Дәріс 3 Дене шынықтыру және спорт саласындағы заманауи маманның қызметіне қойылатын талаптар
Дене шынықтыру және спорт бакалаврының түсінігі болуы керек;
- табиғат, қоғам, танымының жалпы заңдары, тарихи шарттылықтыры, адамгершілік талаптары мен нормалары туралы, көркем шығарма мен өнерді қоғамдық тарихи құбылыс ретінде қабылдай отырып, оның мүмкіндіктерін спортты ізгілендіруге пайдалану;
- әлемтанудың ғылыми, философиялық, діни негізін, адам өмірінің мәні, өзінің және тұтас қоғамның денсаулығын сақтау туралы, дене шынықтыру мен спорттың қоғам өмірі мен мәдениетіндегі рөлі туралы мәселелерді адам тұлғасының дене тәрбиесіндегі, денсаулықты нығайтудағы рухани адамгершілік негізінің құралы ретінде қарастыру;
- дене шынықтыру мен спорттың адамгершілік, отанға деген сүйіспеншілігін, бүкіл халықтарға деген құрмет сезімінің тәрбиелік және білімдік маңызы, спорттық басқа елдермен қарым - қатынастағы рөлі.
- дене тәрбиесі сабақтары мен оқу- жаттығу және жарыс барысындағы тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, ұстанымдары, құралдары, әдістері және түрлері туралы;
БІЛУІ КЕРЕК:
- ақпаратты компьютерлік әдіспен жинау, сақтау және өңдей отырып, бұл біліктіліктерді өзінің кәсіби қызметінде пайдалану;
- шет тілдердің бірінен лексикалық минимумды меңгере отырып, диалог, әңгімені жалпы және кәсіптік сипатта жүргізуі, дене шынықтыру мен спорт саласындағы әдебиеттерді аудара алуы;
- дене шынықтырудың жалпы және ерекшелік қызметтері, дене шынықтырудың қоғамдағы әртүрлілігі мен құрылымы, дене тәрбиесінің негізгі жақтарының мақсатқа бағытталуы;
- дене шынықтырудың бала тәрбиесі жүйесіндегі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, жастар, орта және егде жастағы адамдарды тәрбиелеудегі рөлі;
- спорттың мәні, оның қызметі, түрлері, қоғамдағы қызмет ету жағдайлары, даму бағыттыры, спорттық дайындық және жарыстар жүйесінің негіздері, спортшыларды көпжылдық дайындаудың негізгі сатылары мен кезеңдері;
- дене шынықтыру мен спорт туралы теориялық зерттеулерді қорытындылау логикасын, ғылыми - зерттеулерге деген жалпы ғылыми және бірлескен көзқарасын ;
- дене шынықтыру сабақтарының медициналық - биологиялық және психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері, мектептердегі көпшілік және базалық спорт түрлерін жетілдіру;
- дене шынықтыру мен спортты басқарудың жүйелері, қызметтері, теориялық, эономикалық, құқықтық және ұйымдастыру негіздері, дене шынықтыру мен спортты ғылыми тұрғыда басқару мектептері және оның қазіргі модельдері;
- спорт түрлеріне арналған кешендер мен дене шынықтыру қондырғыларын құру ұстанымдары, теориялық негіздері, жоспарлауды есептеу және орналастыру туралы;
- қазіргі кәсіби спорттық құқықтық негіздері мен даму ерекшеліктерін;
- қазақ халқы мен басқа халықтардың этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын;