2. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы. Экология ғылымының бөлімдері. Экологиялық факторлар және олардың түрлері



бет6/6
Дата08.12.2023
өлшемі35,64 Kb.
#134994
1   2   3   4   5   6
Экологиялық факторлар, түрлері

Организмге әсер ететін кез келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар тірі организмдердің тіршілігіне, санына (молды­ғына), географиялық таралуына тікелей немесе жанама әсер етеді.


Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер етуі бойынша әртүрлі. Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа бөледі – абиотикалық, биотикалық және антропогендік (немесе антропикалық).
Абиотикалық факторлар – тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық (температура, ауа қысымы, жел, ылғал, жарық т.б.), атмосфералық (атмосфераның химиялық құрамы), топырақ (эдафикалық), геоморфологиялық, гидрологиялық және басқалары жатады.
Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері. Олар түріші және түраралық болып бөлінеді. Түріші факторларына – демогра­фиялық, этологиялық (мінез-құлық), бәсекелестік және т.б. жатады. Ал түраралық факторларға популяциялық деңгейдегі әртүрлі теріс әсерлер (бәсекелестік, аменсализм) және оң әсерлер (коммен­сализм, мутуализм, симбиоз) жатады. Сондай-ақ түрлер арасындағы қарым-қатынастарда екі топқа да жататын әсерлер (жыртқыштық, паразитизм) болуы мүмкін. Бұл әсерлер өсімдіктер (фитогенді), жануарлар (зоогенді), саңырауқұлақтар және микроорганизмдер тарапынан болуы мүмкін. Тірі организмдер қорек (өсімдіктер – фитофаг-жануарлар үшін, жануарлар – жыртқыштар үшін), тіршілік ету ортасы (паразит­тер үшін – иесі, эпифиттер үшін – ағашты өсімдіктер) рөлін атқара отырып, көбеюге (өсімдіктер тозаңдатқыштары) немесе бір-біріне химиялық, физикалық және басқа да әсері болуы мүмкін. Биотикалық факторлар: тікелей – бір организмдердің екінші бір организмдерге тікелей әсері (кейбір өсімдіктердегі паразитті шырмауықтар) және жанама (қорша­ған өлі табиғаттың өзгеруі арқылы) болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп, төмендегі өсімдіктерге жарықты аз өткізіп, басқа шөптесін өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Кейбір өсімдіктер зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар (фитонцидтер, гликозидтер, эфир майлары) бөлу арқылы әсер етеді. Мұны аллелопатия деп атайды (бидайық тамырсабағы арқылы топыраққа токсиндер бөліп, мәдени өсімдіктердің тұқымының өнуін нашарлатады немесе арам шөптердің мәдени дақылдардың өсуіне кедергі жасауы).
Антропогендік (антропикалық) факторлар – адамның қатысуымен қорша­ған ортаға, организмдердің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануар­ларға тікелей әсер ету. Антропо­гендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болды (парникті эффект, қышқыл жаңбырлар, ағашты ормандардың көптеп қырқылуы, шөлдену, ортаның улы заттармен ластануы, т.б.).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет