2-БӨлiм. ӘКімшілік қҰҚЫҚ БҰзушылық ЖӘне әкімшілік жауаптылық


-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату



бет8/10
Дата15.11.2023
өлшемі60,49 Kb.
#124074
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе қолданылған әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде, егер көрсетілген акт әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн.
2. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жекелей анықталмаған адамдар тобына қатысты шығарады.
64-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату
1. Осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 73-3, 79 (бірінші бөлігінде), 146185186, 190 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 220229 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң арызы бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласқаннан кейiн тоқтатылуға жатады.
1-1. Егер осы Кодекстің 73, 73-1, 73-2 және 73-3-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдар жәбірленушілермен, арыз иелерімен, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірген зиянын жуып-шайса, сот оларды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.
2. Татуласу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға қол қойған жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.
64-1-бап. Құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату
Жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) ауызша ескертумен шектеле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Ескертпе. Адамды осы бапта көрсетілген негіз бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтан босату туралы мәселе шешілген кезде – әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нақты мән-жайлары, оның ішінде құқық бұзушының жеке басы, сондай-ақ қолсұғушылық объектісі, ал келтірілген зиян болған кезде оның мөлшері ескеріледі.
Ескерту. 8-тарау 64-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҒЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет