СубъектЖәне Объект (лат. subjectum – бастауыш және objektum – пән, нысан.) – философиялық категориялар.
Позитив (лат. positivus - оң, дұрыс) (ауысп. мағынада) позитивтік, оңжәйт (негативкеқарама-қарсы).
Когнитивті депривация – таным мүмкіндіктерінің болмауы. Когнитивті картирлеу – нақтылы бір мәселеге қатысты қай саясаткер қандай пікірді, көзқарасты ұстанатындығын, қалай қабылдайтынын анықтау әдісі.
Эмоционалды- сезімдік компонент. Бұл компонентке шығармашылық қабілеттерді дамытуда басты орын алатын қиялдау, шабыт, интуиция сезім, белсенділік сияқты қасиеттер жатады.
Педагогика– адам тәрбиесі туралы ғылым.
Тәрбие – аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін. процесс.
Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т.б. қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту процесі.
Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.
Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған, арнайы міндет көздеген жұмысы.
Өзін-өзі тәрбиелеу - өз бойындағы адамгершілк қасиеттерді дамытып, теріс қылықтарды жоюға бағытталған баланың жүйелі және саналы әрекеті.
Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі.
Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерді қолданып жүрген ең көп таралған әдісі. Байқау, ең алдымен, тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейді, байқалатын объектілерді бөліп алып, әдетте фактілер мен белгілерді тіркеп отыратын күні бұрын жасалған жоспар бойынша жүргізіледі.
Педагогикалық қарым-қатынас – оқудағы өзара іс-әрекет формасы, оқушы мен оқытушылардың ынтымақтастығы.