2. ДӘріс тезистері


ұлттық ойындарды игеру және олардың пайда болу және даму тарихы мен танысу, әдіс-тәсілдерін білу



бет12/21
Дата20.12.2022
өлшемі312,5 Kb.
#58565
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21


ұлттық ойындарды игеру және олардың пайда болу және даму тарихы мен танысу, әдіс-тәсілдерін білу.





1

Дәріс 9 Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану барысындағы тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастырылу түрлерін, әдістері мен оқыту құралдарын таңдау

Тәрбие қағидаларын білу, педагогтардың тәжірибелік қызметте шығармашылықпен басшылыққа алуы көп қырлы тәрбиелік міндеттерді шешудің маңызды шарты болып табылады. Қағидалар талаптарынан ауытқу немесе оларды өмірде толық жүзеге асыру тәрбие жұмысының пәрменділігін төмендетуге әкеледі. Тәрбие қызметі жүзеге асырылатын осындай бастапқы басшылық ережелерге тәрбиелеу теориясы келесі қағидаларды жатқызады:
- ғылыми және мақсаттылық;
- қызмет барысында тәрбие;
- ұжымда және ұжым арқылы тәрбие;
- тәрбиелеуде жеке және сараланған көзқарас;
- талапшылдық пен тәрбиеленуші тұлғасына құрмет көрсету;
- тәрбиеленушілердің жеке басы мен ұжымындағы қолдаулар;
- тәрбиелік әсерлердің бірлігі, келісімділігі, сабақтастығы және жүйелілігі;
- тәрбиелеуші оқыту;
- тәрбие берудегі кешенді тәсіл;
- өмірмен байланысты тәрбие [Крилический, б.191].
Тәрбие үдерісінің мазмұны
Тәрбие – күрделі, көп құрамды үдеріс. Зерттеушілер оны әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, И.Ф. Харламов тәрбиелеу үдерісінде келесі құрамдас бөліктерді бөледі:
1. Моральдық нормалар мен ережелерді, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, тұрмыстағы, өндірістегі мінез-құлықты, патриотизмді тәрбиелеумен байланыстыратын адамгершілік тәрбие.
2. Кәсіби бағдарлауды еңбекке тәрбиелеу.
3. Тәртіп пен мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу:
- тәрбиедегі авторитаризм;
- еркін тәрбие (оның тұжырымдамасы: бала ересектер тарапынан арнайы көмексіз өзі дамуы керек, даму үшін оған тек қолайлы жағдай қажет);
- гуманистік тәрбие (педагог пен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру барысында дүниетаным ұстанымдарын жүзеге асыру, оның негізінде адамдарға құрмет, оларға қамқорлық жасау).
4. Эстетикалық тәрбие (адамды табиғатта және қоғамда әсемдікке тарту бойынша мақсатты және жоспарлы іс-әрекет).
5. Дене тәрбиесі.
6. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру: тұлғаның қоршаған ортаға қатынасы [Харламов, 1990].
И.П. Подласый (1999) тәрбие үдерісін гуманизм және мектептерді демократияландыру тұрғысынан қарастырады.
1. Тәрбие мақсатын іске асыру: адамның жан-жақты дамуы оның қабілетіне және дарындылығына сүйенеді, тұлғаның базалық мәдениетін, құқықтық, еңбек, діни, адамгершілік, дене, отбасылық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырумен байланысты.
2. Балалар мен ересектердің бірлескен қызметі (ынтымақтастық педагогикасы).
3. Адамның өз өмірінің құрылысшысы ретінде өзін-өзі анықтауы.
4. Тәрбиенің жеке бағыты.
5. Тәрбиенің еріктілігі.
6. Ұжымдық бағыт: ұжым-жеке тұлғаны ұжым арқылы басудың құралы емес, тұлғаның рухани және адамгершілік күшін көтерудің құралы.
Осылайша, жақсы ұйымдастырылған тәрбие адамды үш басты рөлді орындауға дайындау керек: азамат, қызметкер және отбасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет