2. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы. Экология ғылымының бөлімдері. Экологиялық факторлар және олардың түрлері


Экологиялық оқиғалардың күнтізбесі (Г. С. Розенберг бойынша)



бет2/6
Дата08.12.2023
өлшемі35,64 Kb.
#134994
1   2   3   4   5   6
Экологиялық оқиғалардың күнтізбесі (Г. С. Розенберг бойынша)



Жылдар

Автор

Мемлекет

Экологиялық ақпарат

б.э.д. VI-IV ғасырлар




Ертедегі Үндістан

«Махабхарата» және «Рамая­на» эпикалық поэмаларында шама­мен жануарлардың 50 түрінің тіршілік ету ерек­шеліктері келтірілген

б.э.д. 490-430 жж.

Эмпедокл

Ертедегі Греция

Өсімдіктің қоршаған ортамен байланысын қарастырды

б.э.д. 384-322 жж.

Аристотель

Ертедегі Греция

«Жануарлар тарихы» - жануарлар классификациясы

б.э.д. 371-280 жж.

Теофраст



Ертедегі Греция

«Өсімдіктер туралы зерт­теулер» - 500-дей өсімдікке сипаттама жасады

б.э.д. 79-23 жж.

Үлкен Плиний



Ертедегі Рим

«Табиғи тарих» - ботаника, зоология орман шаруашылығы бойынша мәліметтерге толық­тырулар жасады.

1749 ж.

К. Линней

Швеция

Систематиканың негізін қалады

1749 ж.

Ж. Бюффон

Франция

«Табиғи тарих» - түрлердің өзгеруіне қоршаған орта әсері туралы идеялар айтылды

1798 ж.

Т. Мальтус

Англия

Популяция өсуінің геометрия­лық (экспоненциалдық) теңде­уін ұсын­ды. Популяция өсуінің алғашқы математика­лық моде­лінің негізін жасады

1802 ж.

Ж. Б. Ламарк

Франция

«Биология» терминін ұсынды. Биосфера туралы концепция­ның негізін қалады

1836 ж.

Ч. Дарвин

Англия

Бүкіл Жер шарына саяхат, «Түр­лердің шығу тегі...» еңбе­гіне енген экологиялық сипаттамалар

1840 ж.

Ю. Либих

Германия

«Минимум заңын» тұжырым­дады

1845 ж.

А. Гумбольдт

Германия

Бес томды «Космос». Өсім­діктер мен жануарлардың тара­луына географиялық аймақтың әсері

1866 ж.

Э. Геккель

Германия

«Экология» ұғымын ұсынды

1870 ж.

Г. Спенсер

Англия

«Социологияны зерттеу» - адам экологиясының негізін салды

1875 ж.

С. Зюсс

Австрия

«Биосфера» ұғымын ұсынды

1877 ж.

К. Мебиус

Германия

Тірі организмдердің қауым­дас­тығы - «биоценоз» ұғымын ұсынды

1895 ж.

Е. Варминг

Дания

Алғаш рет «экология» ұғымын өсімдіктерге қатысты қолдан­ды, «тіршілік формалары» ұғымын ұсынды

1903 ж.

К. Раункиер

Дания

Өсімдіктердің тіршілік форма­ла­ры туралы классификация құрды

1910 ж.

В. Шелфорд

АҚШ

Толеранттық заңын тұжырым­дады.

1915 ж.

Г. Н. Высоцкий

Ресей

«Экотоп» - тіршілік ету орны ұғымын ұсынды

1915 ж.

И. К. Пачосский

Ресей

«Фитоценоз» - өсімдіктер қауым­­­дастығы ұғымын ұсынды

1918 ж.

Х. Гамс

Швейца­рия

«Биоценология» - тірі орга­низм­дер қауымдастықтары тура­­лы, «Фитоценология» - өсімдіктер қауымдастықтары туралы ғылым ұғымдарын ұсынды

1926 ж.

В. И. Вернадский

КСРО

«Биосфера» - тірі заттың ауқымды қызметін анықтады

1927 ж.

Э. Леруа

Франция

«Ноосфера» ұғымын ұсынды

1933 ж.

Д. Н. Кашкаров

КСРО

«Орта және қауымдастық», «Жануарлар экологиясы негіз­дері» - экологиядан алғашқы КСРО оқулықтарын жарыққа шығарды

1935 ж.

А. Тенсли

АҚШ

«Экожүйе» ұғымын ұсынды

1939 ж.

К. Тролль

Германия

Жаңа «Ландшафт экологиясы» ғылыми бағытының негізін қалады

1942 ж.

В. Н. Сукачев

КСРО

«Биогеоценоз» ұғымын ұсын­ды. Биогеоценологияның негі­зін қалады

1942 ж.

Р. Линдеман

АҚШ

Трофикалық (қоректік) деңгей­лер және «энергия пирами­дасы» туралы түсініктерді дамытты (10% ережесі)

1963 ж.

В. Б. Сочава

КСРО

«Геожүйе» ұғымын ұсынды

1971 ж.

Б. Коммонер

АҚШ

Экологияның төрт заңын тұжырымдады

1994 ж.

Н.Ф. Реймерс

Ресей

«Экология»: заңдары, ереже­лері, принциптері және «үлкен экология» гипотезалары

Қазіргі таңда экология ғылымы зерттелетін объектілердің ерекшеліктеріне, әдістеріне байланысты бірнеше бөлімдерден тұрады:
АУТЭКОЛОГИЯ (грекше autos - өзім) – жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Аутэкология ұғымын алғаш рет 1896 жылы Шретер особьтар экологиясы үшін қолданды. Аутэкология алдымен организмдердің (особътардың) өлі материядан айырмашылы­ғын: зат алмасу, көбею, өзгергіштік және тұқымқуалаушылық, өсуі мен дамуы, тітіргенгіштігі, қозғалысы және бейімделушілік қасиеттері бар тіршілік иелері ретінде қарастырады. Аутэколо­гияның міндеті – түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдай­ларға (ылғал, жоғары және төменгі температураға, ортаның тұздылығы) физиологиялық, морфологиялық және т.б. бейімделуін анықтау. Соңғы жылдары аутэкологияда жаңа бағыт - орта ластануының әсеріне организмнің жауап қайтару тетіктерін қоса зерттеу пайда болды.
ДЕМЭКОЛОГИЯ (грекше demos - халық) немесе популяциялар экологиясы – қоршаған орта факторларының популяцияға әсерін, популяция санының өзгеруін зерттейді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биология­лық құрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы және т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәлімет­терді қарастырады.
Эйдэкология (грекше eidos – түр) – түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі тұрғысында қарастырады. Өйткені особъ, популяция белгілі бір нақты түрлердің өкілдері. Сондықтан эйдэкология – особъ, популяция, түр, биоценоз, биогеоценоз (экожүйе), биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар туралы зерттеулер жүргізеді.
СИНЭКОЛОГИЯ (грекше syn – бірге) немесе қауымдастықтар экологиясы (биоценология) – биоценоз түзетін әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер популяция­ларын, олардың түзілуін, дамуын, құрылымын, өзгеруін және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді.
Осы бағыттардың негізінде жаңа, жалпы биосфераның мәселелерін қарастыратын – ғаламдық экология, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынастары мәселелерін қарастыратын – әлеуметтік экология сияқты бағыттар пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет