2. ДӘріс тезистері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет28/31
Дата31.12.2021
өлшемі69,05 Kb.
#23012
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Әдебиеттану дәрістер

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Әдеби үрдіс туралы түсінік



  1. Әдеби процесс – көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін методологиялық әдіс

3. Дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығы

4. Стиль – суреткердің дара шеберлігі, қолтаңбасы

3. Әдебиеттану мен тіл білімі салаларына ортақ стиль мәселелері

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Әдеби даму, әдеби процесс деген ұғымдар өзара мәндес, мағыналас. Екеуі де белгілі бір ұлт, халықтың, кеңірек алсақ, әлем әдебиетінің күнделікті немесе белгілі бір кезең, дәуірлердегі өсу, жетілу, даму сипатына қатысты ұғымдар. Әдеби даму десек, күнделікті әдеби процесс, күнделікті әдебиеттің көркемдік даму мәселесі ұғынылады. “Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы”. Әдеби процесс әдеби даму сипатын көрсетеді. Бұл әр кезеңнің өзіне тән әдеби дамуы, өзіндік ерекшеліктері болады деген сөз. Әдеби процестің ерекшеліктері қоғамдық жағдайларға, әдебиеттің жалпы қалыптасу, даму деңгейіне, ақын-жазушылардың шығарма-шылық-көркемдік ізденістеріне де байланысты. Бүгінгі әдеби процесс немесе даму өзінің жетістік-кемшіліктерімен күні ертең ұлт әдебиеті тарихының жарқын бір тарауына айналады. Әдеби дамудың тарихи сипаты бар. Бұл әдебиеттің, жалпы өнердің дамуы, өсіп-өркендеуі қоғамдық тарихи жағдайларға байланысты деген сөз. Өйткені өнер – қоғамдық құбылыс.



Әдеби үрдіс - әдебиеттанудың, поэтика мен эстетиканың бәріне ортақ көркемдік категориясы. Әдеби үрдіс көркемдік әлемінің қозғалысы мен дамуын зерттейді. Әр халық әдебиеті әрбір тарихи дәуірде түрлі халде дамиды. Сондықтан әдеби үрдіс дегеніміз – белгілі бір дәуірде, белгілі бір кеңістіктің түрлі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы. Бүл термин, әдеби процесс атауы ХХ ғасырдың басында, 20-30 – жылдары пайда болып, 60 жылдар-дан бастап ұдайы қолданыста. Әдеби үрдіс әдебиетті зерттеу ісінде суреткер шығармаларының көркемдік деңгейіне зер сала қарайды. Жеке қаламгерлер, яғни тұлғалар әдеби үрдісте өзіне дейінгі құндылықтарды өзгерте, дамыта келіп, әдеби үрдіс сапында жалғастырушы, кезеңдік, жаңартушы қызметін атқарады. Көркемөнерде жаңалықтар өзіне дейінгі мұраны жоймайды, ондағы кейбір элементтерді дамыта келіп, жаңаша көркемдік ашылымдармен ұштастырады. Мәселен, «адамзаттың Айтматовы» шығармаларындағы мифтік элементтер, «Абай жолындағы» фольклорлық дәстүрлер, І.Есенберлиннің «Көшпенділеріндегі» аңыздық баяндаулар.

Әдебиеттану ғылымының даму тарихы көркем әдебиетті зерттеудің көптеген әдіс-тәсілдеріне, мектептеріне бай.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет