Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Тест
1. Сентиментализмнің романтикалық тенденцияларға жол берген кезең:
А) ХҮІІІ ғасырдың 80-90 жылдары
В) ХҮ ғасырдың 30-50жылдары
С) ХІХ ғасырдың 50-60жылдары
Д) ХІ ғасырдың соңы
Е) ХХ ғасырдың басы
2. Этимологиялық жағынан латын тілінде «үлгілі» деген мағына білдіретін сөзбен байланыстағы әдеби бағыт:
А) Классицизм
В) Сентиментализм
С) Барокко
Д) Реализм
Е) Романтизм
3. Жағымды қаһармандар ретінде барша адамзат азаттығы үшін күрескерлерді бейнелеген бағыт:
А) Төңкерісшіл романтизм
В) Ағартушы реализм
С) Симболизм
Д) Классицизм
Е) Сыншыл реализм
4. Әдеби туындының ақиқат өмірге қатынасын анықтауға бағытталатын әдебиеттануға тән категория:
А) реализм
В)символизм
С) сентементализм
Д)параллелизм
Е)формализм
5. Типтендіру қандай көркемдік әдіске тән заңдылық?
А) Реализм
В) Модернизм
С) Романтизм
Д) Классицизм
Е) Сентиментализм
Сұрақтар:
Реализм-көркемөнер салаларына ортақ көркемдік әдіс.
Әлем әдебиетіндегі реализм көркемдік әдісінің антикалық дәуір мұраларындағы көріністері.
Реализм көркемдік әдісінің орта ғасырлар әдеби шығармаларындағы сипаты(жалпы түркілік және еуропалық әдебиеттер бойынша).
|