кездегі жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 959. Қоянның миксамотоз ауруының белгілері шыққан жағдайда шаруашылықта (елді мекенде) қызмет көрсететін ветеринария саласындағы маман осы жөнінде тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің ветеринариялық инспекторына тез арада хабарлауы тиіс.
960. Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттiк ветеринариялық санитариялық инспекторы болған жағдаймен хабардар болғаннан кейiн, миксоматозға диагноз қоюдың шарасын қарастырады, аурудың таралуын, қоздырғышы қайдан келгенiн және ауруды болдырмаудың іс-шаралар жөнiнде нұсқау бередi.
961. Алынған патологиялық материалды қолма-қол ветеринариялық зертханаға жібереді.
962. Қоянның миксоматоз ауруының диагнозы анықталғаннан кейiн шаруашылығы субъектiсiне шектеу қойылады.
2-параграф. Қоянның миксоматоз ауруын жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 963. Қолайсыз пунктте миксоматоз ауруын жою үшiн мынадай іс-шаралар атқарылады:
1) қоян шаруашылығы аумағынан кiре берiсте Қазақстан Республикасы және/немесе Евразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiсi бар дезбарьер орналастырады, үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қолайсыз ошақтарын болдырмас үшiн барлық шаралар қолданылады;
2) күнделiктi қораларға, орындарға шыбын, маса және басқа жәндіктерді құрту үшiн дезинсекция жұмыстарын жүргiзедi;
3) қояндарды күтушi-мамандар әр жұмысқа келген мезетте оларға қолайлы жұмыс киiмдерi және аяқ киiмдерi ауыстырылып берiлiп отырады;
4) басқа қоян бағатын шаруашылықтармен ара қатынасты тоқтата тұрады, автотранспорт қатынасын, заттарды, құрал жабдықтарды, жемшөпті және басқа заттарды тасымалдау тоқтатылады;
5) қызметшілердің киетiн жұмыс киiмдерi және аяқ киiмдерi пароформалиндiк камерада залалсыздандырады.
964. Жануарларды сол тұрған жерiнде сояды. Сойған немесе өлген қоянның денесiн терiсiмен қоса кәдеге жаратуға жiбередi. Қи, төсеніш, шөптің қалдығы, ыдыстар және құралдар өртеледі.
965. Сойылған қояндардың ұшасын қайнатқан соң пайдалануға жiбередi, iшкi ағзаларын күйдіреді немесе кәдеге жаратады.
966. Қоян терiсiн дайындайтын базарларда, мекемелерде ауру шыққанға дейiн және шектеу кезiнде қоян терiлерiн залалсыздандыруға жiбередi.
967. Қолайсыз пунктте барлық қалған аурудан қолайлы, клиникалық белгiлерi байқалмаған қояндарды миксоматоз ауруына қарсы вакцина егіледi, ауруды таралмас үшiн барлық кешендi ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды атқарады. Әрбiр мал басына ветеринариялық бақылау күнделiктi жүргiзiледi.
968. Қояндардың миксоматоз ауруы бойынша қолайсыз пункттерден шектеу қорытынды іс-шаралардан кейін алынады.
89-тарау. Етқоректілердің токсокарозы және токсаскаридозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 89-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы