2. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының Анты
1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.
3. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының Ураны
1-жүргізуші: «Сыбайлас жемқорлық» деген не?
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік - “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында "corrumpire" түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
4. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының Гимн
5. «Сыбайлас жемқорлық» сөздер
Жамандыққа тосқауылды қояйық, Пара алғанның жолы жабыққой анық, «Қазақстан-2050»-айқын жол, Күресейік,жемқорлықты жояйық.
Әр ата-ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа,даналыққа үйретсең,
Жолдаң таймас ар болған соң санада.
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп,қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.
6.Бейне роликке назар аударайық! (видео ролик көрсетіледі)
1-жүргізуші:
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:
- қоғамның бақытты болашағын тежейді;
- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;
- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
2-жүргізуші: Республикамызда сыбайлас жемқорлықты реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданған.
ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары жатады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-тарауында Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқықтық бұзушылықтар үшін әртүрлі жазалар қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |