жүзеге асырылатын, вирустық энтериттен профилактикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 940. Малдардың вирустық энтерит ауруын сақтандыру мақсатында мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) вирустық энтеритке қолайсыз аймақтан күзен шаруашылығына жем, төсенiш, көлік құралдарын әкелуге рұқсат берiлмейдi;
2) аурудан қолайсыз пунктерден күзендi күтетiн тұлғаларға ауруға қолайсыз шаруашылығы субъектiсiне баруға жол берілмейді.
2-параграф. Эпизоотикалық ошақтарда және вирустық энтеритке қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 941. Күзеннiң вирустық энтеритi ауруына күдiк болған жағдайда (жемнен тартыну, iш өткенде нәжiстер әр түрлi-түстi болған кезде, нәжiстерде кiлегейлi түтiк тәрiздiлер байқалғанда және басқалар) шаруашылығы субъектiлерiнде жұмыс iстейтiн ветеринария саласындағы маман, ветеринариялық зертханаға зерттеуге патологиялық материалдар (өлексе, сұйық нәжiсi бар кiлегейлi түтiктер немесе iшек кесiндiлерi) жiберуi тиiс.
942. Аурудың шыққаны туралы тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринар инспекторына хабарлауы тиiс.
943. Барлық ауру және ауруға күдiктi деген күзендердi оқшау жерге бөлiп алады.
944. Аймаққа кiретiн жерде Қазақстан Республикасы және/немесе Евразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiмен дезинфекция ерiтiндiсi бар дезинфекциялық тосқауыл қою керек. Шедаларға кіре берісте дезинфекциялық кедергілер қойылады.
945. Күзен өлген үйшiктi, торды, су, жем беретiн құралдарды Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiсiмен сулы дезинфекция жүргiзiп, артынан тазартып, қайталап дезинфекция жүргiзедi. Күтушi персоналдың арнайы киiмдерi мен аяқ киiмдерiн булы формалин камерасында дезинфекциялайды.
946. Қи, төсенiш және жем қалдықтарын күн сайын жинап, биотермикалық әдiспен зарарсыздандыруға үйiп, дайындайды.
947. Тор астындағы топыраққа Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiсiн құяды.
948. Күзен ауруына күдiктi деген малды қарауға жеке персонал бөлiнедi; оларды басқа аурудан қолайлы шаруашылығы субъектiлерiндегi персоналмен қатынасуына жол бермейдi.
949. Диагноз зертханалық тәсiлмен расталғанда, шаруашылығы субъектiнi күзеннiң вирустық энтеритiнен қолайсыз деп жариялайды және мынадай шектеулер қойылады:
1) шаруашылығы iшiнде күзендердiң ауыстыруына жол берілмейді, сондай-ақ аңды қолға ұстап орындалатын iс-шараларды тоқтатады (өлшеу, бонитировка жасау);
2) қолайсыз шаруашылығы субъектiсі аумағына басқа персоналдың келуiне жол берілмейді, қолайсыз және қолайлы аң шаруашылықтары арасындағы байланысты тоқтатады;
3) шаруашылығы субъектiден күзендердi, сондай-ақ аңды күтуге қолданған құралдарды басқа жаққа шығаруға жол берілмейді;
4) қолайсыз шаруашылықта жұмыс iстейтiн персоналға аумаққа кiруге және одан шығуға тек қана, арнайы киiм мен аяқ киiмдерiн ауыстырғаннан кейiн рұқсат етiледi.
950. Қолайсыз пункт шаруашылығы субъектiсіге жем шөп, төсенiш, жабдық, мүлiк және малды күтетiн басқа құрал саймандарды аумақтың шекарасында орналасқан алмасу алаңы арқылы әкелiнедi, соңынан көлiк құралдарын арнайы дезинфекция жасайтын алаңдарда дезинфекциялайды.
951. Жабайы құстарды үркiту, кемiргiштер мен жәндiктердi жоюды ұйымдастырады, сондай-ақ аң өсiретiн фермаға ит, мысық және тағы да басқа жануарлардың кiрiп кетпеу шараларын қабылдайды.
952. Ауру және ауырып болған аңдарды жүнi өсiп болғаннан кейiн вирус алып жүрушi ретiнде деп сою.
953. Шаруашылығы субъектiдегi күзендердi вирустық энтеритiне қарсы вакциналайды.
954. Күн сайын аңдарды күтетiн құралдарды, сондай-ақ аптасына бiр рет олар тұратын тор мен үйшiктердi Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiсiмен дезинфекциялайды.
955. Энтериттен өлген күзендердiң терiсiн алу, арнайы жабдықталған орында, арнайы бөлген қызметкерлер жүргiзедi.
956. Күнделiктi жұмыс аяқталғаннан кейiн өлекселердi, пайдаланған ағаш жаңқаларын және майлар күйдіріледi, ал қоралар, құрал-саймандар мен жабдықтар Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiсiмен дезинфекцияланады.
957. Шаруашылығы субъектiсiнен өлген күзендердiң терiлерiн зарарсыздандырылғаннан кейін әкетуге рұқсат етіледі.
958. Қолайсыз пункт шаруашылығы субъектiсiнен шектеудi соңғы өлiм тiркелгеннен күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін немесе күзендердiң вирустық энтеритiнен сауыққаннан кейiн және қорытынды іс-шаралар өткiзiлгеннен соң алынады.
88-тарау. Қоянның миксоматозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 88-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Қояндардың миксоматоз ауыруы анықталған