жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 974. Соңғы диагноз белгіленген кезде ветеринария саласындағы маманы шаруашылық жүргізуші субъектiнің жетекшiсiмен және мал иелерiмен бірлесіп мынадай іс-шаралар кешенiн жүзеге асырады:
1) барлық ауру жануарларды оқшаулайды және жануарлардың экскремент жерлерiн дезинвазиялауды, дегельминтизациялауды жүргізеді;
2) серуендету аулаларын, ұстау орындарын мерзiмдi түрде механикалық тазалауды жүргiзедi.
975. Иттер мен мамық жүнді аңдарды емдеу үшiн, Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.
90-тарау. Етқоректі жануарлардың обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 90-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Қолайсыз пункттегi ет қоректі жануарлардың обасын жою бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 976. Етқоректiлердiң оба ауруына диагноз қойылған кезде шаруашылығы субъектiлерiне карантин қойылады.
977. Етқоректiлердiң обасынан қолайсыз аң өсiретiн шаруашылықтарда (ит питомниктерiнде) мынадай жою іс-шаралары жүргiзiледi:
1) барлық ауырған және оба ауруына күдiктi жануарларды жедел оқшаулайды және симптоматикалық емдеу жүргiзедi, ал қалған жануарларды (терiсi бағалы аңдар мен иттер) ережеге сәйкес вакцинамен егедi;
2) аң шаруашылықтарында және ит питомниктерiнде барлық күтушiлердi қосымша киiмдермен - халаттар, фартуктер және резина аяқ киiмдерiмен қамтамасыз етедi;
3) күтушi персоналдың киiмдерi күнделiктi залалсыздандырылып тұрады;
4) әрбiр ауру жануар бөлiнiп оқшауланған сайын торлар, үйшiктер, тордың астындағы топырақ және жәшiктер залалсыздандырылады. Оқшаулағышқа күнделiктi дезинфекция жүргiзiледi. Дезинфекция жасау үшiн Қазақстан Республикасы және/немесе Евразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық ерiтiндiлерiн қолданады.
5) қиды арнаулы бөлiнген аумаққа жинап биотермиялық залалсыздандыру үшiн үш ай ішінде жауып тастайды.
978. Өлген аңдардың немесе мұқият сойылған жануарлардың терiсiн тек оқшаулағышта сыпырады. Обадан өлген аңның өлексесiн, ұшаларын және құнсыз терiлерiн жағып жiбередi.
979. Ауру және ауырған жануарлардан алынған терiлердi 25-33 градуста температурада 3 тәулiк ішінде кептiредi және кейіннен 18-20 градус температурада он тәулiк ішінде ұстайды.
980. Қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін ет қоректiлердiң оба ауруынан қолайсыз пункттен карантиндi алады.
91-тарау. Балықтардың анизакидозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 91-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Балықтардың анизакидозын сауықтыру бойынша