Филологиялық тәсіл әдеби мәтіннің канондық түрін жасау, шығарманың жазылған-жарияланған мезгілін, әдеби деректер-дің өмірдегі негізін анықтау мәселелеріне молынан көңіл аударды (Г.Пауль т.б.)
Мифологиялық мектеп әр әдеби шығарманың негізінде миф жатады деп есептеді. Дегенмен бұлар фольклор мен салыстырмалы фольклористиканы дамытты (Ағайынды Гриммдер, Миллер, Батюшков, Буслаев).
Психологиялық тәсіл әдеби құбылысты болмысқа тәуелсіз рух жемісі деп есептеп, әдеби бейне әншейін тұспал, символ десті. Шығармашылық психологиясын зерттеуді тереңдетті, әдеби характерді талдауға көп мағына берді. Өкілдері : А.Потебня, Э.Эннекен, Горнфелбд. «Вопросы теории психо-логии творчества» деген 8 томдық еңбекте олар А.Потебняның көзқарастарының ізімен өз ойларын сабақтады. Шығарма-шылық жұмысында маңыздысы - өзіңді бақылау, ол – шын-дықты танудың кілті. Әр шығарма өмірбаяндық, себебі ол суреткердің психологиясы, соның ой-толғамдарының нәтижесі. Адам өз жанынан артық өзгенің жанын бақылай алмайды, сондықтан өмірбаяндық деректер негізгі материал деп санады.