2. ДӘріс тезистері



бет7/13
Дата17.03.2022
өлшемі0,53 Mb.
#28338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Дәріс тезистері-Электроника

Жоспар: 1. Гармониялық тербелістің генераторлары.

  1. RC- генераторлары. LC - генераторлары.

Генераторлар - тұрақты ток көзінің энергиясын тербеліс энергиясына айналдыратын құрал (латынша «өндіруші» деген мағынаны білдіреді). Электронды генератор дегеніміз – қажетті қуаты, жиілігі және пішініне сәйкес тұрақты токтың энергиясын периодты электрлік тербеліске айналдыратын құрылғы. Генераторлар – көптеген техникалық құрылғыларда қолданылады. Мысалы: заттарды қыздыру, кептіру, химиялық өңдеу, т.б. Сонымен қатар генераторлар көптеген өлшеуіш құралдардың құрама бөлігі болып табылады. Автоматтандырылған жүйелерде маңызды блоктар қызмет атқарады.

Радиотехникада, теледидарда алыс қашықтықтарға мағлұматтарды жеткізу үшін қолданылады. Генераторлар тербеліс түріне қарай (синусоидалы, тікбұрышты, ара жүзі тәрізді (1-сурет) және т.б.), жиілігіне қарай (төмен, жоғары, аса жоғары), тербелісті қоздыру тегіне қарай т.б. ерекше белгілеріне қарай түрлерге бөлінеді. Генераторларды мынадай сипаттамалармен бағалайды:



  1. жиілік диапозонына қарай;

  2. жиілігін дәл келтіру және оны жұмыс уақытында тұрақты ұстап тұру;

  3. шығыс кернеуі амплитудасының өзгеруі, тербеліс формасының ауытқу дәрежесі;

  4. сыртқы жүктемеге шығысындағы сигналдың параметрлерінің тәуелділігі.

1 сурет – Ара жүзі тәрізді кернеуі бар генератор

Генераторлар өндіру әдісіне қарай сырттан қоздырылатын және өздігінен қоздырылатын болып екі түрге бөлінеді.

Сырттан қоздырылатын генераторлар – олар қуат күшейткіштері болып табылады, оның кірісіне тербеліс көзі арқылы электрлік сигналдар беріледі.

Өздігінен қозатын генераторларды автогенераторлар деп атайды. Олардың құрамында тербеліс пайда болатын құрылғы бар. Мысалы: RC, LC тізбектері.



Генераторлар тұйықталған жүйеге жатады (2 сурет).


  1. энергия көзі

  2. күшейткіш элементтер

  3. тербелісті қалыптастырушы

  4. теріс кері байланыс

  5. оң кері байланыс.



2 сурет – Генератор сұлбасы
Энергия көзі ретінде – тұрақты тоқ түзеткіші немесе химиялық элементтер батареясы қолданылады. Күшейткіш элемент ретінде – транзисторлар, электр лампалар, т.б. қолданылады. Тербеліс қалыптастырғышқа LC контур мен RC тізбектері жатады. Теріс кері байланыс – күшейткіш элементтерінің параметрлерін тұрақтандырады және оның сипаттамасын жақсартады. Оң кері байланыс – генератор тізбегінде автотербеліс режимін қамтамасыз етеді.

Тербелмелі контур сыртқы тоқ көзімен қоздырылғанда онда тербеліс пайда болады. Тербелмелі контурдың активті кедергісі тоқ энергиясын жұтатындықтан, бұл тербеліс өшетін тербеліске жатады. Тербелмелі контурдың тербелісті ұстап тұру үшін жұтылған немесе шығындалған энергияны толықтырып отыруы қажет, бұл оң кері байланыс көмегімен орындалады. Кері байланыс сигналының фазасы тербелмелі контурының сигналының фазасымен дәл келу керек.

Автогенераторлардың жұмыс істеу принципі автоматты түрде энергияны толықтырып отыруға негізделген. Энергия үнемі тербеліс көздерінде шығындалып отырады. Мына шарттар орындалған жағдайда ғана тербеліс өңдіріледі:


  1. Күшейту коэффициенті мен кері байланыс коэффициентінің көбейтіндісі 1-ге тең болса, K· = 1

мұндағы К- күшейту коэффициенті К = Uшығ / Uкіріс,  - кері байланыс коэффициенті  = - UКБ/Uшығыс.

2. Кері байланыс тізбегінің шығысында тербеліс фазасы күшейткіш элементтерінің кірісіндегі тербеліс фазасымен дәл сәйкес келуі керек. Фазалар ығысуының қосындысы 0-ге тең болу керек: φКЭ + φКБ = 0

Бірінші шартымыз амплитуда балансы деп аталады. Егер ол шарт орындалмаса, онда тербеліс өшіп қалады. K· < 1, ал K· > 1 болса, амплитуда өсе береді.

Екінші шартымыз фазалар балансы деп аталады. Онда белгілі бір жиілік болған жағдайда фазалар сәйкес келген кезде ғана тербеліс пайда болады. Фазалар ығысуы үлкен болған кезде тербеліс тоқтайды. Шығысындағы тербеліс кірістегі тербелісті өшіреді. Осы екі шарт орындалған кезде тербеліс үздіксіз бір қалыпты автоматты түрде жалғаса береді.



Синусоидалы тербеліс генераторының түрлері көп. Мысалы: LC – контурлы генератор, ол жоғары жиілікті тербелістерді өндіреді, ал RC генераторы (3 сурет) төменгі жиілікті тербелісті өндіреді. LC контурлы генератор сапасы жоғары индуктивті катушка және конденсатордан тұрады.

3 сурет – Үш фаза жылжытқыш тізбегі бар RC генераторының схемасы






9


9 дәріс. Импульстік құрылғылар



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет