2-БӨлiм. ӘКімшілік қҰҚЫҚ БҰзушылық ЖӘне әкімшілік жауаптылық


-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу



бет3/10
Дата15.11.2023
өлшемі60,49 Kb.
#124074
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
51-бап. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу
1. Шетелдiктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберуді судья осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген тәртiппен және негiздер бойынша әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.
Осы бөліктің ережелерi шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылатын шығарып жiберу жағдайында қолданылмайды.
2. Егер әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында өзіне қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу түрiнде әкiмшiлiк жазалау шарасы қолданылуы мүмкiн адам, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын іс-әрекеттің өзiне қатысты жасалғаны туралы хабарланған жағдайда, онда осы адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң 179-бабында белгiленген тәртiппен хабарлама немесе арыз бойынша шешiм қабылданғанға дейiн кейiнге қалдырылады.
52-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы тұлғаның жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында осы Кодекске сәйкес мынадай әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары қолданылады:
1) жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру;
2) құқық бұзушының жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгiлеу;
3) азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны осы Кодекстің 6464-1-баптарында көзделген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатқан кезде оның орнына да қолданылады.

53-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру
1. Осы Кодекстiң 594 (төртінші бөлiгiнде), 596 (төртiншi бөлiгiнде), 598 (екiншi бөлiгiнде), 599 (екiншi бөлiгiнде), 600 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлiк құралдарының жүргiзушiлерi жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру үшiн емтихан тапсыруға жiберiледi.
2. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулыны осы Кодекстiң көрсетілген баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет