2. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы. Экология ғылымының бөлімдері. Экологиялық факторлар және олардың түрлері



бет5/6
Дата08.12.2023
өлшемі35,64 Kb.
#134994
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 apta

1. Бәрі барлығымен бaйлaныcты – зaңдa хoлизмнің (тұтacтықтың) экoлoгиялық принциптeрі көрceтілгeн;
2. Бaрлығы жoғaлуы тиіс – зaңдa зaттaрдың тұйық aйнaлымының қaжeттілігі жәнe биocфeрaның тұрaқты тіршілігін қaмтaмacыз eту турaлы aйтылғaн;
3. Тaбиғaт жaқcы «білeді» – зaңның eкіжaқты мaғынacы бaр – тaбиғaтпeн үйлecімді тіршілік eтугe жәнe тaбиғи жүйeлeрмeн өтe caқ қaрым-қaтынac жacaуғa шaқыру;
4. «Eштeңe тeктeн-тeк кeлмeйді» – зaңдa қaндaй дa бір жaңa жeтіcтіккe қoл жeткізу бұрынғы бoлғaн жeтіcтіктің жoғaлуымeн қaтaр жүрeтіні турaлы aйтылaды.
Қазіргі кезде Б. Коммонердің заңдарынан басқа мамандар экологияның тағы бір «заңын» шығарды – «бәріне жетпейді» (ресурстардың шектеулігі заңы). Қоректік заттар массасы Жер бетіндегі барлық тіршілік формалары үшін шектеулі екені, оның бәріне бірдей жете бермейтіні белгілі. «Бәріне жетпейді» – бәсекелестіктің барлық формаларының, табиғаттағы және өкінішке орай қоғамдағы бақталастық пен антагонизмнің көзі.

Экология ғылымында жиі айтылатын ұғымдар:


Популяция – бір-бірімен және қоршаған ортамен байланыста, белгілі бір ареалда тіршілік ететін, морфологиялық, физиологиялық, генетикалық және географиялық критерийлері ұқсас, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяциялардың пайда болуын, популяция ішіндегі топтарды, олардың қарым-қатынастарын, санын, өзгеруін және динамикасын демэкология саласы зерттейді. Популяция ұғымын ғылымда алғаш рет дат генетигі В. Л. Иогансен қолданды.
Түр – белгілі бір ареалда тіршілік ететін генофоны ортақ, бір-бірімен шағылысып өнімді ұрпақ беретін, морфо-физиологиялық белгілері ұқсас популяциялар жиынтығы.
Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп, биоценоз (грекше bios - өмір, тіршілік, koinos - жалпы, ортақ) немесе қауымдастық түзеді. Биоценоз – бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер топтары. Бұл ұғымды 1877 жылы неміс зоологы Карл Мебиус ұсынды.
Биогеоценология (грекше bios - өмір, тіршілік, geo - жер, koinos - ортақ) – биогеоценоз ішіндегі экологиялық компоненттердің қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Биогеоценоз - биоценозбен өзара әсерде болатын атмосфера, гидросфера және литосфера бөліктері кіретін, яғни белгілі бір жерде тіршілік ететін тірі организмдер мен зат және энергия алмасу бойынша біріккен жер беті учаскесі. Биогеоценоз биосфераның элементарлық бірлігі болып табылады. Биогеоценоз көбіне «экожүйе» терминінің синонимі ретінде қолданылады. Бірақ бұл ұғымдар бір-біріне сәйкес келе бермейді. Биогеоценоз ұғымын ғылымда 1944 жылы академик В. Н. Сукачев қолданды.
Экожүйе (грекше oikos - үй, баспана, systema - бірігу) – бір-бірімен қарым-қатынастары заңдылық деп қарастыруға болатын, бірге тіршілік ететін әр түрге жататын организмдер топтары мен олардың тіршілік ету жағдайларының жиынтығы, яғни зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорга­никалық компоненттер жиынтығы. Экожүйе ұғымын 1935 жылы ағылшын ботанигі А. Д. Тенсли ұсынды.
Тірі организмдер қарым-қатынаста болатын Жердің барлық экожүйелерінің (атмосфера, гидросфера, литосфера) жиынтығы жердің ең үлкен экологиялық жүйесін – биосфераны (грекше bios – өмір, тіршілік, sphaira - шар), яғни «тіршілік аймағын» құрайды. Биосфера ұғымын алғаш рет ғылымда ХIХ ғасырда француз ғалымы Ж. Б. Ламарк, ал кейін термин ретінде австра­лия­лық ғалым Э. Зюсс (1875 ж.) қолданды. Биосфера ғылыми ілімін ары қарай жетілдірген орыс ғалымы В. И. Вернадский болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет