ауруларының профилактикасы ретінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 927. Үй қоянын өсiретiн шаруашылықтардың басшылары мен ветеринариялық мамандары, қояндарды тасымалдау, қабылдау және оның шикiзат өнiмдерiн өңдеу кәсiпорындарының басшылары аурудың профилактикасы үшiн жалпы ветеринариялық-санитариялық сақтық іс-шараларын қатаң сақтауға міндетті.
928. Үй қоянын өсiретiн шаруашылықтардың, басқа шаруашылығы субъектiлерiнiң ветеринариялық мамандары, қоян өсiрушi-әуесқойлар, елдi мекендерде, шаруашылығы субъектiлерiнде мемлекеттiк ветеринариялық қызмет көрсететiн мамандар, ветеринариялық арнаулы іс-шаралардың жоспарында көрсетiлгенiндей (профилактикасы егулер, диагностикалық зерттеулер) жүргiзуі тиіс, қояндардың геморрагиялық вирустық ауруының профилактикасы, сақтандырудың жағдайын жасайды және қояндарды үнемi бақылауды қамтамасыз етедi.
929. Үй қояндарының шикiзаттарымен жұмыс iстегенде, ветеринариялық және санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтайды, өндiрiс орнынан шаруашылықтың залалсыздандырмаған қалдықтарының шығуына жол берiлмейдi.
930. Жемшөп мен терi шикiзаттарының бiр қоймада сақталуына болмайды.
931. Үй қояндарының және оның шикiзаттарын тасымалдағаннан кейiн автокөлiктi міндетті жуып және оған дезинфекция жасалынады.
2-параграф. Үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруына күдiк туған кездегі жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 932. Үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруына (бұдан әрі – ҮҚВГА) күдiк туғанда шаруашылығы субъектiлерiнiң басшылары, ветеринариялық мамандар мыналарға:
1) ҮҚВГА-ға күдiк туғанда аудандық (қалалық) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторға хабарлауға;
2) қояндардың және оның өнiмдерiн сатып таратуды, тоқтата тұрудың шарасын жасауы;
3) жануарларды бағып күтушi персоналдың және көлiктiң кiрiп-шығуына шектеу қоюы;
4) қояндарды шаруашылықта топтастыруға, және жаңадан сырттан әкелуі;
5) басқа да ауруды таратпаудың тиiстi іс-шараларын қарастыруы қажет.
933. Жануарлардың иелерi ҮҚВГА-ға күдiк туғанда жақын бөлiмшедегi ветеринариялық-санитариялық инспекторға хабарлауға міндетті.
934. Аудандық бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор немесе бөлiмшенiң ветеринария саласындағы маманының ҮҚВГА-ға күдiк туғаны жөнiнде хабарды алғаннан кейiн мыналарға міндетті:
1) күдiктi жерге келiп эпизоотиялық жағдаймен танысады және ауруды анықтаудың, ауруға диагноз қоюдың іс-шараларын қарастырады;
2) ауруға тиiстi патматериал, сынама алып, оны ветеринариялық зертханаға немесе ғылыми зерттеу институтының зертханалық тексеруге жiберудi ұйымдастырады;
3) ауру тарату көзiн және оның жұғу жолдарын анықтайды;
4) қолайсыз пункттiң және қауiптi аймақтың шекарасын анықтайды, сонымен қатар ауруды таратпаудың нақты іс-шараларын белгiлейдi.
935. ҮҚВГА жөнiнде диагноз қойылғаннан кейiн, шаруашылығы субъектiлерiне шектеу қойылады.
3-параграф. Үй қояндардың вирустық геморрагиялық ауруын жою