бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 936. Шектеудiң шарты бойынша қолайсыз пунктте мыналарды:
1) қояндарды және оның өнiмдерiн: терi, түбiт, мүлiк және қоянның жемшөбін әкелуге және шығаруға;
2) үй қояндарын қайтадан топтастыруға;
3) үй қояндарының шоғырлануына байланысты өткізілетін көрмелер және басқа шаралар ұйымдастыруға;
4) қояндарды және оның сойылған өнiмдерiмен сауда саттық жасауға;
5) қоян өсiрушiлердiң жануарларды айырбастауына;
6) қояндарды шағылыстыратын пункттердiң жұмыс iстеуiне;
7) ауру қояндар орналасқан және оның өлексесi жатқан жерден жемдік жем-шөп дайындауға және олармен қояндарды жемдеуге;
8) қояндарды базарлардан, қоғамдық тамақтандыру орындарынан, елдi мекендерден алынған залалсыздандырылмаған тағам, өсiмдiк қалдықтарымен жемдеуге;
9) қоян өсiрушiлердiң жиналыстарын, кеңестерiн өткiзуге жол берілмейді.
937. Қолайсыз шаруашылықта, пунктте атқарылуы тиiс жұмыстар:
1) барлық қояндардың толық есебiн жүргiзедi;
2) ауру жануарларды айырып алу үшiн, мұқият клиникалық тексеру жүргiзедi;
3) ауру және ауруға күдiктi жануарларды қан шығармай сою әдiсiмен сол тұрған жерiнде өлтiредi және өлексенi кәдеге жаратуға жiбередi;
4) аурудың профилактикасы және емдiк мақсатта, барлық қояндарды арнайы дайындалған иммундық сарысумен тиiстi нұсқамаға сәйкес егедi;
5) қалған шартты сау жануарларға вакцинация жүргiзiледi;
6) вакцина болмаған жағдайда, ауруды таратпау мақсатында, қолайсыз пунктте қояндарды жою қажеттігі жөнiнде сұрақты шешедi. Ауру қояндарды және туғанына 2 ай болмаған қояндарды қан шығармай сою әдiсiмен өлтiрiп терiсiмен қоса кәдеге жаратуға жiбередi;
7) ересек денi сау қояндарды қолайсыз пункттiң өзiнде шаруашылығықа етке сойылады, аурудың таралмауы қамтамасыз етiлiп, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың қағидалары сақталады және тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының бақылауымен жүргiзiледi;
8) қояндардың ұшаларын, етiн қайнатқан соң қолайсыз әкiмшiлiк аймағының аумағында шексiз пайдалануға болады, және басы, аяқтары, iшкi ағзаларын, қан және басқа өнiмдерiн күнi бұрын дайындалған дезинфекциялық заттармен өңделiп утильдейдi, күйдіреді немесе 1,5-2 метр тереңдiкте қазып көмедi;
9) серуендеу алаңдарына, жабдықтарға, сою пункттерiне және жануарлар орналасқан шаруашылығы субъектiлерi мен қоян ұстайтын азаматтардың қора-мал қораларына мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ дезинфекция жүргiзiледi;
10) елдi мекендi, азаматтарға қауiптi аурудың таралуы және шектеу қойылғандығы жөнiнде хабардар етедi;
11) ҮҚВГА-ны таратпау жөнiнде тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
12) базарларда, ет комбинаттарында, қояндарды союдан шыққан өнiмдердi өңдеу және дайындау кәсiпорындарында ветеринариялық-санитариялық қадағалауды күшейтедi;
13) үй қоянына арналған қораларға күнделiктi дезинсекция жүргiзедi (шыбындарды, масаларды және басқа жәндіктерді жояды).
938. Қолайсыз пунктте дайындалған қояндардың терiлерiн екi қабат тығыз залалсыздандырылған матамен орап, қатқаннан кейiн, қоймалар мен тоңазытқыштарда ұстамастан тiкелей, залалсыздандыру және өңдеу үшiн өңдеу кәсiпорындарына жiбередi.
939. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауыруы бойынша қолайсыз пункттерді шектеу қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін алынады.
87-тарау. Күзеннің вирустық энтериті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 87-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда