Оқушылардың міндеттері: 1. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.
2. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:
- үлкендерді құрметтеу;
- басқа адамның ар-намысын қавдірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
- өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
6. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.
7. Өндірістік және қоғамдық пайдала еңбекке белсенділікпен қатысу.
8. Үлкенге - құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.
3.Бала құқығы деклорациясымен танысу.Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған. «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9 - тарау, 53 - бап - тан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді. Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз - мына біздер.
Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан
*Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
*Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
*Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
*Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
*Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
*Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
*Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
*Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
*Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
*Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.