаралық 

жарыстарға  қатысып,  жүлделі  орын-

дардан  көрініп  жүр.  Жетістігім  -  2014 

жылы қазан айында Оңтүстік Кореяның 

Инчхон қаласында өткен Пара-Азиялық 

ойындарда  зульфия  жеңімпаз  болып, 

50 метрде еркін жүзуде Әлем рекордын 

жаңартқаны. Біз бұл жеңістермен тоқтап 

қалмаймыз, алда жарыстар көп.

- Клуб спортшыларының 

жетістіктеріне тоқталсаңыз.

-  Ия.  Біздің    мақтаныштарымыз      -  

зульфия  Габидуллина,  Спорттық  ар-

бада  билеуден  Әлем  чемпионатының 

қ о л а   ж ү л д е г е р і   Ф а к и я   Ш и х о -

ва ,   Б ү к і л д ү н и еж ү з і л і к   ш а х м ат 

олимпиадасының  күміс  жүлдегері  Аб-

дурашид  Әлімханов,  еркін  күрестен 

ХХІІ  Сурдлимпиадалық  ойындарының 

жеңімпазы  және  грек-рим  күресінен 

әлем  чемпионатының  қола  жүлдегері 

Ғабит  Есжанов,  2014  жылы  Мәскеу 

қаласында  өткен  Пара-таэквондо-

дан  Әлем  чемпионатының  жеңімпазы 

Өмірәлі нышан және басқа да мақтанып 

айтарлықтай  спортшыларымыз 

баршылық. Бұл спортшылардың басым 

көпшілігі халықаралық дәрежедегі спорт 

шеберлері. 

- Саланың кемшін тұстары туралы 

айтып өтсеңіз.

-  Бізде  қазір  жетпей  тұрғаны 

мүгедектерге  арналған  бөлек  спорт 

о рта л ы ғ ы .   Б а рл ы ғ ы   б і р   ж е р ге 

шоғырланып,  жағдайы  жасалған  зал-

да  жаттығу  жасаса,  жетістіктеріміз 

д е   м о л а я р   е д і .   О с ы   а р қ ы л ы 

спортшыларымыздың  да  саны  артар 

еді.  Қазіргі  таңда  дені  сау  спортшы-

лармен  араласып  жаттығатындықтан, 

спортқа ебі бар, қызығушылық танытып 

жүрген мүгедектер қымсынады.  Тағы бір 

айта кетерім, аудандардағы мүгедектер 

спортының  дамуы  көңіл  көншітпейді. 

Ол  жақтарға  жаттықтырушылар  бөліп, 

жаттығу залдарына келіп-кетуіне жағдай 

жасап  берсе,  біздегі  спортшылардың 

саны  мен  сапасы  да  артарына  ешкім 

күмән келтіре қоймас. 

- Алдағы жоспарларыңыз қандай?

-  Алда  бізді  бірқатар  халықаралық 

жарыстар күтіп тұр. Мақсатымыз - сол 

жарыстардан жеңімпаз болып қайту. Ең 

бастысы - рио-де-Жанейро қаласында 

өтетін  паралимпиадалық  ойындарда 

жеңіс  сатысының  ең  биік  тұғырынан 

көріну. 


- Әңгімеңізге рахмет! Болашақта 

өтетін бәсекелерде асықтарыңыз тек 

алшысынан түссін!

сұхбаттасқан 

шынболат сейдуалиев

саттар Бейсембаев,

 дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры:

рИО-де-ЖанейрО

БИігін 

БағындыраМыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет