2. ДӘріс тезистері


“Дене тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен табиғи байланыста болып, тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамытуда маңызды міндеттерді атқарады



бет11/21
Дата20.12.2022
өлшемі312,5 Kb.
#58565
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

“Дене тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен табиғи байланыста болып, тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамытуда маңызды міндеттерді атқарады.

Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиемен де тікелей байланысты. Оның барысында баланың дене бітімі, қимыл – қозғалысына қатысты эстетикалық талғамы, бағалауы, көзқарасы қалыптасып дамиды. Дене жаттығулары қимыл-қозғалыстағы әсемдікті көре, бағалай білуге үйретеді және онда үйлесімділіктің болуына тәрбиелейді.

Сонымен қатар, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану ағзаның жалпы нығаюына көмектесіп, бұлшық ет, тыныс алу жолдары және жүйке тамырларын дамытады, барлық ішкі мүшелердің жұмысын жақсартады және қан алмасу процесін күшейтеді.

Дене тәрбиесі барысында әртүрлі дене жаттығуларын оны шынықтыру процесімен бірлікте тиімді пайдалану ағзаның бірқалыпты жетілуін қамтамасыз етеді (атмосфера қысымының ауытқуына байланысты дененің қызуы немесе салқындауы т.с.с), балалардың суық тию және тұмаурату жағдайын және кейбір жұқпалы ауруға тап болуын едәуір азайтады.

Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды. Дене тәрбиесінің міндеттеріне:




денсаулықты нығайту, ағзаны шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;


ақыл-ой және дене күштерінің жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;


дененің негізгі қимыл-қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдылық) қалыптастыру;


гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;


дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;


адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттілігі, қайсарлығы, табандылығы, жауапкершілігі, тәртіптілігі, ұжымшылдығы т.с.с);


дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;


дененің әрқашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеу т.с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет