2. ДӘріс тезистері



бет5/21
Дата20.12.2022
өлшемі312,5 Kb.
#58565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
тезис дене шынықтыру және спорт педагогикасы мен психологиясы (1)

Білім беру модельдері
Білім берудің негізгі модельдерін қарастырайық.
Білім беру моделі мемлекеттік-мекемелік ұйым ретінде. Бұл жағдайда білім беру жүйесі мемлекеттік билік құрылымдарымен халық шаруашылығының басқа да салаларына дербес бағыт ретінде қарастырылады. Ол білім беру жүйесінің нақты шеңберінде білім беру мақсаттарын, мазмұнын, оқу орындарының тізбектемесін және оқу пәндерін қатаң орталықтандырылған анықтаумен мекемелік қағидасы бойынша құрылады. Бұл ретте оқу орындары әкімшілік немесе арнайы мекемелерге бағынады және бақыланады.
Білім берудің дамушы моделі (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов және т.б.) білім беруді ұйымдастыруды, әртүрлі деңгейлі үлгідегі және деңгейдегі білім беру жүйесі қызметімен кең қоғамдасу арқылы ерекше инфрақұрылым ретінде болжайды. Мұндай құрылым халықтың әртүрлі топтарының білім беру қызметтеріне қажеттілігін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Білім берудің дәстүрлі моделі (Ж.Мажо, Л.Кро, Ж.Капель, Д.Равич, Ч.Финн және т.б.) – жүйелі академиялық білім беру моделі – жас ұрпаққа өткен мәдениеттің әмбебап элементтерін беру тәсілі. Дәстүрлі тұжырымдамаға сәйкес білім беру жүйесі дербес жоғары дәрежелі білімді, құндылықтар мен шеберлікті өз бетінше меңгеруге мүмкіндік беретін базалық білімді, біліктілік пен дағдыларды (қалыптасқан мәдени-білім беру дәстүрі аясында) қалыптастыру міндетін басым түрде шешуі тиіс.
Білім берудің рационалистік моделі (ақыл-ой талабы) (Б.Блум, Б.Скиннер) адамның қазіргі қоғамға бейімделуін қамтамасыз ететін оның ұйымдастырылуын көздейді. Мектеп – «білім беру конвейері» және осы конвейерде оқыту үшін арнайы іріктелген мәдени құндылықтарды көрсету болады. Мұғалім мен оқушы қызметінің мұраты – нақты көшірме, алгоритмді орындау. Оқыту мен оқудың шығармашылық сипаты талқыланбайды, ол жай ғана сөз. Тәрбиеленушілерде (оқушыларда) алдын ала әзірленген және қоғамның әлеуметтік қағидаларына, талаптары мен үміттеріне сәйкес өмір сүру үшін қажетті бейімделген «мінез-құлық репертуары» әзірленеді.
Білім берудің феноменологиялық моделі (Р.Бернс, К.Роджерс) білім алушылардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін, олардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жеке сипатын болжайды. Білім беру мазмұны адамның генотипіне сәйкес келуі тиіс. Өзін-өзі тану (таңдау жағдайы) және педагогикалық үрдістің әрбір қатысушысының бірегей дамуын қолдау үшін алғышарттар жасау міндетті шарт болып табылады.
Білім берудің интитуттық емес моделі (П.Гудман, И.Иллич, Ж.Гудлэд, Ф.Клейн, Дж.Холт, Л.Бернар және т.б.) әлеуметтік институттардан, атап айтқанда мектептер мен жоғары оқу орындарынан тыс білім беруді ұйымдастыруға бағытталған. Бұл «табиғатта», Internet желісінің көмегімен, «ашық мектептер» жағдайында білім беру, қашықтықтан оқыту және т.б.



1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет