2. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы. Экология ғылымының бөлімдері. Экологиялық факторлар және олардың түрлері


Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы



бет3/6
Дата08.12.2023
өлшемі35,64 Kb.
#134994
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 apta

Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы

Экология ғылымы - күрделі де көп қырлы. Қазіргі таңда экология ғылымын көп салалы ғылымдар жүйесі деп қарастыруға болады. Мұнда шартты түрде бірнеше үлкен бағыттарды: биоэкология (жалпы экология), геоэкология, қолданбалы экология, адам экологиясы, әлеуметтік экология деп ерекшелеуге болады.


Қазіргі кезде экология ғылымы - жаратылыстану, техникалық және қоғамдық құбылыстарды біріктіретін пәнаралық білім. Сондықтан экологияның барлық бағыттарының іргетасы негізінде биоэкология идеялары жатыр.
Биологиялық жүйелерді зерттеу бойынша биоэкология:

  • аутэкология (особътар және организмдер экологиясы);

  • демэкология (популяциялар экологиясы);

  • эйдэкология (түрлер экологиясы);

  • синэкология (қауымдастықтар экологиясы);

  • биогеоценология (экожүйелер туралы ілім);

  • ғаламдық экология (биосфера экологиясы) болып бөлінеді.

Органикалық әлемнің ірі систематикалық категорияларына сәйкес биоэкологияны:

  • микроорганизмдер экологиясы;

  • саңырауқұлақтар экологиясы;

  • өсімдіктер экологиясы;

  • жануарлар экологиясы деп бөледі.

Белгілі бір таксономиялық топтарды зерттеу үшін айтылған систематикалық категориялар ары қарай да бөлініп кете береді, мысалы: құстар экологиясы, насекомдар экологиясы, күрделі гүлділер экологиясы, жеке түрлердің экологиясы және т.б. Экологиялық әдістерді ботаника, зоология немесе микробио­логияның кез келген таксонына қолдану қосымша жалпы эколо­гияны да дамытады. Мысалы, Солтүстік теңізде устрицаның бір түрінің экологиясын зерттеу арқылы неміс гидробиологы К. Мебиус жаңа экологиялық ұғым – биоценозды ғылымға енгізді.
Жалпы экология (экзоэкология) – тірі материяның жоғары: организм, популяция, түр, биоценоз, биогеоценоз, биосфера деңгей­ле­рін зерттейді.
Жалпы экологияны бұлай қарастыру экология ғылымын әртүрлі дәрежедегі биологиялық жүйелердің пайда болу, даму, тіршілік ету заңдылықтарын, олардың қоршаған орта жағдай­ларымен қатынастарын қоса түсінуге мүмкіндік береді.
Тірі материяның бірігу ерекшеліктеріне сәйкес жалпы экология жеке бірнеше бөлімдерден тұрады: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология және т.б.
Жалпы экологияның негізінде: экологиялық морфология, эколо­гия­лық физиология, экологиялық систематика, экология­лық генетика, биохимиялық экология, палеоэкология сияқты жаңа пәндер пайда болды. Бұл деңгейлерді экологияның жеке бөлімі – эндоэкология зерттейді. Бұған сондай-ақ молекулярлық экология, клеткалар экологиясы, ұлпалар экологиясы және т.б. ғылым­дар кіреді.
XX ғасырдың соңына қарай экологияда жаңа бағыт – геоэкология дами бастады. Геоэкология қоғамдық, техникалық және жаратылыстанудың көптеген бағыттарымен тығыз байланыста жеке ғылыми бағыт ретінде дамуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет