2-БӨлiм. ӘКімшілік қҰҚЫҚ БҰзушылық ЖӘне әкімшілік жауаптылық


-1-бап. Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру



бет4/10
Дата15.11.2023
өлшемі60,49 Kb.
#124074
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
53-1-бап. Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру

Осы Кодекстің 436-бабының бірінші бөлігінде484-бабының бірінші бөлігінде, 485-бабының бірінші бөлігінде және 486-бабының бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылары азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.
Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы Кодекстің көрсетілген баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.
54-бап. Құқық бұзушының мiнез-кұлқына ерекше талаптар белгiлеу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде сот өз бастамасы бойынша не полиция органдарының немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге басқа қатысушылардың өтiнiшхаты бойынша осы Кодекстiң 7373-173-2127128131434435436, 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448461482, 485 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:
1) жәбiрленушiнiң отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабiлетсiз мүшелерiн қоса алғанда, жәбірленушінің еркiне қарамастан, оны iздестiруге, оның iзiне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
3) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз кәмелетке толмағандарға белгілі бір жерлерге баруына, басқа да жерлерге шығуына;
4) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiлеуi мүмкiн.
2. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiленген кезде жәбiрленушi мен оның отбасы мүшелерiн күзету және қорғау үшiн сот ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның басқа да тұрғынжайы болған жағдайда, жәбiрленушiмен бiрге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда тұруға тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шарасын отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге қолдануға құқылы.
3. Құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзiмi iшiнде оған профилактикалық әңгiмелесу үшiн айына бiр реттен төрт ретке дейiн iшкi iстер органдарына келіп тұру мiндетi жүктелуi мүмкiн.
7-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ҚОЛДАНУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет